Дауысты фонемалар жүйесі
Автор: rakhatovna03 • Март 15, 2021 • Контрольная работа • 712 Слов (3 Страниц) • 940 Просмотры
№1 Дауысты фонемалар жүйесі
Мақсат: дауысты фонемалар жүйесі жөнінде берілген мәліметті баянды етіп бекіту, дауысты фонеманың өзіндік ерекшелігін ажырата алуға дағдыландыру, дыбыстардың сөйлеу кезіндегі өзгерісі мен олардың заңдылығының байланысын байқатып, оны түсінуге, ол жөніндегі білімін жүйеге келтіруге, оларды ажырата білуге үйрету.
Тапсырма:
- Фонема деген не? Дыбыс пен фонеманың байланысы (арақатынасы) қандай? Аллофон деген не?
- Фонеманың қандай белгісі бар?
- Дауыстылардың топтастырылуы қалай?
- Дауыстының монофтонг, дифтонг болып бөліну себебі, олардың ерекшелігі қандай?
- Дауысты фонеманың фонетикалық түрі (вариант, вариациясы) бола ма?
ТАПСЫРМА:
- Берілген сөйлемдердегі сөздердің фонемасының белгісін атаңыз.
- Сөйлемдердегі әрбір екі сөздің құрамындағы дауысты фонемасын салыстырып өзіндік ерекшелігін атап көрсетіңіз.
- Сөйлемдердегі сөздердің дауыстыларын талдай отырып, олардың монофтонгын екінші бағанаға және тек қана әріптік (таңбалық) қызметте жұмсалып тұрғанын үшінші бағанаға теріп алып орналастырыңыз. Үш бағанаға бөліп саралау себебін дәлелдеп, жан-жақты талдаңыз.
- Өлең шумағындағы сөздердің дауысты фонемасын түгел теріп жазып, олардың әрқайсысын жеке-жеке акустикалық-артикуляциялық ерекшелігіне қарай толық сипаттама беріңіз.
- Берілген жеке сөздердің барлық дауысты фонеманы мынадай түрге топтаңыз:
а) дауыстыны айту кезінде ауыз қуысындағы үннің (ауаның) мөлшеріне қарай;
ә) тілдің қатысына қарай;
б) жақтың қатысына қарай;
в) сөз ішінде, буын құрамында қолданылатын орнына қарай;
г) үнінің ішкі сапасына қарай.
- Әрбір екі дауысты фонеманы салыстырып, олардың бір-бірімен ұқсастығын, бірінен екіншісінің айырмасын нақтылы көрсетіп жазыңыз.
1.
Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан
Анық төмен болмай ма хайуаннан?
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былағаннан (Ш.Құдайбердіұлы).
2.
1-нұсқа. Жалтақ, қалтақ, салтақ; шатыр, жатыр, батыр, қатыр; дос, қос, тос,бос; қап, қан, қау, қай, қаш, қас,қаз; жапыр, тапыр, шапыр; табақ, қабақ, сабақ, шабақ; шаң, таң, паң; қоң, тоң, шоң т.б.
2-нұсқа. Қаш, қош, құш; той, тоқ, тор, топ; үй, түй, күй, сүй; мақта, тақта, жақта, сақта, ақта; балық, салық, жалық; намыс, қамыс, арық, жарық, шарық, шарық, тарық; мұз, тұз, құз, бұз т.б.
3-нұсқа. Қармақ, бармақ, тармақ; шана, шама, шара, шаба, шақа; тарақ, рақат, ақтар, қатар, тарақ, қарта, артқа; бүр, бұр, бар, бер, бір, бор т.б.
3. Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз
Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй…(А.).
4. Ән шырқалған сайын сағым үзілместен, жұмарлана құлпыра түседі. Ол кейде теңіз болып тербеледі, кейде қаулаған жалын болып лапылдайды, кейде меруерт болып әуеге шашылады, кейде сол меруерт теңіздің толқынына айналады, бірақ ән үзілмейді. Сол әдемі әнді жұтып алып, есіп өтер еліне ала кеткісі келгендей. Арқаның әйгілі самалы да тына қалыпты (Ә.Ә.).
...