Цитоқанқа кұрылысы және қызметі
Автор: aknur888 • Май 28, 2018 • Реферат • 2,176 Слов (9 Страниц) • 5,354 Просмотры
«Астана Медицина Университеті» АҚ
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Цитоқанқа кұрылысы және қызметі
Орындаған: Кокшеева А.Б.
Топ:101
Факультет: Жалпы медицина
Тексерген: Кульмаганбетова Н.М.
Астана 2017
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
а) Цитоқаңқа
б) Микротүтікшелер
в) Жасуша орталығы (цитоцентр)
г) Кірпікшелер мен талшықтар
д) Микрофиламенттер
е) Аралық филаменттер
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиет
Цитоқаңқа– бұл жасушаның тірек-қоғалыс жүйесі, ақуыздық қосылыстарды қосады (фибрилді, жасушаның қозғалыс қызметін атқарады. Цитоқаңқаның құрылымы динамикалық, олар пайда болады және ыдырайды. Цитоқаңқа түзілуінің үш типі белгілі: аралық филаменттермен (диаметрі 10 нм жіпшелер), микрофиламенттер(диаметрі 5–7 нм жіпшелер) және микротүтікшелер. Аралық филаменттер – жіп тәрізді ақуызды құрылысты, жиі шоғырланып орналасқан. Олардың ақуыздық құрамы әр ұлпада әртүрлі, эпителей кератиннен, бұлшықет жасушалары десминнен тұрады. Аралық филаменттер тірек-каркас қызметін атқарады.
Микротүтішелердің орналасуы. Микротүтікшелер цитоплазмада мына бірнеше жүйелердің құрамында болып орналасады:
а) бүкіл цитоплазма және қалыптастыратын жүйе бойынша шашыраған бөлек элементтер түрінде;
ә) жұқа көлденең көпірлермен байланысқан будаларда (нейрондардың өсінділерінде, митотикалық ұршықтың құрамында, сперматиданың манжеткасында, тромбоциттердің перифериялық «сақинасында»);
б) бір-бірімен жартылай қосылып, жұп немесе дублеттердің (кірпікшелер мен талшықтардың аксонемасында) және триплеттердің қалыптасуымен.
Микротүтікшелердің құрылуы және бүлінуі. Микротүтікшелер олардың бірқалыпты жинағы мен диссоциацияның тепе-теңдігі бар тұрақсыз жүйе болып табылады. Микротүтікшелердің көбісінде бір ұшы («-» болып белгіленетін) бекітілген, ал екіншісі («+») бос және олардың созылуында немесе деполимеризациясында қатысады. Микротүтікшелердің құрылуына әсер ететін құрылым – сателлиттер (ерекше ұсақ сфералық денешіктер, ағылшыннан satellite –серік), оны микротүтікшелер құрылуының орталығы деп те атайды (МТҚО). Сателлиттер кірпікшелердің базальдық денешітерінде және жасушалық центрдің құрамында бар (3-15 және 3-16 суреттер). Микротүтікшелердің толық бүлінуінен кейін, олар цитоплазмада жасушалық центрден бастап минутына 1 мкм-ге жуық жылдамдығымен өседі, ал олардың жүйесі 30 минуттан аспай бұрынғы қалпына келеді. МТҚО-ға сонымен қатар хромосомалардың центромерлерін жатқызады.
Микротүтікшелердің бір-бірімен және жасушаның басқа құрылымдарымен байланысы әртүрлі қызмет атқаратын ақуыздар арқылы жүзеге асырылады. (1) Микротүтікшелер қосалқы ақуыздардың көмегімен басқа жасуша компоненттеріне бекітілген. (2) Микротүтікшелер өзінің ұзындығы бойымен ұзындығы бірнеше ондық нанометр сансыз бүйір өсінділер (микротүтікшелермен қауымдастырылған ақуыздардан түзілген)қалыптастырады. Осындай ақуыздар органеллалармен, транспорттық көпіршіктермен, секреторлық гранулалармен және басқа түзінділермен байланысуының арқасында, жиырылу қабілеті жоқ микротүтікшелер цитоплазмада жоғарыда айтылған құрылымдардың жылжуын қамтамасыз етеді. (3) Микротүтікшелермен қауымдастырылған кейбір ақуыздар олардың құрылысын тұрақтандырады, ал олардың бос шеттерімен бйланыса отырып, деполимеризацияға бөгет береді.
...