Батыс өңіріне ақын-жазушыларының шығармаларындағы диалектілік сөздер қолданысының көркемдік ерекшеліктерін
Автор: shattykkismetova • Апрель 25, 2022 • Магистерская работа • 6,451 Слов (26 Страниц) • 340 Просмотры
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
ОӘЖ 82-14 Қолжазба құқығында
ҚИСМЕТОВА ШАТТЫҚ СЕРІКҚЫЗЫ
Батыс өңірі ақын-жазушыларының шығармаларындағы тілдік ерекшеліктер
6М011700 – Қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертацияның
рефераты
Атырау, 2019 ж.
Жұмыс Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекші: Ж.И. Мұхамбетов,
филология ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Рецензент: Г.Ниетқалиева,
филология ғылымдарының кандидаты
Диссертацияны қорғау 2019 жылы «21» маусым күні сағат 09.00-де Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің БОҒ, №435 дәрісханасында өтеді.
Мекен-жайы: 060011, Атырау қаласы, «Студенттер» даңғылы, 1. Тел.: 8 (7122) 27 63 23. e-mail: edu-atgu.kz).
Магистрлік диссертацияның қолжазбасымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіғылыми кітапханасында танысуға болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.С.Елеуова
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Көркем шығарма – ұрпақтан-ұрпаққа қалатын құнды рухани мұра, тарихи-мәдени мәнділіктерді бойына жиған тілдік дерек.
Сондықтан жазушы тіліндегі әрбір тілдік бірлік сол заманның мәдениетін, суреттеп отырған ортаның жергілікті тілдік ерекшелігін, өмірлік болмысынан шынайы, нақты ақпараттар беретін тарихи-мәдени мұра десек те болады. Кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу аздық етеді. Өйткені, сөздің шығу төркіні сол тілде сөйлеуші халықтың сан ғасырлық мәдени-тарихи өмірінен бастауын алып жатады.
Автордың ішкі көркемдік дүниесі мен оны тудыру шеберлігін көркем шығарма мәтіні арқылы танып біле аламыз. Көркем шығарма мәтінінде автор өзінің ортасы, қоршаған әлемі туралы түсінігін сөз қолданыстар негізінде сөз өнері арқылы жеткізеді. Бұл тіл білімінде ғаламның тілдік бейнесі деп аталады. Демек, батыс өңірі ақын-жазушыларының тілінде батыс өңірінің ешбір өңірге ұқсамайтын өзіндік сөз қолданыс ерекшеліктері болады. Осы тілдік ерекшелік атаулы батыс өңірі халқының дүниетанымдық түсінігінің негізін құрайды.
Бұл ретте батыс өңірі ақын-жазушыларының қолданысындағы жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерттеу диссертациялық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты диалект сөздер мен сөз тіркестерінің сөз өнерінде қолданылу себептерін анықтау жұмыстың өзектілігін танытады.
Батыс өңірі ақын-жазушыларының шығармаларындағы жергілікті тілдік ерекшеліктерді жинап, зерттеудің тіл білімі үшін маңыздылығы аса зор. Батыс ақын-жазушыларының тілінде жергілікті сөз маржандары молынан табылады, яғни диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктерді зерттеп, зерделеу тіл білімі үшін ғылыми құндылығы жоғары зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысаны. Батыс өңірі ақын-жазушыларының шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктерін айқындайтын диалектілік қолданыстар.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.Диссертациялықжұмыс мақсаты –батыс өңіріне ақын-жазушыларының шығармаларындағы диалектілік сөздер қолданысының көркемдік ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында баяндау, мағыналық (семантикалы), лексикалық, этимологиялық, этнолингвистикалық, сондай-ақ, салыстыру әдіс-тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
...