Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көмірсулар

Автор:   •  Декабрь 10, 2022  •  Реферат  •  495 Слов (2 Страниц)  •  469 Просмотры

Страница 1 из 2

[pic 1]

Insta:  @kzchemistry   Бауыржан ағай   +7 702 972 42 94

                              [pic 2] 

Көмірсулар

(чек-лист)

                                             Көмірсулар

Көмірсулар

Көмірсулар – құрамына көміртек С, сутек Н, оттек О кіретін күрделі органикалық қосылыстар, олар адам массасының 0,6%-ын құрайды.

Көмірсулардың жалпы формуласы Сn(H2O)m

Көмірсулар моносахарид, полисахарид, дисахаридтер деп жіктеледі.

Моносахаридтер

Қарапайым моносахаридтерге фруктоза мен глюкоза жатады. Олардың формулалары да бірдей  .Барлық моносахаридтердің дәмі тәтті болады.Формуласы:С6Н12О6

Глюкоза – қатты кристалды зат, суда жақсы ериді, дәмі тәтті, балқу температурасы төмен. Глюкоза барлық өсімдіктердің мүшелерінде кездеседі.Әсіресе глюкоза жүзім шырынында, піскен жемістер мен жидектерде болады. Кейде глюкозаны «жүзім қанты» немесе «жеміс қанты» деп атайды. Ол фруктозамен бірге балдың негізгі құрам бөлігін құрайды. Адам және жануар қанында шамамен 0,1 глюкоза болады

  • Глюкоза табиғатты фотосинтез процесі нәтижесінде түзіледі:

[pic 3]

  • Өндірісте глюкозаны, крахмалды күкірт қышқылы қатысында гидролиздеу арқылы алады:

[pic 4]

  • Глюкоза ашу процесіне бейім.Бұл реакциялар ерекше биологиялық өршіткілер - ферменттердің  әсерінен жүзеге асады. Әртүрлі ашулардың маңыздылары:

1.Спирттік ашу:

[pic 5]

  • 2.Сүт қышқылын түзе ашуы:

[pic 6]

  • Адам организмінде глюкоза тотығу процесіне ұшырайды, реакция нәтижесінде түзілген энергия организмнің энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді[pic 7]

Дисахаридтер

Дисахаридтердің ішіндегі маңыздысы – сахароза12Н22О11 формуласы.Ол түссіз, тәтті дәмі бар, суда өте жақсы еритін кристалды зат.Сахароза аққайыңның, үйеңкінің, қауынның шырынында болады.Әсіресе ол қант қызылшасы мен қант қамысында көп кездеседі.Дисахаридтердің маңызды химиялық қасиеттері – олардың гидролизденуі.Қышқыл немесе ферменттердің әсерінен сахароза гидролизденгенде глюкоза мен фруктоза түзіледі.

[pic 8]

Полисахаридтер.

Крахмал (С6Н10О5) -табиғи полимер.Крахмалдың макромолекуласында қайталанатын буын саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін жетуі мүмкін. Крахмал табиғатта кең таралған, ол көптеген өсімдіктердің қоректік затының қоры болып табылады. 

Крахмалды көбіне картоптан алады. Крахмал – суда ерімейтін, ақ ұнтақ. Ыстық суда ісініп, коллоиды ерітінді – клейстер түзеді.

Крахмал оңай гидролизденеді:

[pic 9]

Крахмалдың өзіне тән қасиеті – оның йодпен әрекеттесуі. Крахмалдың сулы клейстеріне йод ерітіндісін тамызса, көк түс пайда болады.

Табиғи крахмал біртекті емес, ол сызықтық полимер амилоза (25) мен тармақталған полимер – амилопектиннен (75) тұрады.

Целюлоза.

Целлюлозаның формуласы крахмалдың формуласы сияқты. Целлюлоза немесе клетчатка өсімдіктер құрамына жасуша қабығын түзетін зат ретінде кіреді.Осыдан оның целлюлоза атауы шыққан. Ол өсімдіктерге қажетті беріктік пен иілгіштік қасиет береді. Мақта талшығында 90%-ға дейін целлюлоза болады, ағаш сүрегінің 50%-ы  целлюлозадан тұрады. Целлюлозаның көп мөлшері басқа заттармен бірге ағаштан алынады.

Целлюлоза – суда, органикалық еріткіштерде ерімейтін талшықты зат.

Целлюлоза жақсы жанады. Ағашты ауасыз қыздырғанда целлюлозаға ыдырайды. Нәтижесінде ағаш көмірі, метан, метанол түзіледі.  Целлюлозаға тән маңызды қасиеттерінің бірі – оның қышқыл қатысында гидролизденіп, глюкоза түсуі:

[pic 10]

Қолданылуы.

Тағаммен бірге адам организіміне түсетін колорияның көп мқлшері көмірсуларға тиесілі. Глюкоза – маңызды қоректік зат. Глюкоза кондитер және тоқыма өнеркәсібінде кеңінен танымал.Глюкозаны ашытып сүт қышқылы өнімдерін алады.Целлюлозаның басым бөлігін қағаз жасауға, этил спирті мен маталар өндіруге жұмсалады. Жалпы көмірсулардан сұйық отын этанол алуға болады.

...

Скачать:   txt (6.5 Kb)   pdf (228.4 Kb)   docx (340.3 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club