«Агробизнес экономикасы» пәнінен емтихандық сұрақтар
Автор: kaden.olzhas • Январь 29, 2022 • Тест • 11,797 Слов (48 Страниц) • 290 Просмотры
«Агробизнес экономикасы» пәнінен емтихандық сұрақтар
- «Агробизнес экономикасы» пәні нені үйретеді
Агробизнес -
- ірі ауқымды іскерлік кәсіпорын ретіндегі жер өңдеу;
- ауыл шаруашылығына арналған өндірістік мақсаттағы тауарларды өндіру, (мысалы, фермерлік машиналар, тыңайтқыштар), сондай-ақ, ауылшаруашылық өнімді - азық-түлік, шикізатты сатуды қоса алғанда жер өңдеуге тығыз байланысты немесе оған тәуелді экономикалық іс-әрекет
Аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің мынадай негізгі үш саласы бар:
а) ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне және ішінара жеңіл өнеркөсіпке қызмет көрсетуге және күрделі құрылысқа арналған өндіріс құралдарын өндіру;
ә) ауыл шаруашылығының өзі;
б) ауыл шаруашылығы өнімдерін даярлау, тасу, сақтау, ұқсату және тұтынушыларға жеткізу салалары;
2. Агробизнес терминін алғаш рет қай жылы кім қолданд?
Американ экономистері Джон Дэвис пен Рей Голдберг 1957 жылы «Агробизнес тұжырымдамасы» кітабын шығарып, агробизнес теориясының негізін қалаушылар болды. Бұрынғы Одақта ХХ ғасырдың 60 жылдарында «аграрлы-өнеркәсіптік кешен» (АӨК) термині пайда болды, ол «агробизнес» терминіне пара-пар еді.
Агроөнеркәсіп кешені – бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, оны сақтау, өңдеу, тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы. Сөйтіп, АӨК- өзіне үш саланы енгізеді:
І сала – ауыл шаруашылығына өндіріс құрал-жабдығының
өндірісі
АӨК ІІ сала – ауыл шаруашылығы
ІІІ сала – дайын өнімді өңдеу мен өткеру
АӨК-нің қалыптасу негізін агроөнеркәсіптік интеграция құрайды – ауыл шаруашылығында қызмет жасайтын және оның өнімін тұтынушыға жеткізетін, ауыл шаруашылығы процесінің аралас-құралас салаларын қосу
Агроөнеркәсіптік интеграция өндіргіш күштердің дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, маманданудың нәтижесі болып табылады. Бұл жайлы К. Маркс былай деген: «Капиталистік өндіріс әдісі егін шаруашылығы мен өнеркәсіптің алғашқы отбасылық одағының алшақтығын жояды, сөйтіп олардың дамымаған сәби нышандарын бір-бірімен қосады. Сондай-ақ ол өз кезегінде жаңа, жоғары синтездің материалдық алғы шарттарын – олардың қарама-қарсы дамыған түрлерінің негізінде» егін шаруашылығы мен өнеркәсіп одағын құрады. Интеграциялық процестің сипатына жеке салалар ерекшелігі барынша әсер етеді – ауыл шаруашылығы кәсіпорынның мамандануы, осы территория шеңберінде ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың жиынтығы және т.б.
70 жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше «агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және іс-жүзілік сөз қолданысына енді. Жоғарыда аталғандай, оның үш саласы – қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені.
3. Агробизнес түсінігіне анықтама беріңіз
Агробизнес-бұл ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, қажетті ресурстарды Жеткізу, өңдеу, тасымалдау, маркетинг, менеджмент, ғылыми зерттеулер, қаржылық және несиелік қатынастар сияқты АӨК экономикасын анықтайтын және үйлестіретін факторлардың жиынтығын қамтитын экономикалық қызмет саласы
Агробизес кешені
І сфера. Реурсурстар:
техника, жем, тұқым,
тыңайтқыш, улы
химикаттар, несиелік
ресурстар
IV сфера. Агросервис: ІІ сфера
мемлекеттік Ауыл шаруашылығы
кооперативтік егіншілік, мал
жеке шаруашылығы, жем
өндірісі
ІІІ сфера. Маркетинг:
жинау, сақтау, өңдеу,
тасмалдау, сату.
Агробизнес комплекстің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық фактормен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс- несие де кіреді.
...