Топоним аксу каласы
Автор: aiaulym97 • Ноябрь 5, 2020 • Реферат • 7,751 Слов (32 Страниц) • 530 Просмотры
Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: Жергілікті жердің жер-су аттарының шығу тегін, оның қалыптасуы мен құрылымын анықтап,топонимикалық сөздіктер жинағын жасау.
Жұмыстың міндеттері:
- Ақсу өңірінің топонимдері, олардың шығу тегі мен мағынасын ашу;
- Географиялық объектілердің, елді-мекендердің тарихын анықтау;
- Ақсу өңірінің қысқаша топонимдер сөздігін жасау;
- Ақсу өңірі топонимдерінің картасын жасау;
Зерттеу кезеңдері:
1.Әдебиеттерге шолу (БАҚ материалдары, энциклопедиялар, анықтамалар, интернет көзі,
2. Ақсу қаласы мұрағат бөлімімен байланысу,
3. Елді-мекендерге барып жергілікті халықпен байланыс орнату.
Зерттеу әдістері:
- Елді-мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру ұсынысын жасау;
- Математикалық әдіс;
- Картографиялық әдіс;
- Бақылаулар жасау, сауалнамалар жүргізу.
Жұмыстың өзектілігі: туған өлкеміздің жер-су атауларының шығу тегін анықтап, тарихи атына ауыстыру.
Зерттеу обьектісі: Ақсу ауданының жер-су аттары;
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
- туған өлкеміздің жер-су атауларының шығу тегін анықтау, кейбір жер-су аттарын тарихи атына ауыстыру мәселесі қарастырылды;
- жоғарыда аталынған аудандар топонимдері (жер-су атаулары) алфавиттік ретпен орналасқан, ғылыми жетекшілерден пікір алынып, топоникалық сөздіктер жинағы жасалынды;
- көрсеткіш мұғалімдерге, студенттерге, өлкетанушыларға және өлкенің жер-су атауларын білгісі келетін оқырмандарға арналған;
- топонмдердің мағынасы мен шығу жолына қарай және тілдік құрамы бойынша жіктеу жасалынып, талданды.
І – тарау. Топонимика ғылым ретінде
1.1.Топонимика түсінігі
Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:
семантикасы (мағынасы);
жасалу жолдары;
этимологиясы.
Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне не мөлшеріне қарай макротопонимдерге (тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдерге (жеке таулар, теңіздер, т.б.), микротопонимдерге (көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) бөлінеді. Топонимика тіл тарихын зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені кейбір топонимдер (әсіресе, эндооронимдер мен эндогидронимдер) архаизмдер мен диалектизмдерді тұрақты сақтайды, көбінесе олар сол аумақты мекендеген халықтың субстрат тілдерінен бай мағлұмат береді. Топонимдердің халық берген дұрыс нұсқасын барлық жағдайда және басқа тілдерде дұрыс жазылуының маңызы зор Этимология (грек. etymos – ақиқат, шындық, logos – білім) – сөз төркінін зерттеп, айқындаушы тарихи лексикологияның және жалпы тіл білімінің бір саласы. Этимологияның зерттеу нысанына, негізінен тілдегі жеке сөздер, сөз тіркестері, граммат. тұлғалар жатады. Ономастика (грек onomastіke – ат беру өнері) – тіл білімінің жалқы есімдерді зерттейтін саласы. Жалқы есімдерге кісі, жануарлар аттары, халық, ұлт, ру-тайпа атаулары, жер-су, аспан денелері жатады. Топонимика – географиялық атауларды зерттейтін ономастиканың бір бөлімі. Топономика гректің topos – орын + опума – есім, ат деген сөздерінен алынған. Ол өзен, су, құдық, бұлақ, көл, теңіз аттарын (гидронимдерді); тау, сай-сала, қырат, жоталар, асулар, орман-тоғай, жайлау аттарын (оронимдерді); елді мекендердің аттарын (ойконимдерді) жан-жақты зерттейді. Әрбір атаудың өз тарихы, дүниеге келу себебі бар.
...