Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Автор:   •  Январь 26, 2022  •  Практическая работа  •  870 Слов (4 Страниц)  •  433 Просмотры

Страница 1 из 4

24.01.2022 ж.

Тақырып №1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.

Талқыланатын сұрақтар:

1.Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы.

  Саясаттану  ғылымы – ол саясат түсінігін қарастыратын ғылым болып табылады. Саясат ұғымын түсінуге деген ұмтылыстың алғашқы мемлекеттердің қалыптасу кезеңінен бастау алатындығын көруге болады. Саясат түсінігін танудың алғашқы тарихи қалыптасқан көзқарас түрі діни – мифологиялық таныммен тікелей байланысты. Осы танымға сай биліктің пайда болуы Құдаймен байланысты түсіндіріледі де, ал билеушілер Құдайдың жердегі өкілдері деп танылды. Тек біздің жыл санауымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасынан бастап саяси сана өзіндік сипатқа ие болып, алғашқы саяси ойлар мен тұжырымдар тұтас философия ілімінің бір тармағы ретінде қалыптаса бастады. Аталмыш үрдіс ең алдымен саяси зерттеудің теориялық негізін қалаушылар Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ежелгі заман ойшылдарының шығармашылығымен тікелей байланысты қарастырылады. Орта және Жаңа заманда саясат, билік және мемлекет мәселелерін тұжырымдау жаңа сапалық теориялық деңгейге көтерілді. Осы заманның беделді саяси және философиялық ой өкілдері Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Г.Гегель саясат ғылымын діни-этникалық формадан саяси ғылым ретінде ажыратып қан қоймай, табиғи құқық теориясы, қоғамдық келісім теориясы, халықтың еркіндігі, биліктің бөлінуі теориясы, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет сияқты тұжырымдамалықұстанымдармен қаруландырды.

  Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке ғылым және оқу пәні ретінде қалыптасып, алғашқы оқу және ғылыми орталықтары ашыла  бастайды. Осылайша, XIX ғасырдың аяғында Лондон университеті жанынан Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебі ашылады. 1857 жылы Колумбия университетінде профессор Фрэнсис Либердің бастауымен Америка тарихындағы алғашқы «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашылды. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:

  1.саяси теория;

  2.саяси институттар;

  3.саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

  4.халықаралық қатынастар.

2.Саясаттану пәні, ұғымдары, әдіс-тәсілдері мен қызметтері.

  Саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым – қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның қызметі мен жүзеге асырылуын, түрлері мен әдіс – тәсілдерін зерттейді.

  Ғылымның басқа да салаларындағы сияқты саяси саланың маңызды сипатын айқындайтын саясаттанудың да ғылыми түсініктер жүйесі және өзіндік ұғымдары бар. Оларға: «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықтық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат», «сыртқы саясат» және т.б. жатқызуға болады. Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де пайдалануы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз пәніне сәйкес қолданады.

  Саясаттанудың басты әдістемелік мәселесі және ең маңызды әлеуметтік міндеті – саяси заңдылықтарды анықтау және тану.

  Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән – мағынасын түсініп-білу үшін бірнеше әдістерді пайдаланады.Мысалы:

  Салыстырмалы әдіс – әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Ертеден келе жатқан тәсілдердің бірі болып табылады. Бұл тәсілді Аристотель, Платон, Монтескье қолдаған болатын.

  Әлеуметтанулық әдіс – шынайы саяси өмір жағдайларына қатысты фактілерді жинау мен талдауға бағытталған нақты әлеуметтік зерттеулердің әдіс – тәсілдерінің жиынтығы. Әлеуметтанулық зерттеу әдістеріне – сұрастыру, анкета, тәжірибе жүргізу, статистикалық талдау, математикалық модельдеу сияқты тәсілдерді жатқызады.

...

Скачать:   txt (12.8 Kb)   pdf (96.8 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club