Жасөспірімдер арасында аллергияның таралуын талдау
Автор: JongKai88 • Май 20, 2018 • Статья • 1,912 Слов (8 Страниц) • 649 Просмотры
Айтқұл Бибігүл Рахатқызы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университеті, Түркістан қаласы
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ.
Аллергияның даму сатылары мен себептерін қарастырамыз. Осы уақытқа дейін жас балалар арасындағы аллергиялық реакциялар көп зерттелініп келеді. Ал жасөспірімдер арасындағы аллергияның даму механизмі мен негізгі факторлары қандай? Аллергияның жасқа байланысты өзгешеліктері бар ма? Аллергиялық аурулардың қазіргі уақытта көп таралуы неге байланысты? Аллергиядан түбегейлі құтыла алады ма? Осы сұрақтарға жауапты мақаладан таба аласыздар.Сондай-ақ, аллергияның қазіргі уақытта жаңа, әрі бір жағынан қызық түрлері тіркелуде. Аллергия жайлы жаңаша ақпараттар......
Кілт сөздер: аллергия , аллергик , аллерген , иммунды жүйе , бөртпе , аллергиялық реакция .
Аллергиямен аурушаңдық ғаламшарымызда адымдап артып жатыр. Медицина қызметкерлері оны «3-мыңжылдық обасы» деп атайды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) мәліметтеріне қарағанда , ХХІ ғасыр - аллергия ғасыры , ал әр екінші Жер тұрғыны – аллергиямен науқастанған (аллергик) болады [1]. Аллергиялық реакциялар ғасырлар бойы зерттелгенімен , әлі күнге дейін адам организміндегі жұмбақ процес болып отыр. Тіпті аллергиктердің өзі нақты неден қиналатындығын білмейді. Жақын арада осы кілт сөздерге жауап табылады ма? Әлде уақыт өте келе әрқайсымыз аллергиктердің қатарына қосыламыз ба?
Аталған мәселенің басын ашу үшін , тек қана ғалымдар мен дәрігерлердің зерттеулері емес , сондай-ақ аллергиямен науқастанған жандардың да ішкі көзқарасы маңызды. Осы дертке терең зерттеу жүргізуімнің бірден-бір себебі – өзімнің аллергиктердің қатарында болуымда. Аллергиямен науқастығыма байланысты , өзімді көп нәрселерден аулақ ұстап , мезгілімен емдік курстан өтіп тұрамын.
Тақырыбымның маңыздылығы , аллергиялық аурулардың қазіргі таңда өршіп кетуі, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында. Балалар аллергологиясында көбінесе мектепке дейінгі балалардың организміндегі аллергиялық серпілістер зерттелген , ал жасөспірімдер организміндегі аллергиялық реакциялар жайлы ақпараттар жоқтың қасы. Сондай-ақ елімізде де аллергиямен тіркелгендердің саны нақты болмауынан , дерттің санының артуы жайлы сенімді ақпараттарды ала алмаймыз. Аталған тақырыпты қозғауымның негізгі себебі осында.
14-15 жастағы жасөспірімдердегі аллергиялық реакциялардың ерекшеліктерін талдау , жұмыстың басты қозғаушы күші болып табылады.
Мағұлматтарға қарағанда , аллергиялық серпілістердің көрінісі жасқа, аллергендердің түріне және гендік ерекшеліктеріне байланысты.
Аллергия туралы алғашқы деректер Ежелгі Египеттен келді. Фараон Менес б.э. дейін 2540 жылы ара шағып , қатты аллергиялық ұстамадан қайтыс болған. Аллергияны зерттеу тарихы , міне 120 жылды санап отыр. Алғаш б.э. дейінгі V ғасырда ежелгі Греция дәрігері Гиппократтың науқастарының арасында организмі апельсинге және ірімшікке басқаша реакция (қызару , тері жабындыларының ісінуі) көрсететінін байқаған. Ол былай жазып кеткен: «Адам сау болып туылады , алайда барлық дерт тамақ арқылы келеді» [2 ; 156].
«Аллергия» (көне грекше: allos- басқаша, ergon-әрекет, жауап) терминін 1906 жылы Австрия педиаторлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген. Ол өз пациенттерінің симптомдарының қоршаған ортаның белгілі бір заттарымен шақырылатынын аңғарған. Аталмыш термин кейбір науқастар ағзасының қарапайым заттарға көрсеткен стандартты емес реакцияларын сипаттау мақсатында қолданыла бастаған.
ХХ ғасырдың ортасына дейін аллергиялық аурулар өте сирек кездескен. 1950 жылдың соңына таман дамыған мемлекеттердің ауыл шаруашылығында түрлі химиялық тыңайтқыштар кең көлемде пайдаланыла бастады. Медициналық статистикадан тура осы уақыттарда аллергиямен науқастану деңгейінің артқандығын көруге болады. Кеңес Одағы кезінде халық арасында шу шығармау үшін мұндай ақпараттарды жасырып ұстаған. 1985 жылдан кейінгі уақыттарда ақпараттар жария етілді.1960-1985 жж. балалар мен жасөспірімдер арасында аллергиямен науқастанушылық геометриялық прогрессиямен өскен және ауыр аурулардың қатырында болған [3].
...