Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мьянмадаfы iшкi конфессияаралык жанжалдын элемдiк каумдастыкка эсерi

Автор:   •  Апрель 3, 2022  •  Статья  •  1,718 Слов (7 Страниц)  •  201 Просмотры

Страница 1 из 7

УДК 327.5 (591)        ӘОЖ 327.5 (591)

Жунусова А., Жаманбаева Л.К.

Сәрсен  Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті.

Өскемен қ., Қазақстан Республикасы

МЬЯНМАДАҒЫ ІШКІ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДЫҢ

ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ӘСЕРІ

Оңтүстік – Шығыс Азияда, Үндіқытай түбегінің батыс бөлігінде орналасқан Мьянма мемлекетіндегі ішкі конфессияаралық мәселе бүгінде әлем қауымдастығының назарын аударып, халықаралық сипатқа ие болып отырғаны белгілі. Мьянманың халқы көпэтникалық сипатта және олардың 90% - будда дінін ұстанушылар болып табылады. Ел 7 әкімшілік облысқа және 7 штатқа (ұлттық облыстарға) бөлінген. Осы штаттардың бірі - елдің батыс жағалауында Бангладешпен көршілес орналасқан Ракхайн штаты. Оның халқы 3 миллионға жуық адамды құрайды, олардың көпшілігі - буддизм дінін ұстанатын халық өкілдері (штаттың балама атауы - Аракан). Штат халқының шамамен 1 млн адамдай азшылығын құраушылар  - ислам дінін ұстанатын рохинджалар. Рохинджалар өзін Мьянманың байырғы халықтарының бірі деп санайды. Бірақ Нейпьидода (Мьянманың астанасы) оларды сепаратист немесе Бангладештен келген босқындар деп есептейді [7].

Мәселе, XIX ғасырда Мьянманы британдардың отарлауы кезеңінен бастау алады. Британ өкіметі Бенгалиядан (қазіргі Бангладеш) мұсылмандарды жұмыс күші ретінде Бирмаға (1989 жылға дейін Мьянма атауы) белсенді түрде тартты. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Бирманы Жапония басып алды. Жергілікті тұрғындар елдің тәуелсіздігін мойындауға уәде еткен Жапония жағына шығып, ал бенгалдық мұсылмандар Ұлыбританияны қолдайды. 1942 жылы осы қақтығыс құрбандарының саны ондаған мың адаммен есептеледі. 1948 жылы Бирма Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған кезде, Рохинджа көршілес Шығыс Пәкістанға (қазіргі Бангладеш) қосылу үшін партизан соғысын бастады. Бирма өкіметі өңірде соғыс жағдайын енгізді. Кейінгі онжылдықтарда сепаратистер мен бирмалық әскерлер арасындағы соғыс біресе өршіп, біресе басылып, ал рохинджалар, құқық қорғаушылар мен баспасөздің мәлімдеуі бойынша «жер бетіндегі ең қаналушы халық» деп атала бастады [7]. Себебі, олар Мьянма азаматы деп саналмайды, барлық азаматтық құқықтарынан айырылған. Рохинджа әкімшілік лауазымдарды атқара алмайды, оларға медициналық көмек көрсетуден жиі бас тартылады, олардың жоғары білім алуға құқығы жоқ, бастауыш білімді де бәрі ала алмайды. Сондай-ақ, елде рохинджаларда туу көрсеткішін де шектеп, бала санын екіден асыруға тыйым  салынған.

Бұл халықтың өкілдері елден заңды түрде шыға алмайды, тіпті Мьянма аумағында да олардың орын ауыстыруы шектелген, ал ондаған мың рохинджа орын ауыстырған адамдарға арналған лагерьлерде, яғни резервацияларда ұсталады.

2017 жылдың тамыз айында жағдай күрт шиеленісіп кетті. «Рохинджаны құтқару армиясы» қозғалысының (АРСА) жүздеген сепаратистері полицияның 30 тірек пунктіне шабуыл жасап, 15 полиция мен әскерилерді өлтірді. Бұдан кейін әскерлер терроризмге қарсы операцияға кірісті, бір аптаның ішінде әскерилер 370 сепаратист-рохинджаны өлтірді, сондай-ақ 17 жергілікті тұрғын кездейсоқ қаза тапты.[7]

Рохинджалық босқындар, мыңдап қырылған ауылдастары, қиралған, өртелген елді-мекендері сарбаздар мен полицейлер, болмаса жергілікті еріктілер тарапынан жасалған айуандықтар туралы хабарлады. Бір мезгілде, ғаламторда және әлемдік баспасөз беттерінде Ракхайнда тұратын буддистердің өздеріне рохинджа содырлары мен олардың мұсылман көршілері тарапынан жасалған жан түршігерлік қылмыстық әрекеттері туралы баяндаулары да жарық көріп жатты.

Еуропа мен АҚШ елдері, жалпы алғанда, Мьянмадағы оқиғаларға біртұтас теріс реакция көрсетті, ал Ресей мен Қытайдың реакциялары әлдеқайда тежелген және Вашингтон мен Брюссельдің ұстанымына қайшы келеді. Өз кезегінде, АСЕАН елдері Мьянмадағы жағдай бойынша түрлі ұстанымдарға байланысты біртұтас көзқарас ұстай алмады.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (93 Kb)   docx (15.7 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club