Отчет по практике в ОАО "Альфа-Банк"
Автор: ilmira_98 • Февраль 27, 2020 • Отчет по практике • 4,547 Слов (19 Страниц) • 788 Просмотры
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
«Қаржы және менеджмент кафедрасы»
2-ші өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Мамандығы: 5В050900 «Қаржы»
Фс-16-к тобы студенті Иманбаева Э.А.
Тәжірибе базасы жетекшісі
«Альфа – Банк» ЕБ АҚ-ның
басшысы Калиев Б.Б.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ жетекшісі
Аға оқытушы Сагандыкова Д.Х.
Петропавл қ. 2019ж.
МАЗМҰНЫ
КIPICПE | 3 |
| 5 |
1.1 «Альфа Банк» ЕБ АҚ даму тарихы | 5 |
1.2 «Альфа Банк» ЕБ АҚ-ның өнімдері | 7 |
| 9 |
2.1 Банктің несие формасы мен Банк несиесі | 9 |
2.2 Банктің пайыздық саясатына талдау | 13 |
2.3 Банктің депозит өнімі | 17 |
ҚOPЫТЫНДЫ | 19 |
ПAЙДAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI | 20 |
ҚOCЫМШA |
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжiрибе - әр түрлi меншiк нысанындағы ұйымдарда (кәсiпорындарда) және ұйымдық-құқықтық нысандарда оқытудың нысаны.
Тәжірибе еңбекті басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, жұмыспен қамту қызметтері ұйымдары мен мекемелерінің жұмыс істеуінің жалпы принциптерін зерделеу мақсатында жүргізіледі; персоналды, кадрларды, еңбек және жалақы бөлiмшелерiн, кадрларды басқару бөлiмшелерiн таңдау, орналастыру және есепке алу жөнiндегi қызметтер мен бөлiмшелердiң жұмысын ұйымдастыру принциптерi; сондай-ақ осы қызметтердің қызметін қолдайтын құжаттаманы талдау. Ол белгілі бір жұмыс орындарында теориялық оқытуды тәжірибелік іс-әрекеттермен біріктіруге мүмкіндік береді.
Мен, Иманбаева Эльмира Амангелдиқызы, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, тарих, экономика және құқық факультетінің 3-курс студенті өндірістік тәжіриебеден 06.05.2019-01.06.2019;24.06.2019-29.06-2019 аралығында Петропавл қаласы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-да өттім.
Өндірістік тәжірибені «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ның негізінде өттім. Банк Интернационал к. 64А мекен-жайы бойынша орналасқан. Банк сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бірқатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.
Тәжірибе студентке өзін танып білуге, жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін бірден-бір әдіс. Қазіргі заманның ағымына сай әрбір студент шет тілдерін және компьютерді толық меңгерген болуы керек. Студент жұмысына жауапты болып, өз білімін әрқашан толықтырып отыруы, жаңа шешімдер қабылдап, оны жүзеге асыра білуі керек. Жалпы алғанда тәжірибе мамандарды дайындаудағы ең басты фактор болып табылады. Тәжірибе барысында студенттер мамандық шеберлігін үйреніп, ұжымдағы ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын меңгереді.
...