Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антенналардың түріне жалпы сипаттама

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Лекция  •  1,483 Слов (6 Страниц)  •  1,644 Просмотры

Страница 1 из 6

Антенналардың түріне жалпы сипаттама.

Антенналарды беруші және қабылдаушы деп бөлуте болады. Бірақ, түрлер арасында ешкандай принципиалды айырмашылық болмайды. Антенді күрылғының кұрамына антеннаның өзінен басқа тағы да фидерлі сызықтар болады. Ол кабылдағыш антенна мен беруші антеннаның арасындағы бөгеуліктерді азайту мақсатында колданылады. Дұрыс эффект үшін фидерлерге антенналық қасиеттер, яғни қабылдау және беру қасиеттері тән болмауы керек.

Антенналар деп таратушы станцияларда радитолқындарды шығаруға, ал кабылдаушы станцияларда радиотолқындарды қабылдауға қолданыдатын жүйені атаймыз. Басқаша айтқанда антенналар жоғарғы жиілікті ток энергиясын радиотолқындар энергиясына және сондай-ақ, қарама-қарсы процесті жүзеге асыруға қолданылады.

Қысқа толкындарға арналған антенналар да қабылдағыш ретінде де, беруші ретінде де қолданылады.

Қозғалғыш және орын ауыстырғыш станциялар аз қашықтықтарда жұмыс істеу үшін штырьлі антенналарды қолданады. Ол радиостанцияның өзінде орналаскан бірнеше бөліктерден тұратын біліктен құрастырылған. Беруші қашыктығын арттыру масатында біліктің жоғарғы шетіне жұлдызша немесе метелка бекітіледі. Ол антеннаның сыйымдылығын және ондағы токтың бағытын өзгертеді. Антеннаның жоғарғы бөлігінде жұлдызша болмаса, онда өзекшенің жоғарындағы ток түйіні 0-ге тең (I=0) болады. Ал егер жүлдызша болса, онда түйін жүлдызшаның шетіне жылжиды, яғни штырьдің аяғындағы ток пен сәуле шығару 0-ге тең болады. Штырьлі антеннаның бір қолайсыз тұсы, оның корпусының темірден жасалуында, яғни ол өте ауыр болып табылады. Көшпелі радиостанцияларда қолданылатын аз қуатты бұл антенна бір түзу бойында тартылған екі сымнан тұрады. Төмен орналасқан диполь антенналары сәулелер тартылған ортада ең жақсы шығаруды және ең жақсы кабылдауды, ал сәулелерге перпендикуляр ортада ең жаман шығаруды және кабылдауды жүзеге асырады. Егер диполь изоляцияланған сымдардан жасалса, онда аз қашықтықтағы алмасуларды жерде орналастырылған сымдар арқылы жүзеге асыруға болады. Беру кашықтығын арттыру үшін «диполь» типті антеннаны вертикальді етіп көтереді. Бұл жағдай үшін дипольді жерден биік қашықтыққа орналастырады және бірнеше вибраторы бар антеннаны қолданады. Вибратор ұзындығы Л-дың сым диаметріне қатынасы арқылы анықталады. Мысалы, JI/d=400, онда I=0.47Л, ал, JI/d=1000 болса, онда вибратордың толқын үзындығы 0,485 Л-ға тең болуы керек.

Бағытталған антенна

Сәуле шығарып, бір немесе белгіленген бірнеше бағыттан сигнал қабылдауға арналған қондырғы (антенна). Бағытталған антеннаны радиолокацияда, радионавигацияда және радио сәуле шығаратын негізгі көздің бағытын айқындауға қолданады.

Антенно-фидерлі құрылғылар.

Антенна құрылымының жалпы принципі.

Антенна кез-келген радиоқабылдағыш және радиотаратқыш құрылғының басты, әрі қажетті элементі болып табылады. Радиотаратқыш антенна (таратқыш антенна) жоғарғы жиілікті токты энергия бөліп шығаратын электромагниттік толқындарға ауыстыру үшін арналған. Радиоқабылдағыш антенна (қабылдағыш антенна) қабылданған электромагниттік толқындарды жоғарғы жиілікті энергия тоғына ауыстыру үшін арналған. Процестер сипаттамасы қабылдағыш және таратқыш антеннаның принциптік мүмкіншілігі тек бір ғана антенаны қолдануда емес, сонымен қатар оның негізгі параметрлерін таратуда және қабылдауда да сақталады. Бұл жоғарғы практикалық көрсеткішке ие. Сонымен байланыста арналығын көптеген қозғалысты радиостанцияларда қабылдағыш және таратқыш тек бір ғана жалпы антеннасы болады.

1-сурет.Фидер құрылғысы

Электрлік сым және көмекші құрылғы радиотаратқыштан антеннаға немесе антеннадан радиоқабылдағышқа радиожиілікті энергия каналы арқылы жүргізіледі. Олар фидер деп аталады. Фидер

...

Скачать:   txt (21.8 Kb)   pdf (59.7 Kb)   docx (16.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club