Контрольная работа по "Макроэкономике"
Автор: Aidana Magzomova • Ноябрь 25, 2018 • Контрольная работа • 885 Слов (4 Страниц) • 1,452 Просмотры
НҰСҚА-1
ТАПСЫРМА - 1 (30 балл)
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қойыңыздар
1. Бюджет-салық саясаты ұлттық табыс деңгейіне, өндіріс көлемі мен жұмысбастылық деңгейіне және бағаның жалпы деңгейіне әсер ете отырып, жұмыссыздық пен инфляция сияқты макроэкономикалық мәселелерді шешуге бағытталған
А) өндіріс көлемі 2
В) жұмыссыздық 4
С) ұлттық табыс 1
D) жұмысбастылық деңгейіне 3
Е) инфляция 5
2. Экономиканың өрлеу кезеңдерінде автоматты тұрақтандырғыштар бюджетке түсетін салықтардың артуына және бюджет артықшылығының орын алуына мүмкіндік береді.
А) өрлеу 1
В) артықшылығының 3
С) артуына 2
D) мүмкіндік 4
3. Фишер әсері нақты пайыздық қойылымның тұрақты болуы үшін, инфляция қарқынына байланысты атаулы пайыздың өзгеріп отыруы, яғни нақты пайыз көлемінің сатып алушылық қабілетін тұрақты ұстау үшін инфляция деңгейі қаншаға өзгерсе, атаулы пайызды да сонша шамаға өзгертіп отыру қажет.
А) атаулы пайыздың 2
В) сатып алушылық 3
С) инфляция деңгейі 4
D) нақты пайыздық 1
Е) атаулы пайызды 5
ТАПСЫРМА -2 (40 балл)
Берілген тұжырым дұрыс болса «Ия», дұрыс емес болса «Жоқ» деп жауап бересіздер
1. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы мемлекеттік бюжетінің тапшылығы 580 млн теңгені құрады «Жоқ»
2. IS-LM үлгісі экономиканың нақты және ақша секторларының өзара байланысын, игіліктер нарығы мен қаржылық активтер нарығының экономикалық тепе-теңдігін сипаттайды «Ия»
3.Егер елдер әртүрлі өндіріс факторларымен әркелкі қамтылған болса, онда сол факторлардың бағалары да салыстырмалы түрде бірдей деңгейде болады «Жоқ»
4. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты экономикадағы өрлеуді тежеу мақсатында мемлекеттік шығындарды арттыру, салық салуды төмендету «Ия»
ТАПСЫРМА -3 (20 балл)
Есептерді шығарыңыз
- Егер атаулы пайыз мөлшерлемесі 10 %, ал инфляция қарқыны жылына 4 % болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі қаншаға тең?
i=r+πe
r= i- πe = 10%-4 %=6%
Жауабы: нақты пайыз мөлшерлемесі 6%
- Өндіріске қосымша 1000 доллар инвестиция салынды. МРС 0,8-ге тең. Бюджет мультипликаторы коэффициентінің мәні қанша болады?
1000 доллардың 800 доллары жұмсалады (1000*0,8=800), қалғаны жинаққа кетеді, яғни 0,2 ғана. 800 доллардан тұтынуға 80% ғана жұмсалады. Тұтынуға пайдаланатын ұлттық табыс өсімі 640 доллар 800*0,8=640 Ұлттық табыстың өсімі 1000+800+640
ТАПСЫРМА - 4 (10 балл)
1. Бюджет мультипликаторының графигін құрыңыз және оны сипатта
Жалпы Кейнсиандық крест табыстың (Ү) бюджет-салық саясаты мен жоспарланған шығындардың (E) белгілі бір көлемінде қалай анықталатынын көрсетеді:
...