Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасөстірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне әсер етуші фокторлар

Автор:   •  Апрель 7, 2018  •  Статья  •  1,068 Слов (5 Страниц)  •  943 Просмотры

Страница 1 из 5

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӨЗІНЕ –ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУ ӘРЕКЕТІНЕ ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Қабидолла Ж.А.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, МПиП-701 тобы, 1 курс, 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығы

Ғылыми жетекші:Тұрғанбаева Б.Ш.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті психология ғылымдарының доценті,п.ғ.к.Семей қаласы

Қазіргі кезде психологтарды тәрбие қиындығының пайда болуы көбінде жасөспірімдік шақта болатыны толғандырады.Олардың зерттеулері бойынша жасөспірім жасындағылардың организмнің дамуы күрделі кезеңнен өтетіні белгілі:мұндай баланың жастық ерекшеліктерді тәрбиенің жаңа жағдайында көбінесе, оның іс-әрекетінің қалыптасуына кері әсер етеді, жанжалды жағдайда ортамен  қатынастағы қайшылықтарға әкеледі. Алшақтық, сенімсіздік, психологиялық тұрақсыздық және т.б. тәрбие қиындығын туындататын көптеген теріс құбылыстар пайда болады.Жас ұрпақ тәрбиесі, жастардың рухани және дене дамуына байланысты қамқорлық – қоғамымыздың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады [1]. Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «... жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады ” деп атап көрсетті [2].Және де Қазақстан Республикасының Ата Заңында «Қазақстан Республикасы өзін демакратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары»(1-бап); әркімнің өмір сүруге құқығы бар; ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін,сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді,ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар» (15 бап); Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды;ешкімді азаптауға ,оған зорлық-зомбылық жасауға,басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (17бап)-деп көрсетілгендей,ең жоғарғы құндылық адамды қорғау әрбір азаматтың, сондай-ақ жалпы қоғамның алдында тұрған өзекті мәселе[3].

Алайда,жасөспірімдер арасында өршіп бара жатқан өз-өзіне қол жұмсау жағдайы жаһандық, қоғамдық  мәселеге айналып отыр.Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау мәліметтері бойынша әлемде жылына 400-500 мың адам өз-өзіне қол жұмсайды екен [4]. Ал Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық жасөспірім өз-өзіне қол жұмсайды (мұның тек тіркелген жағдайлар екендігін айта кеткен жөн).

Суицид(ағылшын suicide - өзін-өзі өлтіру) – жан жүйесі қатты күйзелген күйде не психикалық аурудың салдарынан адамның өзіне-өзі қол жұмсап өлу әрекеті;психикасын жаралайтын қиын жағдаяттардың ықпалымен өмірден өтудің ұғынылған түрдегі актісі;мұндайда адамның өз өмірі ең қымбат құндылық мәнін жоғалтады.Суицидтің себептері сан алуан және олар субъекттің жеке бастық деформациларымен,айналасындағы жағдайдың жанын жаралағанымен ғана байланысты болмай, түп-тамыры қоғамның әлеуметтік-экономикалық және адамгершілік тұрғысынан ұйымдастыруында да болуы мүмкін[5].

Өзін- өзі өлтірудің алдын алу мәселелерін зерттеудің нәтижесі тек 1917 жылы революциядан кейін жарияланды. Ал 30-шы жылдарың ортасында суицидтің педагогикалық превенциясы дамыды.60-шы жылдары өзін-өзі өлтірудің алдын алу мәселелері тек психиатрлар мен психотерапевттердің жұмыстарында қарастырылды.

Атақты психолог У.Джеймс суицидті «интеллектінің дамуындағы ауру» деп атаған.Көпшілік ғылыми тұрғыдан суицид феноменін тұлғаның психологиялық дағдарысымен байланыстырады. Бұл қандай да бір ситуациядан шығатын басқа жол таппағандықтан, адам өз өміріне балта шабуға барады»деген сөз.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (126 Kb)   docx (16.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club