Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в ТОО «Сауда-А»

Автор:   •  Февраль 25, 2019  •  Отчет по практике  •  3,229 Слов (13 Страниц)  •  603 Просмотры

Страница 1 из 13

                                             Кіріспе

        Мен, Онғарбай Айжан , Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің экономика және менеджмент факультеті ,әлеуметтәк мәдени сервис мамандығының 4 курс студенті диплом алдындағы өндірістік тәжірибен «Сауда-А» жауапкершілігі шектеулі серітестігінде 22.01.2018 – 22.02.2019 жыл аралығында өттім. Диплом алдындағы өндірістік тәжірибе студенттің оқу үрдісіндегі маңызды кезең болып табылады. Өндірістік тәжірибие бірлікен өте отырып мен білім ордасынан алған теориялық білімімді тәжірибе жүзінде іске асырдым.

        Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаттары:

Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсатты:

  • «Сауда-А» ЖШС кәсіпорынның сипаттамасы, оның ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы, мамандануы: коммерциялық іс-әрекет түрлері;
  • Кәсіпорынның бөлім қызметкерлерінің қызметтерімен және лауазымдық міндеттерімен танысу;
  • Кәсіпорынның баға саясаты;
  • Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қатынастарының қалыптасуын бақылау;
  • Кәсіпорын мүмкіншілігін және тиімділік мәселелерін қарастыру;
  • Кәсіпорынның қаржылық саясатын талдау;
  • Кәсіпорынның өндірістік өткізу, басқарушылық, қаржылық, өндірістік-экономикалық әс-әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау;

        Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • «Сауда-А» жауапкершілігі шектеулі серітестігінің бәсекеге қабілеттілігін талдау;
  • «Сауда-А» жауапкершілігі шектеулі серітестігінің техникаларын арендаға өткізу және жарнама;
  • Субсидиялау шартымен танысу;
  • Банктік займды мақсатты пайдалануды тексеру актісімен танысу және т.б.

        Сонымен бірге:

  • кәсіпорында белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
  • қауіпсіздік және тазалық нормаларын сақтау;
  • әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау міндеттерін барынша сақтадым

        Тәжірибе ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармау керек:

  • берілген тақырыптық жоспарға байланысты кәсіпорын туралы толықтай ақпарат жинақтау;
  • бухгалтерлік есепті заңнамаға сәйкес жүргізу нысанын үйрену;
  • құжат айналымымен танысу;
  • кәсіпорынның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қалыптастыру.
  • Тапсырма бойынша материалдар жинау.


1 Негізгі бөлім

     1.1«Сауда-А» ЖШС жалпы сипаттамасы, ұйымдастырушылық – өндірістік құрылымы, мамандануы.

 Компания «Сауда-А» ЖШС заңды тұлға болып табылады және Казақстан Республикасының «Азаматтық құқығына», Казақстан Республикасының 22.04.2017 ж. «Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік», 19.06.1998 ж. «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау» заңдарына, 27.04.1995 ж. «Лицензиялау туралы заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізу», Казақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес құрылған.

           Компанияның фирмалық атауы – Компания «Сауда-А» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, қысқаша компания «Сауда-А» ЖШС.

            Меншік нысаны – жеке.

            Серіктестіктің орналасқан жері – Қазақстан Республикасы,Қарағанды қаласы, Қарқаралы ауданы, Асылбекова 10 үйі.

            Серіктестік қызметінің мерзімі – қызметтің шектелмеген мерзімі.

            Компания «Сауда-А»  Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі – Шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады. Құрылтайшылары:

– Қазақстан Республикасының азаматы Абдраимов Асқар Маратұлы.

 Компания «Сауда-А» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 2017 жылы 20 наурызда ЖШС ретінде құрылды.

            Серіктестік шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады қызметкерлepiнің орташа жылдық саны 50 адамнан және активтерінің жалпы құны жылына орташа 60 мың айлық еселік есептемелік керсеткіштен аспайды.         Тұрақты штаты құрайтын жұмысшылардың орта саны 50 адам жұмыс істейді, оның ішінде: 

  • инженерлік-техникалық жұмысшылар - 8
  • электромонтажниктер – 7
  • электрослесарьлер - 3
  • дәнекерлеуші - 3
  • машинист- арнайы техниканың операторлары - 25
  • білікті жұмысшылар - 4

 ЖШС қызметінің мақсаты мен нысаны:

Серіктестік келесі қызмет түрлерін атқарады:

  • коммерциялық қызмет (сауда-саттық қызметі, дүкендер, киоскілер, сауда орындарын ашу, делдалдық қызмет көрсету, көтерме-бөлшек,
  • комиссиондық саудаларды ұйымдастыру, жылжымайтын мүлік операциялары);
  • жанар-жағар май материалдарын сатып алу, сақтау және өткізу;
  • жанар май құю станцияларын жасау;
  • автотұрақтар ұйымдастыру;
  • халық тұтынатын тауарларды сатып алу-сату кезіндегі делдалдық және өкілдік қызметтер;
  • экспорт-импорт операцияларын жүргізу;
  • жолдар құрылысы және жөндеу;
  • жөндеу–құрылыс жұмыстары;
  • құрылыстық құрастыру жұмыстары;
  • құрылыс бұйымдарын жасау;
  • полимер заттарын шығару;
  • пайдалы қазбаларын өндеу, қайта өңдеу, сақтау және сату;
  • қондырғылар және қосалқы материалдармен жабдықтау;
  • жабдықтау-өткізу қызметі;
  • балташы-жиhаз өндірісі;
  • өндірістік-техникалық өнімдер мен халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату;
  • құрылыс және жол материалдарын, қондырғыларды, бұйымдарды өндіру және сату, өнеркәсіп және өзге өндіріс қалдықтарын пайдалану;
  • жеңіл автомашиналар, жүк машиналарын, автокөлікті, ауылшаруашылық техникасын және басқа да автокөлік құралдары мен механизмдерін сатып алу және сату;
  • автокөлікті жөндеу, сақтау, өңдеу және сервистік қызмет көрсету;
  • қоғамдық тамақтану орындарын: кафе, асхана, мейрамханалар ашу;
  • меншік және жалға алынған жерлерде бөлшек және комиссиондық саудаларды ұйымдастыру, фирмалық дүкендер құру, коммерциалық

         қызмет нәтижесінде алынған меншік өнімдерін сату;

...

Скачать:   txt (43 Kb)   pdf (643.4 Kb)   docx (371.8 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club