Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Газ турбиналы электрстанцияларына жалпы сипаттама

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Реферат  •  4,101 Слов (17 Страниц)  •  2,923 Просмотры

Страница 1 из 17

Мазмұны

Кіріспе................................................................................................................3

Газ турбиналы электрстанцияларына жалпы сипаттама................................4

Газ турбиналы қондырғылардың сипаттамалары..........................................4

ГТҚ жұмыс істеу принципі. Жылулық схемасы............................................10

Қазіргі заманғы газ турбиналы қондырғылары...........................................12

Газ турбиналы жылу тәсілдеме қондырғылары............................................14

Газ турбиналардың түрлері және құрылысының ерекшіліктері..................17

Газ турбина бөлшектерінің құрылысы..........................................................18

Қорытынды......................................................................................................21

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі.................................................................22

 

КІРІСПЕ

     

Газ турбиналық электр станциясы – электр  тоғын және жылулық энергияны генерациялайтын жаңа заманғы , жоғары технологиялық қондырғы. Газ турбиналық электр станциясының негізін электр генераторымен механикалық байланысқан және басқару жүйесімен бір энергетикалық кешенге біріктірілген күштік агрегаттар – бір немесе бірнеше Газ турбиналық қозғалтқыштар құрайды. Газ турбиналық электр станциясы 20 кВт-тан жүздеген мВт электр қуатына ие бола алады. Газ турбиналық электр станциясы тұтынушыға электр қуатына қатысты – 1:2 коэффицентімен бірталай мөлшерде жылулық энергияны бере алады.

Газ турбиналық электр станциясы жоғары маневрлік сапаларға, төмен меншікті ақша саламына және қатысты жоғары меншікті отынды қолдануға ие.


Газ турбиналы электрстанцияларына жалпы сипаттама

Газ турбиналы электр станциялары қуатына байланысты электр энергиясымен қатар жылу энергиясын өндіру үшін тағайындалады, сонымен қатар үлкен емес елдімекендерді жарықтандыру және жылыту, өнеркәсіп орындарын энергиямен қамтамасыз ету үшін падаланылады. Қазіргі уақытта 10- 100 МВт қуатты газ турбиналы (ГТЭС) электрстанциялары іске қосылуда. Олар дербес электр энергиясының көзі бола алады немесе жылу электр орталықтарына толықтырушы болып келеді. Өндірісітік немесе тұрмыстық объектілерді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін резервті немесе негізгі қорек көзі ретінде ГТҚ-ын кез келген климаттық жағдайларда пайдалануға беріледі. Мұндай электр станцияларын солтүстік өңірлерде салу құрылыс, пайдалану және электр тораптарына кетеітн амалдарын айтарлықтай азайтуға мүкіндік береді. Ал, орталық аудандарда салу- электр және  жылумен  жабдықтауда сенімділікті   арттырады.      Аз  қуатты  ГТЭС блокты контейнерлі принцип бойынша салынған шағын жабдықты стационарлы қондырғы. Басқа сөзбен айтқанда, электрэнергиясын өндіретін және    өңделген  газдардан  алынатын  жылуды   қайта   пайдаландыратын  

ГТЭС-ы. Газ турбиналы электрстанцияларының негізгі блогы - басты энергоблок, алайда үлгіге байланысты ол компрессор, жылуды екіншілік пайдалануға мүмкіндік беретін жылуалмастырғыш, отындық газды дайындайтын қондырғымен және т.б. толықтырылады. Сонымен қатар, оны іске қосқанда тікелей пайданылатын дизельді қозғалтқышпен толықтырылады. ГТЭС-ның энергоблогы газ турбиналы қондырғы мен электр энергиясын өндіретін генератордан тұрады. Сонымен қатар энергоблок әртүрлі автоматтандыру және басқару жүйесі, фильтр, маймен жабдықтау жүйесінен және басқа да компоненттерден тұрады.

Газ турбиналы қондырғылардың сипаттамалары

Газ турбиналы қондырғылардың артықшылықтары:

а) Газ турбиналы қондырғылар құрылысы бойынша өте жеңіл болып табылады.

б) Қондырғы судың аз шығынын қажет етеді. Тек мойынтірекке өтетін май салкындатуға жұмсалады.

 с) Тағы бір ерекшелігіне турбо агрегаттың іске тез косылуын жатқызамыз. Қуатты қондырғыларды салқын жағдайдан жүктеме қабылдағанға қосу 15-18 минутқа созылады. Ал бу турбиналарында қосу бірнеше сағатқа созылады.

Кемшіліктеріне келетін болсақ:

1) Қондырғы пайдалы қуат өндіру үшін газдың бастапқы температурасы 550°С –ден жоғары болуы қажет, нақтырақ айтканда өте жоғары. Бұл жағдай газ турбиналарын тәжірибелі орындауында қиындықтар туғызады және ыстыққа төзімді материалдарды қажет етеді. Сонымен қатар арнаулы салкындату жүйелерінсіз жұмыс жасамайды.

...

Скачать:   txt (57.6 Kb)   pdf (647.9 Kb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club