Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в ТОО «Корпорация Казахмыс»

Автор:   •  Июнь 23, 2025  •  Отчет по практике  •  2,771 Слов (12 Страниц)  •  155 Просмотры

Страница 1 из 12

Мазмұны

Кіріспе

6

1 Технологиялық бөлім

7

1.1 ТОО «Корпорация Казахмыс» туралы

7

1.2 Жезқазған байыту фабрикасы

7

1.3 Өндірістік қуаты мен жабдықтар

9

2 Негізгі бөлім

10

2.1 АСУТП жүйесінің сипаттамасы және құрылымы

10

2.2 Практика барысында зерттелген АСУТП жүйелері

11

2.3 SCADA жүйесінің жұмыс істеу принципі және визуализациясы

12

2.4. КД-1-дегі ұсатқыштардың температуралық қорғаныс ШУ

14

жүйесінің құрылғысы мен жұмыс істеу принципін зерттеу

3.Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік экология

17

3.1 Жалпы түсінік

17

3.2 Жумысшы міндетті:

18

3.3Студенттер үшін қауіпсіздік талаптары

19

3.4 Санитарлық-гигиеналық жағдайлар

19

Қорытынды

20

Пайдаланылған әдебиеттер

22

Қосымша

23

 Кіріспе

Ашық немесе жер асты тәсілімен өндірілген руда Жезқазған өңірінде тауарлы концентрат алу мақсатында әрі қарай байытуға жіберіледі. Бұл өңірде өндірілетін руда құрамында мыс, күкірт және басқа да пайдалы компоненттер бар, сондықтан ол Жезқазған байыту фабрикасының №1 және №2 цехтарында өңделеді. Бұл цехтарда руда арнайы технологиялық желілер арқылы бай және кедей рудаларға, құрамында зиянды қоспалары бар рудаларға, сондай-ақ кешенді рудаларға қарай бөлініп, өңдеуден өтеді.

Жезқазған байыту фабрикасында күнделікті руда құрамының өзгеріп отыруы өндірістік процестерге елеулі әсер етеді. Мысалы, металл мөлшерінің небәрі 1–2 % ауытқуы байыту шығындарының 10–20 %-ға артуына себеп болады. Ал күнделікті ауытқулар 100 %-ға дейін жетуі мүмкін, бұл өз кезегінде технологиялық процестерді тұрақты бақылап отыруды талап етеді.

Осы себепті байыту фабрикасында қолданылатын технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелері (АСУТП) маңызды рөл атқарады. Олар өндірістегі үдерістерді тұрақтандыруға, бақылау мен басқаруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Практика – студенттердің теориялық білімін нақты өндірістік жағдайда бекітуге арналған маңызды кезең. Жезқазған байыту фабрикасында өткен өндірістік практика барысында студент тек теориямен шектелмей, нақты технологиялық процестерді, жабдықтар жұмысын, автоматтандырылған жүйелерді және өндірістік тәртіпті терең меңгеруге мүмкіндік алады.

Практиканың негізгі мақсаты – болашақ маман ретінде кәсіби бағыттылықты қалыптастыру, мамандықтың мәнін ұғыну, зияткерлік және шығармашылық әлеуетті дамыту. Сонымен қатар, теориялық білімдерді тәжірибемен ұштастырып, өндірістегі нақты міндеттерді шешу қабілетін жетілдіру. Жезқазған байыту фабрикасындағы практика – түлектің кәсіби жолының алғашқы баспалдағы ретінде маңызды орын алады.

  1. Технологиялық бөлім

          1.1 ТОО «Корпорация Казахмыс» туралы

ТОО «Корпорация Казахмыс» – Қазақстандағы және ТМД кеңістігіндегі жетекші тау-кен-металлургиялық компаниялардың бірі. Компанияның тарихы ХХ ғасырдың бірінші жартысында басталған, ал қазіргі таңда ол еліміздегі түсті металлургияның ірі экспорттаушысы әрі стратегиялық маңызы бар кәсіпорын болып саналады.

Негізгі қызмет бағыттары:

        •Мыс кенін өндіру;

        •Кенді байыту және концентрат алу;

        •Балқыту және тазартылған катодты мыс өндіру;

        •Электр энергиясын өндіру мен тарату;

        •Инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Казахмыс компаниясының құрылымына 10-нан астам кен орны, бірнеше байыту фабрикалары, мыс балқыту зауыттары, энергия кешендері мен көлік логистикасы жүйелері кіреді. Компанияда мыңдаған қызметкер жұмыс істейді, бұл оны өңірлік ірі жұмыс берушіге айналдырады.

1.2 Жезқазған байыту фабрикасы

...

Скачать:   txt (36.9 Kb)   pdf (1.3 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club