Меншікті капитал есебі
Автор: Nuray0504 • Июнь 22, 2022 • Реферат • 1,034 Слов (5 Страниц) • 259 Просмотры
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
2.1 Меншікті капитал есебі
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүлікке ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады.
«Ак-Арасан» ЖШС алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмады және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралды. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
1) жарғылық капитал;
2) резервтік капитал;
3) бөлінбеген пайда.
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларын басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.
«Ак-Арасан» ЖШС-ның бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың есебі 3110-3190 шоттарында жүргізіледі. Қазақстан Республикасында Салық кодексінде анықталған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады. Жалпы салықтар тікелей және жанама салықтар болып бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі және республикалық бюджет туралы заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
«Ак-Арасан» ЖШС баска да мекемелер сиякты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуына қатысады, олардың қаражаттары ел экономикасының келешекте дамуына, мемлекеттің құрылымдарды ұстап тұруға, халықтың материалдық және мәдениеттік деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
«Ак-Арасан» ЖШС да Салық кодексіне сәйкес өзге мекемелер сиякты тиісті қаржы органдары арқылы салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің келесі түрлері бойынша есеп айырысулар жүргізеді: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдары салығы, мүлік салығы және т.б.
Мекемелерде корпоративтік табыс салығы салынатын нысандарына салық салынатын табыс және төлем көзінде салық салынатын табыс жатады. Салық салынатын табыс жылдық табыс жиынтығы мен Салық кодексінің тиісті баптарымен қарастырылған шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады. Мекемелердің жылдық жиынтық табысына табыстардың барлық түрлері жатқызылады: тауарларды, дайын өнімдерді, жұмыстарды, қызметтері сатудан алынатын табыс, ғимараттарды сатудан алынған табыстар, мүліктерді жалға өткізуден алынатын табыстар, ақысыз алынған активтер, мемлекеттен және басқа заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақылар т.б.
Шегерімдер жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығындар, шегерімдер осы шығындарды растайтын құжаттар болғанда жүргізіледі.
Бюджетке төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы бойынша
...