Транзистордың графанатикалық есептеуі
Автор: nbakibaev • Март 28, 2018 • Лабораторная работа • 2,273 Слов (10 Страниц) • 580 Просмотры
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЭРОҒАРЫШ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
№ 1 есептеу-графикалық жұмыс
Пәні: Жүйелік бағдармалау
Тақырыбы: Транзистордың графоаналитикалық есептеуі.
Мамандығы: 5В071400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
Орындаған: Нұрұмханов Данияр Тобы: ВТк-14-1
Қабылдаған: аға-оқытушы Мусатаева Г.Т.
Нұсқа: 8
« » 2016ж.
(қолы)
Мазмұны
- Кіріспе...............................................................................................3
- Тапсырма...........................................................................................4
- Теориялық бөлім...............................................................................5
- Бағдарлама коды...............................................................................8
- Нәтиже..............................................................................................13
- Қорытынды.......................................................................................14
- Әдебиеттер тізімі..............................................................................15
Кіріспе
Классикалық жүйелік программалау процестер жəне ағындардың диспетчерлеумен жəне синхрондаумен, процестер арасында деректердің алмасумен, компьютер құрылғыларын жəне файлдарды басқарумен байланысты сұрақтар аймағын қарастырады. Соңғы кезде жүйені жобалау кезінде сонымен бірге деректердің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді,бұл деректерге рұқсатсыз қатынаудың өскен қауіпінен пайда болған.
Win32 API (Application Programming Interface) - Microsoft Windows операциялық жүйелер жанұясында программалаудың негізгі интерфейсі. Win32 API функциялары, мысалы, CreateProcess немесе CreateFile - Win32 ішкі жүйемен жүзеге асқан құжатталған, шақырылған ішкі программалар.
Тапсырма
Келесі функцияларды қолдана отырып бағадарлама жазу:
CreateThread
ExitThread
SetThreadPriority
GetProcessPriorityBoost
FlushViewOfFile
Ағындарды жасау
Ағын CreateThread функциясымен қалыптасады, жəне оның прототипі келесідей болады:
HANDLE CreateThread(
LPSECURITY_ATTRIBUTES lpThreadAttributes, // қорғаныс атрибуты
DWORD dwStackSize, // ағын стегінің байт түріндегі көлемі
LPTHREAD_START_ROUTINE IpStartAddress, // функции адресі
LPVOID lpParameter, // параметр адресі
DWORD dwCreationFlags, // ағынды қалыптастыру белгілері
LPDWORD lpThreadld // ағын идентификаторы
Қайтарылатын мəн: қалыптасқан ағынның дескрипторы жəне оның идентификаторы немесе сəтсіздік жағдайында null мəнін қайтарады.
lpStartAddress параметрі ағын орындайтын функцияны көрсетеді. Бұл функцияның прототипі келесідей болуы керек:
DWORD WINAPI ағын функциясының аты (LPVOID lpParameters);
Операциялық жүйенің программалары атқарушы модульдер болып табылады, сондықтан олар тек сигнатурасы алдын ала анықталмаған функцияларды ғана шақыра алады. Сондықтан ағындар үшін құрамында сілтемелері бар ең қарапайым параметрлер тізімі анықталған. Ағындар функциясы операциялық жүйелермен шақырылатындықтан, олар кері шақырылым функциялары депте аталады.
dwCreationFiags параметрі ағын қандай күйде қалыптасатынын анықтайды.
Ағындардың аяқталуы
Ағын ExitThread функциясын шақыру арқылы аяқталады, оның прототипі келесідей болады:
VOID ExitThread( DWORD dwExitCode // ағынның аяқталу коды);
Бұл функция ағынның функциясынан мəнді қайтарған кезде ашық түрде, немесе көрінбей шақырылуы мүмкін. Бұл функция орындалғанда жүйе процесспен жүктелген динамикалық кітапханаларға DLL_THREAD_DETACH хабарын жібереді, бұл хабарағынның жұмысы аяқталғанын көрсетеді. Бір ағын басқа ағынның жұмысын TerminateThread функциясын шақыру арқылы аяқтай алады, оның прототипі:
...