Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Моносахариттер. Дисахаридтер

Автор:   •  Апрель 12, 2023  •  Лабораторная работа  •  6,267 Слов (26 Страниц)  •  331 Просмотры

Страница 1 из 26

ЗЕРТХАНАЛЫҚ

САБАҚТАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

І. Лабораториялық жұмыс. Моносахариттер. Дисахаридтер.

         

          № 120. Углеводтардың α - нафтолмен ортақ реакцеясы (Молиш реакциясы).

          Материалдар: углеводтар (қант, крахмал, целюлоза), нафтол (спирттегі немесе хлороформдағы 10 %  - тік ері.).

          Пробиркаға 0,5 мл су және зерттелетін углеводтардан ( мысалы қанттың  немесе крахмалдың бірнеше түйірін, размері 2 – 3 мм болатын сүзгі қағаз салады).

          Одан соң 2 тамшы α - нафтол еріт. Тамызады. Қоспа сада нашар еритін нафтол әсерінен лайланады. Қоспаға пипеткамен 1 мл конц. H2SO4  тамызады. Пробиркаларда нафтол мен су қоспасы арасында  қызыл күлгін түсті сақина  түзіледі де, шайқаса қоспа қызып, толық боялады. Қоспаға су қосып сұйытылса боялған заттар ірімтіктеліп бөлінеді.

          Егер алынған зат углевод болмаса, қоспада қышқыл әсерінен күлгін түсті сақина түзілмейді. Мұнда углеводтармен нафтол арасында күрделі реакциялар жүреді.

    № 121. Углеводтардың конц – лі қышқылдармен реакциясы.

          Материалдар: қант (глюкоза мен фруктоза).

          Глюкозаның аздаған мөлшеріне 2 мл конц.  НСІ қосып 20 – 30 сек.

қыздырады. Одан соң ерітіндіні суытып, пробирканың 2/3 бөлігіне  дейін су қосды. Осы тәжірибені фруктозамен жүргізеді.

          Углеводтар қышқыл әсерінен ыдырауы әсерінен ыдырау процесіне ұшырайды.

          № 122. Көп атомды спирттерді тотықтырып, қантты заттар алу.

          Материалдар: глицнрин, маннит, бром суы.

          3 – 4 тамшы глицерин немесе маннит 3 мл суда ерітіп, оны 2 бөлікке бөледі. 1 – бөлігіне сондай мөлшерде сұйытылған сілті еріт., одан соң 2 - 3  тамшы CuSO4 еріт. Қосады. Түзілген мыс гидроксидінің  көгілдір тұнбасы шайқаған кезде ериді де, ерітінді күлгін немесе көк түске боялады. Ерітінді қайнағанша қыздырады. Өзгеріс байқала ма?

          Екінші бөлігіне (глицериннің немесе манниттің) 8 – 10 мл бром суын қосып түсі оойылғанша су моншасында қыздырады. Егер 10 – 15 мин. Соң ерітіндінің түсі жойылмаса, онда оны 1 – 2мин. Жалында қыздырады. Түссіз сұйықтықты салқындатып, одан 2 мл – дей құйып алып, оған сілті және   CuSO4 – пен реакциясын жүргізеді.

          № 123. Глюкоза озазонының түзілуі.

          Материалдар: глюкоза, фенилгидразин гидрохлорид, натрий ацетаты.

          Тәжірибе алдында  2 салмақ тұз қышқылы фенилгидразинге 3 салмақ натрий ацетатын қосып, жақсылап араластырылып қойылады.

          0,2 г глюкозаны  4 мл суда ерітіп, 1 г дайындалған тұз қоспасын қосып, 5 – 10 мин су моншасында сілки отырып, қыздырады. Озазонның сары түсті кристалдары түзіле бастағанда, пробиканы штативке орналастырып, біраз уақыт қойып қояды. Глюкоза озазонының кристалдары түзіле бастайды.

          № 125. Екі валентті тұздарымен қанттың әрекеттесуі.

          Материалдар: моносахаридтер (глюкоза, галактоза, фруктоза), дисахаридтер (сахароза, мальтоза, лактоза).

          Жұмыс 2 – 3 мл суда ерітілген 0,05 – 1 г бірнеше әртүрлі қанттармен жүргізіледі.

          2 – 3 мл қант ерітіндісіне 1 мл сұйытылған сілті және 2 – 3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісіне қосылады. Түзілген тұнба шайқаған кезде еріп, сұйықтық көк түс береді. Одан соң сұйықтықтың жоғары бөлігі қайнағанға дейін жалында қыздырады. Егер қант тотықса. Онда көк түс қыздырғанда жасыл түске ауысып,  одан соң жойылады. Бірте – бірте қызыл түс пайда болады.

          № 127. Қанттардың  күміс гидроксидімен аммиактағы ерітіндісімен   әрекеттесуі.

          Материалдар: қант (моносахарид, дисахарид), күміс тотығы (аммиактағы еріт.).

          Ыстық сілті еріт. мен суда жуылған пробиркаға 1 мл күміс тотығының аммиактағы еріт. 1 мл қант еріт. құйып, пробирканы бірнеше минут ыстық суға салып қояды. Егер пробирка таза болса, онда қанттың тотығуы нәтижесінде металл күміс пробирка қабырғасына қонады немесе қара түсті тұнба түзіледі.

          № 129. Моносахаридтердің бром суында тотығуы.

...

Скачать:   txt (53.9 Kb)   pdf (198.2 Kb)   docx (22.6 Kb)  
Продолжить читать еще 25 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club