Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағандығы, шығу тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
Автор: pernebek.zhaniia • Апрель 9, 2023 • Реферат • 9,363 Слов (38 Страниц) • 212 Просмотры
Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағандығы, шығу тарихы, шаруашылығы, мәдениеті
Кіріспе
I тарау Батыс Түрік қағанаты.................................................
- Батыс түрік қағанатының шығу тарихы........................
- Қағанаттың ішкі-сыртқы жағдайы..................................
- Батыс Түрік қағандығына қараған тайпалар................
- Қағанаттың құлауы.............................................................
II тарау Шығыс түрік қағанаты..............................................
2.1 Шығыс Түрік қағанатының құрылуы............................ 2.2 Қағанаттың ішкі саясаты................................................... 2.3 Қытайдағы төңкеріс............................................................
Қорытынды..................................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Батыс Түркі қағандығының құрылу тарихы он тайпаның он оқ бұдын тайпалардың бірігуі нәтижесінде пайда болған мемлекет .Олар шығыста бес тайпа дулу,батыстағы тайпа нушиби болған .Жалпы Батыс түрік қағандығының территориясына Жоңғария мен Орта Азия ,Түркістанның едәуір бөлігі кірген. Батыс Түрік қағандығының территориясының кеңейуіне және өзінің билігін жүргізе білген қағандар Шөгуи қаған(618-619)мен Тон яғбу(619-630)қағандар еді .Олар өз кезегінде қағандықтың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп бүкіл Тарим мен Памирге дейінгі ұлан-ғайыр аймақта өз биліктерін жүргізе білген .Тон яғбудың кезінде қағандықтың аумағын кеңейту,әкімшілік орталығын сол кездегі қолөнер мен сауданың маңызды орталығы болған Шу алқабындағы Суяб қаласына көшірілді, жазғы қонысы Мыңбұлақта болды. Жорықтар қағандық аумағын Гиндукш пен Амударияның жоғары ағысында дейін кеңейтілді .Тон яғбу өзінің ұлына Тарду -шадға билік берген еді .Оның әкімшілік басқару орталығы Құндызда болды .Тянь -Шаньның оңтүстігіндегі Маураннахһрдағы,ОртаАзия жеріндегі отырықшы аймақтар Батыс Түрік қағандығының иелігінде болды .Тарду-шад әкесінің жасаған жорықтарына қатысып билікті басқарудың техникаларын үйренген .Жалпы түркілер жасаған жорықтарынан көп мөлшерде табыс таба білген .Мысалы айтатын болсақ ол Чоре мен Тбилиси жерлері болатын .Батыс түрік қағандығын құрған он тайпа тұғырлықтар және шадыпыт болып екіге бөлініп кетеді. Батыс Шығыс қағандарының басқару жүйесі ұқсас еді. Қағандықтың ең жоғары билеушісі-қаған. Ал әртүрлі лауазымдар ерекше аталған олар ябғу,тегін,шад, еркін,тарқан, бек, бұрұк чор және т.б. Батыс Түркі қағандығын түркілердің Ашина тайпасынан шыққан ақсүйектер билейді. Онда 28түрлі дәрежеден тұратын лауазым иелері болған.Олардың бәрі феодалға айналып келе жатқан шонжарлар еді.Халықтың негізгі бөлігі-қара бұқара төменгі жігі тат деп аталған. Қатаң тәртіп орнатып, шексіз билік жүргізген Тон яғбу өз байлығын молайта беру үшін бағынушыларын қанаушылыққа ұстады. Мұның ақыры үлкен шиеленіске айналып ,ықпалды әскербасы Кюльбагатур Удельдер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен жиені Тор ябғуды өлтіріп өзін қаған деп жариялайды.Бірақ басқаларда қағандыққа таласып тайпалар арасында соғыс басталды .Міне осы кезден бастап Батыс Түрік қағандығы үшін келеңсіз жағдайлар көп орын алды .Көптеген жер иеліктерінен айырылып қалды ,олар Орта Азиядағы, Сырдариядағы жер иеліктерінен айрылып қалды . Жалпы Батыс түрік қағандығының тайпалар арасындағы соғысы ,мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайы, тайпалар құрамы , соғыс әрекеттері, қағандықтың әлсіреуінің негізгі себептерін ашып көрсету. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін оның құрамындағы тайпалардың бәрі бірдей өзге мемлекетке бағындыма? немесе өз алдына дербес мемлекет болып құрылдыма? ,мемлекет болып құрылса ол қандай мемлекет болды ,қанша жыл өмір сүрді . Жалпы осы мәселелерді аша білу біздің өзекті мәселеміз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Батыс түрік қағандығы Жоңғария мен Орта Азияны және Шығыс Түркістанды біріктірген ұлы қағандық.Батыс Түрік қағандарының бірі Тон яғбудың кезіндегі қағандықтың шығысы Алтай мен Тарим мен Памирге жеткізе білген ұлы қаған. Тон ябғудың жүргізген саясатынан біздің байқайтынымыз ол қолөнер мен сауданың орталығы болған Шу алқабындағы Суяб қаласын Тоқмаққа жақын жерге орналастыруын және жазғы астанасы Мыңбұлақты Испиджапқа жақын орналастырғанына қарағанда оның сауда байланысын дамытқысы келгенін байқаймыз .Тон ябғу бұрын өзіне алым төлеумен Орта Азия мемлекетінің үстінен саяси бақылау орнатқан болатын .Өзіне түгелдей бағынған солтүстігіндегі Испиджап пен Ташкент ,Оңтүстік Ауғанстан мен солтүстік батыстағы Пакистан территорияларына қаған өзі бекіткен бақылаушылар-тудундар жіберген .Олар қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жиып, бақылау орнатты. Жергілікті билеушілерге түркі титулдары беріліп ,олар қағанның басқару-әкімшілік аппаратының құрамына алынды Сонымен қатар Тон-ябғу жергілікті ықпалды билеушілермен жақын-қарым қатынаста болған. Қаған Орта Азияға ықпал етуді көздеп Самарқан билеушісіне өз қызын ұзатты .Тон ябғудың билік жүргізген стратегиясына өзіндік баға берген қытай жылнамашысы былай деген. «Батыстағы көшпенділер бұған дейін ешқашан мұндай қуатты болған емес» .Осы ұлан-ғайыр аумақты мекендеген түркі тілдес үйсін,қаңлы,қарлұқ,оғыз,қыпшақ тағы да басқа тайпалар Батыс Түркі қағандығының құрамына енген Батыс Түркі қағандығы құрылған кезде шығыстан келген көшпелі түркі тілдес тайпалар бұрыннан осы өңірді мекен еткен үйсін ,қаңлы, араласып сіңісіп кетті .Енді бұл «Он оқ бұдын», «Бес арыс дулу», «Бес тайпалы дүшпе » деген жаңа аттарымен әйгілі болды. Іле, Шу ,Талас өзендерінің аңғарларында, Алатау баурайларында егіншілік алқаптары болған. Егін, мал шаруашылығымен айналысатындарда патриархалдық қатынас үстем болған. Ал отырықшы егінші аудандарда феодалдық қарым қатынас орнаған болатын. Қытай мен Византия арасындағы Ұлы Жібек жолы бұл елдерді басып өтетін.Жетісудағы отырықшы аудандар мен қалаларды мекендеген соғдылар егіншіліктен қолөнермен ,сауда саттықпен айналысты . Жалпы Батыс Түрік қағанаты билеушісі Тон ябғудың қағандықты басқару стратегиясының жоғары болғандығын байқаймыз .Осындай қағандықтың ішкі-сыртқы жағдайын зерттеп өзіндік көзқарас қалыптастыру біздің мақсатымыз . Мақсатымызды негізге ала отырып біз алдымызға мынандай міндеттерді қойдық.
...