Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кондуктометрия

Автор:   •  Апрель 21, 2018  •  Реферат  •  3,162 Слов (13 Страниц)  •  1,942 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Химия факультеті

Реферат

Тақырыбы: «Кондуктометрия»

Орындаған: ХЕ-21 топ студенті Әлиакбарова Дәндігүл

Қабылдаған: Рахимжанова А.С.

Қарағанды-2018

Жоспар

КІРІСПЕ................................................................................................................3-4

І.Кондуктометрияның теориялық негізі..........................................................5-10

ІІ.Кондуктометрлік әдістердін жіктелуі.............................................................11

2.1.Тікелей және жанама кондуктометрия.....................................................12-13

2.2.Кондуктометриялық титрлеу....................................................................14-15

ІІІ. Кейбір иондардың қозғалғыштығы. Қышқыл мен негіздің өзара әсерлесу реакциялары.....................................................................................................16-19

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................21

Кіріспе

Қазіргі кездегі аналитикалық химияны ХХ ғасырда қарқынды дами бастаған сапалық және сандық талдаудың электрохимиялық әдістерінсіз қарастыру мүмкін емес. Оның қауырт дами бастауы теориялық электрохимиямен және  өлшеуіш радиоэлектрондық аппаратураларды зерттеумен байланысты. Мұнсыз талдаудың электрохимиялық әдістері жоғары сезімталдық, дәлме-дәлдік, тездік, қайта өңдеп шығару, автоматтандыру мен компьютерлену сияқты қасиеттерге жете алмаған болар еді. Электрохимиялық ұяшықтарда пайдаланатын электрохимиялық эффектілер мен процестер көптеген параметрлерге тәуелді: ерітінділердің балқымалар мен  қоспалардың құрамы мен табиғатына;  қолданылатын электродтардың жасалуы мен құрылысына; радиоэлектродтық зерттеу аппаратураларына; ұяшықтың құрылыс-құрылымына. Талдаудың электр химиялық әдістерінің сан түрлілігі осыларға байланысты. Электрохимиялық әдістің көмегімен кез келген агрегаттық күйдегі бейорганикалық және органикалық қосыластарды сандық және сапалық тұрғыдан талдауға болады. Зерттелетін ортадағы электр химиялық процестер өзара жанасатын фаза шекараларында немесе олардың көлемінде жүреді, олар құрылымының, валенттік күйдің, химиялық құрамның, концентрацияның және басқа да параметрлердің өзгерсімен байланысты. Электрохимиялық талдау әдістерін әрқайсысын жіктеуге болатын топ-топтарға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, потенциометрия, кондуктометрия және жоғарғы жиіліктегі титрлеу, вольт-амперметрия және полярография кулонометрия, диэлектрометрия. Кондуктометрия электролиттердің концентрациясын кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін елшеуге негізделген. Кондуктометрия - ең қарапайым және талдап сұрыптаудын электрохимиялық әдісі. Кондуктометрлік әдістердің барлығы жылдамдығымен, өлшеуіш аспаптарының оңай табылуымен, жұмысының ыңғайлылығымен, қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік, технологиялық және лабораториялык жағдайларда талдауды автоматты түрде, әрі қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтаганда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды. Кондуктометрлік ұяшықтарды термостатсыз өлшегенде, бұл қателіктер 3 %-ке артады, өйткені температураның бір градусқа жоғарылауы электр өткізгіштікті 2 не 3 проценттей өзгертеді. Демек, ерітінділерді термостаттау кондуктометрлік талдау әдісінің дәлдігін арттырады.

Кондуктометрия өнеркәсіптің түрлі салаларындағы электролиттік ерітінділермен, құймалармен жұмыс істейтін өнндірісті автоматты түрде реттеуге, әртүрлі ерітінділердегі тұз мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Ерітіндінің электрлік өткізгіштігінің өзгерісіне сүйене отырып эквиваленттік нүкте табылатын кондуктометрлік титрлеу әдісі практикалық тұрғыдан үлкен маңызға ие.

...

Скачать:   txt (52.2 Kb)   pdf (418 Kb)   docx (124.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club