АТФБанк
Автор: aruzhan.syzdyk • Февраль 5, 2022 • Реферат • 999 Слов (4 Страниц) • 174 Просмотры
М. ҚOЗЫБAEВ AТЫНДAҒЫ
COЛТҮCТIК ҚAЗAҚCТAН [pic 1]
УНИВEPCИТEТI
ТAPИX, ЭКOНOМИКA ЖӘНE ҚҰҚЫҚ ФAКУЛЬТEТI
«ҚАРЖЫ»
РЕФЕРАТ
«АТФБанк»
Opындaғaн: Сыздық Аружан Мұхитқызы __________________
(Тeгi, aты-жөнi) (Қoлы, күнi)
Тeкcepгeн: Карипова Ақсамал Мейрбекқызы ___________________
(Тeгi, aты-жөнi) (Қoлы, күнi)
Пeтpoпaвл қ.
2021 ж
«АТФБанк» АҚ — ҚР Ұлттық Банкінің «Алматы сауда-қаржы банкі» Жабық акционерлік қоғамын тіркеу негізінде құрылған банк. 2001 жылы «Алматы сауда-қаржы банкі» ашық акционерлік қоғамы, ал 2002 жылғы маусымда «АТФБанк» ашық акционерлік қоғамы тіркелді. 2003 жылғы қазанда банк «АТФБанк» АҚ деп қайта тіркелді.
[pic 2]
Құрылған жылы: 1995 жыл, маусым
1995 жылдың қараша айында «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ №59 Ұлттық және шетелдік валютадағы банктік заңнамада қарастырылған операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бас лицензиясын алды.
1996 жылдың қарашасында Алматы сауда-қаржы банкі Visa, EuroCard/MasterCard, Diners Club, JCB, American Express төлем карточкаларына қызмет көрсетуді бастайды.
1997 жылдың мамырында ҚР Ұлттық Банкімен Алматы сауда-қаржы банкі халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін банктердің бірінші тобына кірді.
1998 жылдың қарашасында Жеке логотипі бар 10 г және 20 г алтын құймаларының Қазақстанда алғаш рет барлық сатып алушылар сатылымының басталуы.
Желтоқсанда Қазақстан Республикасының Германиямен Үкіметааралық қаржылық ынтымақтастық аясында Алматы сауда-қаржы банкі Германдық кредит желісінің (Kreditanstalt fur Wiederaufbau — KfW) Қаржы операторы ретінде бекітілді.
2003 жылы қазанда Банк Қазақстандық франчайзинг қауымдастығымен ынтымақтаса отырып, жергілікті кәсіпкерлердің танымал әлемдік брендтерді сатып алуына арналған қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Қараша айында Банк жалпы көлемі $62 млн. құрайтын кезекті синдицирленген қарызды тартты. Синдикатқа 25 шетелдік банк қатысты. Қарызды ұйымдастырушы ретінде голландық ABN AMRO Bank әрекет етті. Қарыз бір жыл мерзіміне дәл осындай мерзімге ұзарту мүмкіндігімен берілді.11 желтоқсаннан бастап Visa Gold, Visa Business, Visa Classic, Visa Electron карталарының ұстаушылары үшін жаңа қызметті енгізді. Жаңа қызмет карта ұстаушы шет елде болған кезеңде банкомат арқылы карточкалық шоттағы ақша қалдығы туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
2005 жылы сәуірде «АТФБанк» АҚ және «Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті» АҚ арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумның негізгі міндеті – еліміздің қаржы және білім беру институты арасындағы байланысты кеңейту.
2006 жылы мамырда «АТФБанк» АҚ 2016 жылғы өтеу мерзімі бар 350 миллион АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды шығару бойынша мәмілелерді табысты түрде аяқтады. Ал қарашада «EUROMONEY» жетекші әлемдік қаржы басылымы АТФБанкке «Еуропаның дамушы елдері арасында корпоративтік басқару саласындағы ең үздік банк» атағын берді.
...