Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ірімшіктің жіктелуі және ірімшік өндірісіндегі сүт сапасына қойылатын талаптар

Автор:   •  Ноябрь 9, 2022  •  Реферат  •  6,204 Слов (25 Страниц)  •  364 Просмотры

Страница 1 из 25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КАФЕДРА «МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

    РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ: «Ірімшіктің жіктелуі және ірімшік өндірісіндегі сүт сапасына қойылатын талаптар. Қатты мәйекті ірімшіктің жалпы технологиясы. Ірімшектерді сақтау, орау және тасымалдау. Сапасын бағалау»

                                                                            ОРЫНДАҒАН: Рысбек Б.

                                                                            КУРС: 4

                                                                            ТОБЫ: 19-13

                                                                            ҚАБЫЛДАҒАН:Шайкенова Қ.Х.

                                         

                                            Астана, 2022 жы

Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2.1.Ірімшіктер технологиясы .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...................................6

2.2 Ірімшік сапасының деңгейін анықтау . ......... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

2.3. Ірімшік жасау негізгі этаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ....................13

III. Қорытынды... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...... .. ...21

Пайдаланылған әдебиеттер... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .22

Кіріспе

Ірімшік — сүтті арнайы өңдеуден өткізу арқылы алынатын жоғары калориялы неғұрлым сіңімді тағамдық өнімдерінің бірі . Әзірлеу және пісіру кезінде ол микробиологиялық, ферментативтік тағы басқа процестерден өтеді, соның нәтижесінде, дайын өкім сүтпен салыстырғанда дәмі және нәрлілігі жағынан едәуір құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады. Ірімшіктің нәрлілік құндылығы құрамындағы ақуыз (25%-ке дейін) пен майы (30%-ке дейін) молдығымен, сондай-ақ аса бағалы амин қышқылының, В, РР тобындағы А витаминдерінің, пантотен қышқылдарының, кальций және фо сфор тұздарының көптігімен ерекшеленеді.

Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды организм түгелге жуық (98—99%) сіңіреді. Құрамында май мен ақуыздардың болуына байланысты ірімшік калориялылығы 2500—4500 ккал аралығында. Ірімшік сиырдың, қойдың және ешкінің сүтінен жасалады. СССР-де ірімшіктің 150-ден астам түрі өндіріледі. Сүттің сапасына, оның өңделу жайына және технологиялық дайындау әдістеріне байланысты дәмдік қасиеттері, жұмсақ- қаттылығы және сыртқы түрі жағынан әр түрлі болып келетін ірімшіктер алынады. Осындай белгілеріне қарап ірімшікті мәйекті және балқытылған деп бөледі. Мәйекті (сычужные) ірімшіктердің өзі қатты, қаттылау, жұмсақ, тұзды және қышқыл болып келеді. Ірімшіктің майлылығы құрғақзатпен салыстырғанда 20%-тен 60%-ке дейін болады (ірімшіктің майлылығы оның құрамындағы ылғалға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан майлылықты құрғақ затарқылы белгілеу келісілген). Қатты ірімшіктің майлылығын көрсету үшін оның сыртына майлылықты білдіретін цифрлары бар казеиннен жасалған ерекше пластинкалар жапсырылады, не ірімшіктің сыртына штамп (марка) басылады. Майлылығы 50%-тен кем емес ірімшіктерге басылатын штамптың формасы — төрт бұрышты, ал 45% тен кемтүспейтіндерінікі — сегіз бұрышты. Штампта майлылықтан басқа заводтың нөмірі және сол заводтың орналасқан жері көрсетіледі. Жұмсақ, қышқыл және балқытылған ірімшіктердің майлылығы туралы мәлімет олардың сыртқы қабына жазылады.Олар толығымен (96%) адам организміне сіңеді.

...

Скачать:   txt (81.1 Kb)   pdf (219.3 Kb)   docx (35.7 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club