Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық жүйелердің сипаттау

Автор:   •  Сентябрь 27, 2023  •  Контрольная работа  •  787 Слов (4 Страниц)  •  78 Просмотры

Страница 1 из 4

ДӘРІС №4

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ СИПАТТАУ

ӘДІСТЕРІ

Дәрістің мәтіні

Мақсаты: Ақпараттық жүйелердің сипаттау әдістерін зерделеу.

Дәріс жоспары

  1.  Ақпараттық жүйелерді сипаттаудың сапалық және сандық әдістері
  2.  Ақпараттық жүйелерді динамикалық сипаттау
  3.  Ақпараттық жүйенің канондық көрсетілімі

Негізгі түсініктер: сапалық әдіс, сандық әдіс, ақылмандар талқысы, сараптамалық бағалау, Дельфи әдісі, морфологиялық зерттеу, термдер, предикат

Тақырыптың мазмұны:         Жүйелерді сипаттау әдістері нысандан-дырушылықты арттыру тәртібінде - алғашқыда жүйелік талдау, негізінен, онымен байланысты болған сапалық әдістерден бастап ЭЕМ-ді қолданатын сандық жүйелік модельдеуге дейін жіктеледі. Әдістердің сапалық және сандық болып бөлінуі, әрине, шартты сипатта болады.

  •  Сапалық әдістерде есептің қойылуын ұйымдастыруға, оны нысандандырудың жаңа кезеңіне нұсқаларды қалыптастыруға, нұсқаларды бағалау тәсілдемесін таңдауға, адамның тәжірибесін пайдалануға, әрқашан да сандық бағалаулармен көрсетіле бермейтін оның артықшылықтарына жете назар аударылады.
  •  Сандық әдістер нұсқаларды талдаумен, олардың мүлтіксіз дәл сандық сипаттамаларымен байланысты. Есептің қойылуы үшін бұл әдістерге құралдардың болмауынан, осы кезеңді жүзеге асыруды адамға толықтай қалдырады.

Жүйелік талдау әдістерінің осы шеткі сыныптары арасында екі кезеңді – есептің  қойылу, нұсқаларды әзірлеу кезеңі мен нұсқаларды бағалау және сандық талдау кезеңіне ұмтылатын әдістер бар, бірақ мұны нысандандырушылықтың әртүрлі дәрежесімен, әртүрлі алғашқы тұжырымдамалар мен терминологияларды қатыстыра отырып жасайды. Олардың ішінде: шешімдерді басқару, жобалау және қабылдаудың адаптивті жүйелерін әзірлеуге (ұйымдық жүйелерге қолдануға ыңғайлы адаптивтік жүйелер теориялары мен автоматты реттеу және басқарудың классикалық теорияларының негізгі идеяларын дамытудан шығаратын) кибернетикалық тәсілдеме; жүйелерді модельдеуде ақпараттық-гносеологиялық тәсілдеме (әртүрлі физикалық табиғат жүйелеріндегі көрсету, тану үдерістерінің ортақтығына негізделген); жүйелік-құрылымдық тәсілдеме; жағдайлық модельдеу әдісі; еліктемелік динамикалық модельдеу әдісі.

Жүйелік талдаудың сандық әдістері, талдамалық тәуелділіктер түрінде жүйелердің заңдылықтарын сипаттау жоқ болған кезде қолданылады.

Нақты жағдайларда жүйелік талдау қағидаттарын жүзеге асыратын әдістемелер жүйелерді зерттеу үдерісін, сондай-ақ проблемаларды шешу үдерісін нысандандыруға бағытталған. Жүйелік талдау әдістемесі жүйелерді нысандандырылған түрде көрсетудің бара-бар әдісін таңдауға мүмкіндік беретін жүйе туралы зерттеушінің жеткілікті мәліметтері жоқ болған жағдайларда әзірленеді және қолданылады. Ең жақсы нұсқаны таңдау мен жүйелерді көрсетудің нұсқаларын қалыптастыру бүкіл әдістемелер үшін ортақ болып саналады.

Ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану кезінде:

  •  жүйелердің әртүрлі қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді бағалаумен;
  •  жүйелердің оңтайлы құрылымдарын таңдаумен;
  •  оның параметрлерінің оңтайлы мәндерін таңдаумен байланысты көптеген зерттеулер мен есептеулер жүргізуді талап етеді.

Ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде қандай құбылысты негізгі, қандай факторларды - басты деп санауды анықтау аса қиын болады, яғни, сол бір нақты объектінің атқарымы үдерісінде есептің қойылуына қатысты әртүрлі математикалық сипаттамаларды алуға болады. Осыны ескергендегі күрделі ақпараттық жүйелердің математикалық модельдері көп болуы мүмкін, сондықтан олардың барлығы абстракциялаудың қабылданған деңгейімен анықталады.

Жүйелерді абстрактылы сипаттаудың мына деңгейлері:

...

Скачать:   txt (12.9 Kb)   pdf (324.2 Kb)   docx (432.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club