Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтану – ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  928 Слов (4 Страниц)  •  786 Просмотры

Страница 1 из 4

1 тақырып.  Әлеуметтану – ғылым ретінде. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

        Дәріс мақсаты: 2 сағат дәріс сабағы арқылы студенттерде курстың объектісі, пәні және атқаратын қызметі туралы түсінік қалыптасады.

          Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтану түсінігі

2. Әлеуметтанудың құрылымы

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Кілт сөздер:  әлеуметтану, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік шындық, қоғам.

         «Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» - латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда әлеуметтану – қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857). Бірақ қоғам тек әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Сондықтан әлеуметтану – қоғам туралы ғылым деумен шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып бере алмайды.

«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада, барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады. Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де айналысады. Сөйтіп кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі – социум деп аталатын әлеуметтік шындық (социальная реальность). Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз – адамдардың әртүрлі деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.

Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз – қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.

2. Әлеуметтанудың құрылымы.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде атап айтқанда бүкіл қоғам көлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.

Әлеуметтану білімінің құрылымы – бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (126.6 Kb)   docx (12.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club