Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Каржы нарыfы

Автор:   •  Февраль 23, 2023  •  Реферат  •  1,019 Слов (5 Страниц)  •  135 Просмотры

Страница 1 из 5

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

Бұл мақалада Қазақстанның қаржы нарығының мәнін, құрылымын және рөлін ашуға тырыстық. Біздің ойымызша, қазіргі жағдайда, Қазақстанның қаржы нарығының мәнін зерттеу, бүгінгі жағдайы мен даму факторларын анықтау өзекті сауалдардың бірі болып отыр.

Өйткені, еліміздің қаржы нарығы елдің экономикасының жаңғыруына зор ықпал етері сөзсіз. Қаржы экономиканы тікелей қаржыландырудың бірден бір құралы ретінде, қаржы ресурстарының айналымдылығын арттыруға, тартылған қарыз қаражаттары бойынша мөлшерлемелерді төмендетуге қызмет етері сөзсіз.

Қаржы нарығының төлем қабілеттілігі артқан сайын, ел экономикасының тұрақтылығы да арта түсетіндігіне сенімдіміз. Қаржы нарығының экономикадағы орны мен рөлін түсіндіру арқылы, оның қазіргі жай-күйінің әр түрлі тәсілдер мен әдістерді енгізе отырып, басқару қажеттілігін талап ететінідігін түсіндік.

Қаржы нарығын сапалы басқаруға тиімді әдіс, тәсілдерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Және ол, өз кезегінде экономиканы құрылымдауға мүмкіндік береді. Қаржы нарығы арқылы ел экономикасының шоғырланған көрінісін, мәселелері мен ерекшеліктерін көре аламыз

Кілттік сөздер: қаржы нарығы, қаржы нарығының құрылымы, қаржы құралдары, қаржы нарығының институционалды құрамы.

Кіріспе

ҚР экономикасында қаржы нарығы, басқа да неғұрлым дамыған елдердің қаржы нарығы сияқты, аса маңызды рөль атқара бастады. Қаржы нарығының қатысушыларының саны өсуімен қатар, қаржы нарығы ұсынатын қызметтер түрі артып келеді. Қызметтер түрінің артуы мен сапасының жоғарылауы нарықта неғұрлым қатал бәсекенің орын алуына әкеледі. Бәсекенің жетілуі жаңа инновациялық қызметтерді дамыта отырып, әлсіз бәсекелестерді қаржы орталығынан, нарығынан ығыстыра бастайды. Заман талабына сай қызмет етіп, өмір сүріп қалуы үшін, Қазақстанның қаржы нарығының қатысушылары да күннен-күнге клиенттерді көптеп тартып және тұрақты ұстап қалуға тырысатыны белгілі.

Әлемдік өзгерістер мен халықаралық талаптарға төтеп бере алатын қаржылық құрылымдардың саны күннен күнге сиреп, дараланып келе жатыр десек те болады. Оның, өзіндік себепетері де жоқ емес.  Бір себеп, екі жылдан астам уақыт пандемиямен байланысты карантинде болу болса, екінші жағынан, Ресей мен Украина арасындағы соғыс және Ресей еліне көптеп салынған санкциялардың әсері екендігін мойындау қажет.

Қаржы нарығы елдің қаржы жүйесінің құрамадасы ретінде дами отырып, бір жағынан агент, екінші жағынана бәсекелес орта болып саналады және  де экономикалық қатынастарды дамытуға зор ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе, қаржы нарығының дамуы мен экономикалық өсім арасында тығыз байланыс пен бірізділіктің барын дәлелдеген болатын.

Әлемдік нарық болсын, бір мемлекет шегіндегі қаржы нарығы болсын, жеке және заңды тұлғалардың жинақ салымдарын инвестицияға тартумен жұмыстанады. Бұл процесте әр түрлі қаржы тетіктері мен құралдарын пайдалануға тура келеді.

Бүгінгі күні еліміздің қаржы нарығы қарама – қайшылықта дамуда. Сапалы өзгерістердің дамуына, сандық көрсеткіштердің жағымды өзгерісінің нәтижесі әсер ететінін белгілі. Қаржы нарығы, өкінішке орай жекелеген қаржы институттарының дамуында кемшін келе жатыр. Оған кәсіби мамандардың жетіспеуі, бастапқы қаражаттың жеткіліксіздігі және заң нормаларының әлісіздігі, қажетті заңнамалық базаның толық болмауы әсер етті деуге болады.

Қаржы нарығын дамыту үшін, оның инфрақұрылымы толыққанды қалыптасуы керек. Қаржы институттарының бүгінгі жағдайы, оның ішінде қор нарығының толық әлеуетін пайдалана алмауы, бұл нарықты өз дәрежесінде көрсете алмай отыр. Макродеңгейде қаржы нарығы еліміздің сыртқы экономикалық қатынастағы, ақша-несие саясатының құралы [2].

Қазақстанның қаржы нарығының бүгінгі қаржылық құрылымын мына ретте бейнелеуге тырыстық (1-сурет):

[pic 1]

Сурет 1. Қазақстанның қазіргі қаржы нарығының құрылымы

Ескерту: құрастырған авторлар

...

Скачать:   txt (16.3 Kb)   pdf (278.6 Kb)   docx (398 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club