Отчет по практике на районном отделении экономики
Автор: Aimannnnn • Июль 16, 2021 • Отчет по практике • 3,165 Слов (13 Страниц) • 368 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Экономика және бизнес жоғары мектебі “Экономика” кафедрасы
5В050600 «Экономика» мамандығының 3 курс студенті
Саинова Сагида Сапаргалиевнаның
өндірістік тәжірибеден өту
ЕСЕБІ
Кафедра атынан өндірістік тәжірибе жетекшісі
Болуспаев Ш.А.
Алматы, 2021 жыл
1
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3-4
I. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімінің» жалпы сипаттамасы және миссиясы........................................................................................................5
ІІ.Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері.......................................................6
ІІІ.Мекеменің жалпы ережелері және функциялары........................................7-9
IV. Бөлім атқаратын негізгі 5 қызмет бағыты..................................................9-15
Қорытынды.............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17
2
Кіріспе
Мен, Саинова Сагида Сапаргалиевна , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, экономика және бизнес жоғары мектебі факультетінің 3-курс студенті 07.06.2021-09.07.2021 жж. аралығында Атырау облысы «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өндірістік тәжірибеден өттім. «Бұл ұйым немен айналысады? Оның негізгі қызметтері қандай? Негізгі мақсаты мен міндеттері қандай? Оның жұмыс базасы Мемлекеттік тапсырмамен сәйкес жүргізіле ме? Болашақтағы болжаулары қандай? Қаржылық қызметі,оның жүргізілуі қандай? », міне осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында мен өзімнің өндірістік тәжірибемді шыңдай түсірмек оймен бұл ұйыммен тікелей таныстым.
Өндірістік тәжірибедегі мақсатым - университет берген білімімді тәжірибе жүзінде шыңдау,өзімді болашақ маман ретінде танып білу және болашақта мамандығыма сай тиісті жұмыс орнын табу. Сонымен қатар, «қаржы, ұйым қаржысының талдануы, бухгалтерияның маңыздылығы мен құжаттарын» тану мен үшін маңызды. Ал, менің бұл өндірістік тәжірибемдегі негізгі міндетім-ұйымды толықтай зерттеп саралап, ондағы қызмет түрлерімен танысу болды. Сонымен қатар, тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Жұмыс жасау барысында қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Тәжірибе өту барысында желілік байланыстарымен таныса отырып, теориялық алған білімді іс-жүзінде жасап көру. Мен, өндірістік тәжірибені өту барысында осы ұйымның атқаратын қызметтерімен, орындайтын міндеттерімен толығымен таныстым. Мекеменің барлық құрылымдық бөлімшелерінде болып, ондағы қаржылық жұмыстардың орындалуын көріп, өз білімімді жетілдіріп, оқып үйрендім.
Сонымен қатар, басты мақсатымның бірі - осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. ХХI- ғасыр ҒТР заманы болғандықтан, ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымымен жұмыс жасау өз кезегінде арнайы артықшылықтарды көрсетеді. Арнайы программалар көмегімен керекті ақпартты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Инновациялық және акпараттық технологиялардың қолданылуы әрбір жеке тұлға мен компания қызметтері үшін таптырмас көмекші құралға айналып отырғандығын көрсек болады. Дамудың қазіргі кезеңінде, сыртқы орта күрделене түскен кезде, әлеуметтік-экономикалық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі мәселесі өзінің
...