Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Лекции по "Экономике предприятия"

Автор:   •  Февраль 20, 2021  •  Курс лекций  •  30,916 Слов (124 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 124

Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша дәрістер жинағы.

Дәріс жүргізуші экономика ,ылымдарының кандидаты, жалпы білім беру каферасының профессоры Жұмаев Жеткіншек Жұмаұлы.

2020 – 2021 оқу жылы. Пән бойынша кредит көлемі – 5.

Дәріс - 1. Ұлттық экономика құрылымы.

Сабақ мақсаты: Ұлттық экономика құрылымымен және экономикалық ресурстардың түрлерімен таныстыру.

1. Ұлттық экономика құрылымы және оның түрлері.

2.Экономиканың инфрақұрылымы: түрлері және ұлттық экономика үшін маңыздылығы. 

3. Ұлттық экономиканың салалық құрылымы.                                                                                                   4. Жиынтық экономикалық әлеует: түсінігі және түрлері. 

5.Экономикалық ресурстар: түрлері және ерекшеліктері.  

           

1. Ұлттық экономика құрылымы және оның түрлері.

    Ұлттық экономика құрылымы  - тұрақты қалыптасқан және өспелең дамуға мүмкіндік беретін Ұлттық экономика бірліктері араларындағы байланыстардың жиынтығы.

 Ұлттық экономиканың төмендегідей құрылымдары кездеседі: 1.Үй шаруашылығы – ұлттық экономиканың құрылымын үй шаруашылығы араларындағы байланыстар жийнтығы ретінде қарауды білдіреді. Себебі үй шаруашылығы ұлттық өнімнің белгілі бөлігін өндіреді және қоғам өмірінде басқа байланыстардың дамуына да ықпалын тигізеді.                                                                                                                                             2) 2. Әлеуметтік құрылым – Ұлттық экономиканы бір – бірімен өте тығыз байланыста болатын секторларға бөлу немесе ұлттық экономиканы бір – бірінен ажырамайтын бөлімдер жиынтығы ретінде суреттеу, яғни халықтың топтарына, кәсіпорындардың еңбек күштеріне, еңбектүрлеріне қарай бөлу. Негізінен мемлекеттік және жеке сектор экономикасы деп бөледі.                                                                                                                              

  3.Салалық құрылым – экономиканы салалар, олардың араларындағы байланыстардың сипаты мен мәні бойынша суреттеу немесе экономиканы салалар жиынтығы ретінде көрсету. Ұлттық экономика саласы – қоғамдық өндіріс барысында белгілі қызметтік міндеттерді орындайтын ұлттық экономиканың бір бірлігі.

4. аумақтық құрылым – ұлттық экономика шеңберінде өндіргіш күштердің географиялық орналасуы бойынша суреттелінуі немесе ұлттық экономиканың түрлі экономикалық аудандарға бөлінуі.

5. Ұлттық экономиканың инфрақұрылымы – экономика салалары араларындағы түрлі өз – ара байланыстардан туындайтын экономика құрылымы

6. Сытрқы сауда құрылымы – түрлі тауалар топтары, олардың импорты пен экспорты араларындағы қатынастылықты суреттейтін.

Ұлттық экономиканың құрылымы тұрақты өзгерісте болады, ықпал жасаушы факторлардың ішінен негізгілері деп – ҒТП ,экономикалық дағдарысты және ұлттық экономика дамуы халықтың өспелі өмірінің сұранымын қанағаттандырмауын айтуға болады.

2 сұрақ. Экономиканың инфрақұрылымы: түрлері және ұлттық экономика үшін маңыздылығы. 

Экономиканың инфра құрылымы – ол, 1-шіден , негізгі мақсаты өндірістің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және халыққа түрлі қызметтерді көрсету болатын қызмет көрсету жүйелерінің жиынтығы ,2 – шіден, ұлттық экономиканың тұрақты өспелі дамуын қамтамасыз етуші экономика бірліктерінің жүйесі. .

Ұлттық экономика инфрақұрылымының төмендегідей негізгі түрлері болады:

1.Өндірістік инфрақұрылым – негізі қызметі өндірістік процестің тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Негізгі міндеті: 1- шіден,  материальдық өндіріс үрдісінің тұрақты дамуын қамтмасыз ету, 2 – шіден, әлеуметтік сфераның сұраныдарға сәйкес жұмыс жасауын қамтамасыз ету

2. Әлеуметтік инфрақұрылым .Ұлттық экономиканың жалпы халыққа және жеке азаматтарға түрлі қызметтер көрсету буындарының жиынтығы

3. Нарықтық инфрақұрылым – Нарықтық қатынастар дамуын қамтамасыз етуші құрылымдар жиынтығы. Ол төмендегідей буындардан тұрады:Сауда ұйымдары, биржалық сауда, банк жүйесі, көлік жүйесі , т.б.

...

Скачать:   txt (466.4 Kb)   pdf (565.6 Kb)  
Продолжить читать еще 123 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club