Ядролық энергия
Автор: Gdjsk • Ноябрь 5, 2023 • Реферат • 511 Слов (3 Страниц) • 82 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Пәні: Бейорганикалық химияның теориялық негіздері
Тақырыбы: Ядролық энергия
Орындаған: Ерзатқан Мәз
Тексерген: Шоқыбаев Ж.А.
Алматы 2022ж
Кіріспе
Бұдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген ертедегі Грецияның Левкипп, Демокрит, Лукреций сияқты философтары күллі зат өте ұсақ, бөлінбейтін бөлшектерден атомдардан тұрады деген.
М. В. Ломоносов 1741 жылы шыққан алғашқы жұмысының бірі “Математикалық химияның элементтері” деген еңбегінде атом, молекула жайындағы пікірін ғылыми жүйе түрінде ұсынды. Ломоносовтың негізгі идеясы барлық зат ұсақ бөлшектерден тұрады, олардың өзара ілінісетіндік қабілеттігі бар, заттың қасиеті негізінде осы ұсақ бөлшектердің қасиетіне байланысты.
Ломоносов бөлшектердің кішісі атомды элемент деп, ірісі молекуланы корпускала деп атады. Молекулалардың қасиеті оның құрамына кіретін атомдардың қасиеттеріне, орналасу тәртібіне тәуелді.
Ядролық энергия- ядроны құрайтын нуклондардың қозғалысына және олардың өзара әсеріне байланысты болатын атом ядросының ішкі энергиясы. Яғни, атом ядросындағы протон мен нейрондардың айналасында үнемі электрондар қозғалып, электр зарядымен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе Күн жүйесі мен оның айналасындағы ғаламшарлар арасындағы тартылыс күшіне ұқсас.
Негізгі
Қазіргі таңда, ядролық энергия көптеген мәселелерді шешеді. Бірінші, бұл энергия түрін табиғи жолмен өндіруге болады. Екіншіден, табиғи қорларды сақтап қалуға үлкен көмегін тигізеді. Мысалы, бір тонна ураннан бірнеше миллион тонна көмірден алынатын энергиядан көбірек энергия алуға болады. Үшіншіден, атом энергия станциялары қоршаған ортаны, отын ретінде көмірді пайдаланатын электр станцияларына қарағанда экологияға тигізер зияны аз. Сонымен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Ядролық қарудың негізі осы ядролық энергияға байланысты. Ал бұл Жер шарына өте үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Екінші кемшілігі атом электр станцияларында ядроны бөлшектеу кезінде жарылыстар, апаттар болып, нәтижесінде радиация табиғатқа пен адам денсаулығына өте үлкен қауіп төндіреді.
Ядролық реакцияларда өте көп энергия бөлініп шығады, ол кәдімгі экзотермиялық химиялық реакциялардағыдан бірнеше миллион есе артық. Бірақ ол энергияны іске асырып пайдалануға көп кедергілер болды, оның бастысы белгілі ядролық реакциялардың ішінде бір басталғаннан кейін мысалы, көмірдің жанғаны не кейбір басқа химиялық реакциялар сияқты, тоқтамай жүре беретіні болмады. Ядролық реакция жүру үшін, өне бойы сырттан, айталық нейронмен атқылап отыру керек.
Ядролық реакция – атом ядросының элементар бөлшектермен немесе басқа бір атом ядросымен әсерлесуі кезінде түрленуі. Табиғи жағдайларда ядролық реакциялар нәтижесінде жер бетінде жоқ жаңа радиоактивті изотоптар пайда болуы мүмкін. Бірінші ядролық реакция 1919 жылы ядролардың ыдырау өнімдерінен протондарды табу бойынша тәжірибелерде Э. Резерфордпен жүзеге асырылды.
...