Фразеологизмдердi зерттеудiн танымдык аспектiсi
Автор: anar.agybay • Ноябрь 3, 2022 • Статья • 1,402 Слов (6 Страниц) • 206 Просмотры
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ ТАНЫМДЫҚ АСПЕКТІСІ
Ағыбай А.Ә., магистр
Аңдатпа: Мақалада қазіргі жаңа парадигмаға сәйкес, фразеологизмдерді зерттеудегі танымдық аспектілеріне мән беріледі. Атап айтқанда, фразеологизмдер когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттану тарапынан қарастырылады. Сонымен қатар, фразеологизмдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі баламалары қарастырылады. Оның тұлға бойындағы әлемнің тілдік бейнесінің қалыптасуына әсері талқыланады.
Түйін сөздер: тіл, концепт, мәдениет, әлемнің тілдік бейнесі, фразеологизм, лингвомәдениеттану.
Қазіргі таңда халықаралық қатынастар аясында орын алып жатқан мәдениетаралық қатысымдарда әр ұлттың өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тілдік бірліктер арқылы, ұлттың мәдени танымын антропологиялық фактор арқылы қарастыру қажеттілігі туындауда. Осындай тілдік қарым-қатынастарда сөйлеген сөзіміз әсерлі, көркем болуы үшін және тыңдаушылардың назарын өзімізге аударуға септігін тигізетін – фразеологизмдер. Белгілі бір мәдениетті өзінің тілі сияқты ештеңе анықтай алмайды, ал қоғамның құндылықтары мен наным-сенімдірін қамтитын тілдік құралдары – оның идиомалары мен тұрақты тіркестері болып табылады. Тілдің фразеологиялық құрамы мәдени білімді жинақтайды және халықтың мәдени-тарихи тәжірибесін және тілдің даму ерекшеліктерін айқын көрсетеді.
Тіл мәдениеттің болмысын айқындайтын құрал ретінде қарастырылады. Тіл мен мәдениеттің өзaрa ұштaсуы тұлғаның әлемнің тілдік бейнесін қaлыптaстырaды. Әлем бейнесін тіл арқылы бейнелеуде концепт ретінде танылған ұғыммен мағыналық байланыста болатын фразеологизмдердің маңызы ерекше. Себебі фразеологизмдер ұлттың тұрмыс тіршілігін, өмірден алған сабақтарын, даналығы мен өнегелігін сипаттайды. Жоғары айтылғандарды ескере келе, гуманитарлы зерттеулерді когнитивті, лингвомәдени тұрғыдан қарастыру тенденциясы жүріп жатқаның айтып кеткен абзал.
«Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір өндеуден өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезінде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасу және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айғақтау үшін енгізілген. Демек, танымдық ғылым — адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріп, біздің санамызда белгілі бір жүйеге түсіріліп «жазылып», менталды, яғни танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай «жазылу» жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады (Ислам, 2004). Дәл осы когнитивті көзқарас аясында фразеологиялық бірліктің мағынасы конструкция ретінде ғана емес, тілдік сананың қасиеті, тіл кодының бірлігі, нақты ақпарат көзі ретінде қабылдана бастайды.
Филология ғылымының докторы, профессор, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Байынқол Қалиұлы, фразеологизмге – екі немесе одан да көп сөздердің тұрақты түрде тіркесуі арқылы жасалып, ауыспалы, бейнелі мағынаны білдіретін сөз тіркестері деген анықтама берді. Мысалы, соры сорпадай қайнады (бақытсыздыққа тап болды, қасіретке ұшырады) – көзі ашылды (сордан арылды, жолы ашылды, қолайлы жағдай туды), бетінен оты шықты (қызарды, қысылды, ұялды) – беті бүлк етпеді (ұялмады, бедірейіп тұрды, арсыздығын көрсетті), үміт етті (күдерін үзбеді, дәме қылды) – үмітін үзді (күдерін үзді, болады-ау деген ойынан шықпады), сабыр етті (шыдам, төзім білдірді, асығыстық жасамады) – дегбірі қалмады (шыдамсызданды, асып-састы) т.б.
Лингвистикалық тұрғыда грамматикалық формаларсыз сөздерді есте сақтау қиын. Сөз – материал болса, оның өкілі даяр тіркестер. Фразеологияның теориясында аса қажетті факторлар:
1. тіркестерде тұрақты лексемалардың болуы;
2. тұрақты грамматикалық формалардың сақталуы;
3. ассоцияцияның болу (Смағұлова, 2020).
Осы орайда, лингвистикадағы қазіргі танымдық бағытты алға тарта, филология ғылымдарының докторы Смағұлова Г.Н. өзінің «Қазақ фразеологиясы» атты монографиясында «когнитивтік фразеология» ұғымын ұсынып, оған фразеологизмдердің семантикасын тілдік жəне тілдік емес ақпараттар арқылы дүниені қабылдау, сонымен қатар, тіл иесінің менталдық болмысының ерекшеліктерін терең, жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді деген сипаттама берді. Яғни ұсынылған ұғым когнитивтік қатысымдық жағдаяттарды сипаттайтын фразеологизмдердегі концептөрістерді анықтау арқылы ментальдық модельдерді көрсетуді мақсат тұтады (Смағұлова, 2020). Бұл дегеніміз, әлемнің тілдік бейнесін қалыптастыруда түрлі бейнелер концептілік құрылым түзеді дегенді білдіреді. Мысалы, елімізде «адам» сөзінің түсінігі келесі тіркестермен бейнеленеді:
...