Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кітапхананың каталогтар жүйесі

Автор:   •  Август 24, 2022  •  Курсовая работа  •  8,883 Слов (36 Страниц)  •  340 Просмотры

Страница 1 из 36

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Мәдениет және өнер факультеті

«Хореография және мәдени-тынығу жұмысы» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кітапхананың каталогтар жүйесі.

    Кітапхана ісі - 6В03201

                                                   

                         

                                                        Орындаған: БД-31 топ студенті Ақбулат Д.Қ.

                                                     Тексерген: аға оқытушы Сатагалиева С.М.

Орал, 2022 ж.

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................... 3

1. Кітапхана каталогтарының тарихы

1.1. Алфавиттік және жүйелік каталогтардың құрылуы және безендірілуі............................................................................................................. 6

1.2. Алфавиттік және жүйелік каталогтарды ұйымдастыру және жүргізу....................................................................................................................12

2. Электрондық каталогтың қазіргі жағдайдағы маңызы

2.1. Электрондық каталогтың құрылымы...........................................................18

2.2. Электрондық каталогта іздеу жұмысы...................................................................................................................23

Қорытынды ...........................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................30

Қосымша

Кіріспе

Бүгінгі таңда ақпараттық қоғам немесе білім қоғамын құру ел дамуының стратегиялық ресурстары ретінде Қазақстан дамуындағы аса маңызды мақсаттардың бірі болып табылады. Осы пікірлер қоғам дамуында кітапхана саласына берілетін ерекше рөлді растай түседі. Кітап – адамзат руханиятының алтын сандығы. Әр ұлт өз тарихында жинақталған барлық тағылым-тәжірибесін, ақыл-ойының асыл қазынасын кітап арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Ал сол рухани байлықты шашау шығармай сақтайтын қазына қоймасы – кітапхананың ұлттық рухани өміріндегі мән-маңызы өлшеусіз.

Кітапхана каталогында адам танымына жақсы әсер ететін және оған нақты бір идеялық бағыт беретін баспа туындылары мен кітаптар көрініс алады. Сондықтан да, кітапханалардағы каталог қызметі тек бір баспа туындыларын іздестіру мен олар жөнінде хабарлама берумен шектелмейді. Кітапхана каталогтарының сонымен қатар, тәрбиелік, ағартушылық функцияларды орындау, кітаптарды насхаттап, оны тиімді пайдалану, оқырмандарға ғылыми және көркемдік жағынан бағалы туындыларды таңдауға көмектесу сияқты талаптарды жүзеге асыруда да айтарлықтай маңызды болып табылады.

Сонымен кітапхана каталогтары дегеніміз - кітап қорын жария ететін, оны насихаттайтын, кітап таңдауда оқырмандарға көмектесетін кітапхананың ғылыми-ақпараттық, мәдени-ағарту, тәрбиелік міндеттеріне сай оқу салаларына басшылық беретін белгілі бір тәртіппен жүйеленген кітаптардың, баспа туындыларының, тізбегі болып табылады. Кітапхана каталогтарын ұйымдастырудың тарихын, теориясы, әдістемесі және тәжірибесі туралы мәселелерді – кітапханатанудың құрамдас бөлімі болып табылатын ғылыми пән баспа туындыларын каталогтандыру зерттейді. Кітапханада каталогты ұйымдастыру оңай шаруа емес. Ол өз кезегінде, кітапханашыдан жоғары мәдениеттілікті, кітапты білуді, каталогтар жөнінде нақты білімді қажет етеді.

Каталогтар кітапхана қорын әр алуан тұрғыдан ашып көрсетеді және анықтамалық, ақпараттық-библиографиялық жұмыста кеңінен қолданылады. Кітап қорын барынша терең және жан-жақты түрде тек каталог қана айқындап береді.

Кітап сөрелерінде әдетте қордағы бүкіл кітап қойылмайды, сондай-ақ оқырманға қажетті әдебиеттің де үнемі орнында тұрмауы мүмкін және кітап сөрелерінде де кітаптар мазмұны әрқилы түрде жинақталуы мүмкін. Міне, осындай жағдайларда каталог мәні тағы айқындала түспек.

Каталог – кітапхананың негізгі анықтама және ақпараттық – іздестіру аппараты. Каталог – кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітаптарды тауып алуында, кітапхана міндеттерін шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының әрқилылығы каталогтаудың күрделі жүйесін құруды қажет етеді.

...

Скачать:   txt (138.1 Kb)   pdf (302.9 Kb)   docx (51.1 Kb)  
Продолжить читать еще 35 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club