Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Реферат  •  1,199 Слов (5 Страниц)  •  815 Просмотры

Страница 1 из 5

3. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау

Еңбек қорғау

Өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еңбек кодексі болуы керек. Осы кодекс бойынша өнеркәсіпте жұмыс жасайтын адамдар еңбек етеді. Еңбек кодексі бойынша коллективке және жекелеген адамдарға еңбек шарты жасалады.

Ешқандай кәсіпорын жұмыс жасамайды, егер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шартқа қол қойылмаса. Кәсіпорын администрациясы қауіпсіздікті қамтамасыз етілуін, өндірістік травматизімнің болмауын, санитарлық – гигиеналық талаптардың сақталуын, жұмыскерлерге арнайы жұмыс киімінің киілуін қадағалап ескертуі керек.Азаматтардың еңбек құқығы заңмен қатаң түрде сақталады. Аптасына жұмыс сағаты 45. Ер адамдар маен әйел адамдарының салмақтары әр түрлі  болады.Жасөспірімдерге жұмыс жасау тиым салынады. Мұнда тек 18 жастан бастап жұмыс жасайды. Барлық жұмысшыларға 20 күннен артық отпуск беріледі.[21]

Өндірістегі еңбекті қорғау өнеркәсіп басшылығы мен бас инженердің басшылығымен жүргізіледі.Еңбекті қорғау техникасының қауіпсіздік талаптары мыналар: өндірістік травматизм мен мүмкін болатын авариялық жағдайлар кезіндегі жұмыстарджы ұқйымдастыру; еңбекті қорғау және негізгі өндірістік, қосымша өнеркәсіп қызметтерінің жақсы деңгейін бақылау; еңбек қауіпсіздіке коэффициентін орнату; өндіріс мәдениетін арттыру. Осындай шараларды шешу үшін қоғамдық ұйымдарда қоғамдық коммися еңбек қауіпсіздігін қорғауға байланысты құрылады.

Еңбекті қорғау тәртібі мына құжаттармен реттеледі: еңбекті қорғау туралы ережелер, құрылыс нормалары мен ережелері (СНИП); әлеуметтік – мемлекеттік өнеркәсіптің өндірістік ережелері; өнеркәсіпте жұмыс жасайтын және қызмет ететін адамдардың ішкі еңбек тәртібі; зауыттың, жергілікті комитеттің, адамдардың құқықтары туралы ережелер.[22]

Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік.

Жұмыс істеуші кәсіпорынның реконструкциясы кезінде еңбек жағдайын, санитарлық – тұрмыстық жағдайы және медициналық қызмет көрсету, өндірістік жарақаттанудың алдын – алу, сондай-ақ қосалқы қауіпті және зиянды факторлардың: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық алдын – алу жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жолға қойылуы тиіс. Физикалық факторлардың ішінде ең маңыздысы өндірістік микроклимат болып табылады. Олар температурамен, ылғалдылықпен, ауа қозғалысының жылдамдығымен, жылулық сәулеленумен сипатталады.Төмен температура жағдайындағы жұмыс организімінің маңызды жылуалмасуымен және белсенді көмірсу алмасуымен байланысты. Бұл салқын тию ауруларының себептері бола алады. Бөлменің санитарлы жағдайын ескере отырып, жұмысшылардың жеке қауіпсіздігін қарастыру керек: арнайы киім, арнайы аяқ киім, ауа жылулық сеппелер, сондай-ақ мұндай бөлмелерде еңбек пен демалу рационалды режимдері қарастырылуы тиіс.Санитарлы – тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету үшін демалу және қоғамдық тамақтану, сеппе-су, сан- түіндер, киініп – шешінетін бөлмелерді қалыптастырады.Жұмысшыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін физиотерапиялық және басқа да бөлмелер қарастырылуы тиіс.Зиянды заттардың қауіптілігін алдын – алу үшін құрама вентиляциялар қолданылады. Ауаның табиғи алмасуы үшіе терезелер орнатылады.[23]

Электр тогының соғуының алдын-алу үшін қолданылады: тоқ өткізкіштердің бөлімдерінің қауіпсіз орналасуы, құрылғылардың тоқ өткізбейтін бөлімдерінде кернеудің пайда болғанда айырып тастау, жұмыс орнының изоляциялануы, жұмысшыларды электротехникалық қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандыру.Химиялық улы және зиянды заттардың қорғануында мынадай әрекеттер жүргізіледі: өте улы заттарды төмен улы заттармен алмастыру, автоматты сигнализация, өндірістік бөлмелердегі ауа жағдайын жүйелі түрде бақылау, натрий нитритінің шығынын бақылау.Қауіпсіз еңбек жағдайы және азаматтық қорғаныспен қамсыздандыру нормативтері арнайы инструкцияларда көрсетіледі.[24]

...

Скачать:   txt (18.4 Kb)   pdf (107.2 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club