Жарғылық капитал есебі
Автор: SalauatLizaaa • Ноябрь 1, 2018 • Курсовая работа • 5,324 Слов (22 Страниц) • 1,722 Просмотры
КІРІСПЕ
Кез келген әрекет ету аясында бизнес ақша қаражзаттарының нақты бір сомасымен басталады, яғни сол қаражатқа өнімді өндіру және сатуға қажетті ресурстар алынады. Капитал айналым шеңберінің үш сатысынан өтеді: дайындық,м өндірістік және өткізу. Бірінші сатысында кәсіпорын өзіне қажетті негізгі қорлар мен өндірістік зөапастарды сатып алады. Екінші сатысында қаражаттардың бір бөлігі өндіріске запастар түрінде түссе, екінші бөлігі еңбекақыға, салық төлеуге, әлеуметтік сақтандыру төлемдеріне және басқа да шығындарға жұмсалады. Бұл саты дайын өнім өндірумен аяқталады. Үшінші сатыда дайын өнім сатылып, кәсіпорынға алғашқы сомадан алынатын пайда мөлшеріне артық сома келіп түседі. Бұл неғұрлым капитал тезірек айналса, соғұрлым кәсіпорын көп өнім сатып,белгілі бір кезең ішінде жұмсалған капитал мөлшерінде өнім өндіріп пайда табады дегенді білдіреді.
Капитал-бұл пайда табу сатымен өз қызметін жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектінің қолында бар қаражаттары.
Қаржыландырудың негізгі көзі меншік капитал болып табылады.
Оның құрамында кіреді:
§ Жарғылық капитал
§ Жинақталған капитал
§ Басқа да түсімдер
Жарғылық капитал объектіні құрған кезде оның жарғылық қызметін қамтамасыз ету мақсатымен құрылтайшылардың салымдары болып табылады.
Жарғылық капитал деп жарғылық іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған құрылтайшылардың салған ақша қаражаттарын түсінеміз. Мемлекеттік кәсіпорындарда жарғылық капитал деп мемлекет бекіткен, бірақ толық шаруашылық жүргізуге өкілеттік берілген мүліктердің құнын айтамыз. Акционерлік кәсіпорындардағы жарғылық капитал-бұл акцияның барлық түрлерінің номиналды құны. Жауапкершілігі шектелген серіктестер үшін жарғылық капитал болып меншік иелерінің үлесі сомалар, ал жалға алынған кәсіпорындар үшін-оның қызметкерлері салымдарының сомасы саналады. Құрылтайшылардың салымдары ақшалай, мүліктік және материалдық емес активтер түрінде де болуіы мүмкін.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде студент курстық жұмысты жазу мен қорғаудың негізгі мақсаты - зерттелетін мәселелерді шешу бойынша теориялық білімнің, дагдылардың, шеберліктің тәжірибеде жүзеге асырылуын көрсету екендігін ұғынуы қажет.
Жарғылық капитал объектіні құрған кезде оның жарғылық қызметін қамтамасыз ету мақсатымен құрылтайшылардың салымдары болып табылады. Резервтік капитал бұл кәсіпорынның сақтандыру капиталы. Ол тек акционерлік қоғамға ғана тән.
Бухгалтерлік есеп те капитал активрмен теңестіріледі. Бухгалтерлік баланстың теңдігі егер капиталды, бір адамға салса,онда ол актив тең капитал болады. Ал егер, кәсіпорынды бірнеше адам құрса, онда актив тең капитал қосылған міндеттеме болады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
- ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шжс іс-қызметінің өрісі мен жағдайына ұйымдастыру құқықтық түріне байланыстырады.
1.1 Жарғылық капитал туралы ұғым. Оның құрылымы және түрлері.
Жарғылық капитал кәсіпрынның меншігіне ие болып және басқаруға заңды мүмкіндік беретін өндірістік шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі болaп табылады.
ЖК кәсіпорын тіркелген кезде мекеменің жарғысымен бекітіледі. Оның азаюы немесе көбеюі қатысушылардың қосылуына немесе шығуына байланысты болады.
...