Географиялық деректер базасын қалыптастыруда АКТ рөлі
Автор: diana2004zx • Декабрь 1, 2022 • Практическая работа • 635 Слов (3 Страниц) • 329 Просмотры
№11 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Географиялық деректер базасын қалыптастыруда АКТ рөлі
Мақсаты: Географиялық деректер базасын қалыптастыруда АКТ рөлін анықтау
Көрнекі құрал-жабдықтар: географиялық атластар және дүние жүзінің физикалық, экономикалық карталары.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Тоқпанов Е., Мазбаев О.Б. Картография және топография негіздері – А, 2012. – 464 б.
2. Мұздыбаева Қ.Қ. Картография топография негіздерімен Практикум – А, 2011 – 112 б.
3. Жұмаділда Б.Ы., Жантілесова Д.М., Жантілесов Ж.Х. Топография геодезия негіздерімен – Қарағанды «Ақнұр баспасы», 2012. – 240 б.
4. Жұмаділда Б.Ы. Картография негіздері оқу құралы Қарағанды, 2012. – 132 б.
5. Ян Хейвуд, Сара Корнелиус, Стив Карвер Географиялық ақпарат жүйелеріне кіріспе А, 2013 – 472 б.
6. Лаисханов Ш., Каймулдинова К., Алиаскаров Д. Геоинформатика. – Алматы, 2022
7. Каймулдинова К.Д., Бейсенова А.С., Алиасқаров Д.Т., Бейкитова А.Н. Географиялық ақпараттық жүйелер: негізгі терминдер және түсініктер. – Алматы., 2012 ж. Баспасы: «ИП Уатханов А.Ф.» - 88 б.
ТАПСЫРМАЛАР:
1. Географиялық деректер базасын құрастыруда АКТ рөлін сипаттаңдар
2. Word-тағы SmartArt қосымшасын пайдаланып, ГАЖ технология қолданылатын салалар мен ғылым салаларымен байланысын сызба түрінде сызу
3. Географиядағы сандық әдістердің маңызын анықтау
4. «Географияға сандар не үшін қажет?» тақырыбында эссе дайындау
5. Әлемдегі ауаның ластануы: нақты уақыттағы ауа сапасының индексі көрсеткіші жарияланатын интернет-ресурсты пайдалана отырып, дүниежүзіндегі 3 қаланы таңдап алып, атмосфералық ауа сапасына салыстырмалы талдау жасау. https://waqi.info/ru/#/c/43.04/73.298/5.8z
1-тапсырма. Дерекқор, деректер базасы – ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің, мәліметтердің реттелген жиынтығы.
Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) - кеңістік базасының құрастырушысы және әр келкі мәліметтер мен ақпараттарды біріктірудің негізі ретінде аумақтық басқармалардағы шешімдерді қабылдаудың басты элементі болып саналады.
Номенклатура - белгілі бір мамандықта қолданылатын атаулардың, терминдердің тізбесі немесе жиынтығы.
Географиялық нысан - белгілі бір географиялық орны, географиялық координаталары бар және географиялық шекараларымен ерекшеленген жер бетіндегі жиынтықтар.
Деректер базасының талаптары:
- мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы;
- жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы;
- мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;
- мәліметтердің реттелген жиынтығы.
2-тапсырма. Географиялық деректер базасын құрастыруда WORD бағдарламасының мүмкіншіліктерін пайдалану. Бағдарламада қолданылатын қосымшалармен танысып шығу. Қосымшалармен жұмыс жасауды үйрену. Word-тағы SmartArt қосымшасының ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беру.
[pic 1]
Сурет 1- ГАЖ-технологиялар қолданылатын салалар
[pic 2]
Сурет 2 - Геоинформатиканың ғылым мен өндіріс салаларымен байланысы
3-тапсырма. Сандық әдістер – деректерді талдау үшін қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы.
Географиядағы сандық әдістердің маңызы. ХХ ғасырдың екінші жартысында география ғылымдарына математикалық зерттеу әдістері қарқынды ене бастады, оны ғалымдар «сандық революция» деп атады. Географияның «математикалануы» компьютерлік техника мен технологиялардың жылдам дамуына да байланысты болды. Бұл жылдам түрде орасан мол сандық деректерді өңдеудің мүмкіндіктерін ашты. Қазіргі заманғы географияның математикалануының бірнеше себептері бар (3-сурет).
...