Контрольная работа по "Бухгалтерскому учету"
Автор: aldi2000kz • Май 4, 2021 • Контрольная работа • 578 Слов (3 Страниц) • 299 Просмотры
1.Елеулі ықпал және бақылау құқығына қатысты нақты дәлел келтіріңіз:
Елеулі ықпал қай кезде пайда болады? Қай стандартпен реттеледі? Есеп жүргізу әдісі қандай?
Бақылау құқығы қай кезде пайда болады? Қай стандартпен реттеледі? Есеп жүргізу әдістемесі қандай?
Қауымдастырылған ұйым – қандай ұйым? Ол бар болған кезде инвестор компания есепті қалай жүргізеді?
Мысал: А Компаниясы В компаниясының акцияларының 25 %-ын 500 мың теңгеге сатып алды. Қаржылық жыл соңында В компаниясы 800 мың теңге көлемінде таза пайда алғанын, 300 мың теңге көлемінде дивиденд төлейтінін жариялады. А компаниясының есепті күнге қатысты инвестицияларының құны қалай көрсетіледі?
2. Инвестиция көлемі 20 пайызға дейінгі үлесті қамтыған кездегі инвестор компанияның есебі қалай жүргізіледі?
Мысал: А Компаниясы В компаниясының акцияларының 15 %-ын 500 мың теңгеге сатып алды. Қаржылық жыл соңында В компаниясы 800 мың теңге көлемінде таза пайда алғанын, 300 мың теңге көлемінде дивиденд төлейтінін жариялады. А компаниясының есепті күнге қатысты есеп жүргізуін көрсетіңіз?
Қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар ХҚЕС (IAS) 28
ХҚЕС 28 (IAS) "қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар»:
* қауымдасқан компанияларға инвестицияларды есепке алу принциптерін белгілейді;
* қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар үшін үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алуға қойылатын талаптарды сипаттайды.
Қауымдастырылған (ассоциацияланған) ұйым (associate) – бұл инвестор айтарлықтай ықпал ететін компания.
Елеулі (Маңызды) ықпал (significant influence) – бұл компанияның қаржылық және экономикалық саясатына қатысты шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ оны бақылау немесе бірлесіп бақылау мүмкін емес.
Елеулі ықпалдың болуы, әдетте, инвестициялау объектісінің дауыс беретін акцияларының 20% - дан 50% - ға дейінгі иелігімен сипатталады. Алайда, бұл әсер ету шекаралары абсолютті болып саналмайды. Инвестор акциялардың үлкен үлесін иеленбей ақ елеулі ықпал ете алады. Сонымен қатар, акциялардың үлкен пакетінің болуы әрдайым инвестицияланған компанияның қызметіне айтарлықтай әсер ету мүмкіндігін көрсете бермейді. Стандарт Елеулі ықпалдың болуын куәландыратын қосымша факторларды сипаттайды:
* директорлар Кеңесінде немесе инвестициялау объектісінің ұқсас басқару органында өкілдік ету;
* инвестициялау объектісінің саясатын әзірлеу процесіне қатысу,
...