Талантты химиктер
Автор: nazerke2193 • Сентябрь 21, 2018 • Лекция • 894 Слов (4 Страниц) • 599 Просмотры
Тақырыбы: «Талантты химиктер»
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру;
Дамытушылық: оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту;
Тәрбиелік: ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: турнир (жарыс сабақ).
Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, слайдтар, ойынға арналған құралдар.
Іс шараның барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) ойынға дайындалу.
ІІ. Жүргізуші. Құрметті оқушылар мен ұстаздар, 10 сыныптар арасында өтетін «Талантты химиктер» сайысын ашық деп жариялаймыз.
Тапқыр,білгір дарынды
Жарыс бар бүгін арынды.
Химия пәнін сүйсен сен
Ортаға сал барыңды.
Кел, келіңдер, сайыскер,
Көрермендер, жанкүйер.
Әділдікпен жарысайық,
Бұл сайыстан қалыспайық.
Өнерлі топтар бүгін ортамызда,
Командалар сәлем берер баршамызға.
Қол соғып біз оларды қарсы алайық,
Айтқандарын тыныштықпен біз тыңдайық!
Ортаға 10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары сайысқа шақырылады.
Сайыста:
1. «Зымыранды сұрақтар»
2. «Лаборанттар сайысы»
3. «Кім жылдам?»
4. «Полиглот»
5. «Есептер сыры»
Ойын нәтижесін қорытындылау.
Командаларды таныстыру.
І топ «Тапқырлар» - 10А ІІ топ «Ойшылдар» - 10Ә
Топ жетекшілерін тандау.
Әділ қазыларды тандау.
Ойын барысы
І. «Зымыранды сұрақтар» Әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап бере алмаса екінші топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортада, шықсын енді.
Тез жауап бер, ойланып тұрып қалма,
Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1 топ сұрақтары:
1. Атомдардың әр түрінен тұратын зат? (күрделі зат)
2. Коэфициент нені көрсетеді? (молекула және атом санын)
3. Элементтердің басқа бір элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті. (валенттілік)
4. Химия нені зерттейді? (заттарды, олардың қасиеттерін, өзара айналуларын)
5. Екі немесе одан көп заттардан тұрады? (қоспа)
6. Денелерді құраушылар? (заттар)
7. Қанттың судағы ерітіндісі қандай қоспаға жатады? (біртекті)
8. Сүттің ашуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс)
9. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом)
10. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы? (16)
- топ сұрақтары:
1.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? (молекула)
2.Бірдей атомдар түрінен тұратын зат. (жай зат)
3.Атомдардың белгілі бір түрі. (химиялық элемент)
4.Индекс нені көрсетеді? (атом санын)
5.Қорғасынның балқуы қандай құбылысқа жатады? (физикалық құбылыс)
6.Айдау әдісімен қандай қоспаны бөлуге болады? (біртекті қоспаны)
7.Жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, иілгіш жай заттар. (металдар)
8.Әртекті қоспаларды бөлу әдістері. (тұндыру, сүзу)
9.Химиялық реакциялардың белгілері (жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі)
10.Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы. (12)
ІІ. «Лаборанттар сайысы». Әр топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы орындайды.
Оқушылар бәрін дұрыс орындаған жағдайда 5 ұпайдан беріледі.
1 топ: пробиркадағы затты қыздыру ережесі.
2 топ: штативке пробирканың орналасуы, спиртшаммен қыздыру ережесі.
-Сынауықты ауызына жақын қысу керек. Қатты қысуға болмайды. Сынауық қысқышта емін еркін айналып тұру керек.
...