«Тәрбиелік жүйе» ұғымы
Автор: Бегасыл Ақниет • Октябрь 3, 2022 • Практическая работа • 274 Слов (2 Страниц) • 1,701 Просмотры
Практикалық сабақ тақырыбы:«Тәрбиелік жүйе» ұғымы.
Орындаған: Бегасыл Ақниет Оқу тобы:Пмно 20-1
«Тәрбиелік жүйе» – тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттестігі үдерісінде туындайтын және ұжымның өмір салты, оның психологиялық климаты сияқты интегративті меңгерген тұтас әлеуметтік ағза ретінде өзінің негізгі қызметі – тәрбиелеуге қатысты ретке келтірілген әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық ашық жүйенің компоненті. Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады. Тәрбиелік жүйе – 1) тәрбиенің негізгі компоненттерінің өзара іс-қимылдары үдерісінде туындайтын (мақсаттар, субъектілер, олардың қызметі, пікірлесу, қарым-қатынас, материалдық база) және ұжымдық өмір бейнесі ретінде интегративті сипаттамалар мен оның психологиялық жағдайы (Л.И.Новикова) қамтылған тұтас әлеуметтік организм; 2) өзінің басты қызметі – тәрбиеге қатысты ретке келтірілген ашық әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық жүйе. Тәрбиелік жүйенің күрделі құрылымы бар және білім беру саласында білім беру мазмұнының, үдерістің, оны ұйымдастырудың әдістері мен формаларының мақсаттары арқылы сипатталатын тәрбие жұмысының жүйесін, өзара байланысты іс-шаралардың жүйесі ретінде (іс, акция) қойылған бірдей мақсаттар мен дидактикалық жүйені қабыстыру қамтылған. 3) уақыт пен кеңістікте дамыған өзара байланысты компоненттер кешенінің бастапқы тұжырымдамасы ( іске асыру үшін жасалған идеялар жиынтығы). Олардың құрамына:
-тұжырымдаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қызметтің сан алуан түрлері;
- іс-әрекет субъектісі оны ұйымдастырушы және оған қатысушылар;
- субъектілерді жалпылыққа кіріктіретін қарым-қатынас;
- субъектілер меңгерген орта;
- барлық компонентер жүйесін кіріктіруді тұтас қамтамасыз ететін басқару.
...