Жылутехникасы
Автор: ulbosin04 • Апрель 18, 2024 • Лекция • 1,752 Слов (8 Страниц) • 116 Просмотры
Лекция № 6
Лекция тақырыбы
Жылутехникасы
Жоспар:
- Жылутехникасы пән ретінде
- Жылуды алу
- Жылутехникасының теориялық негіздері
- Жылутехникасы – жалпы техникалық негізгі пән, ол жылуды алу әдістерін, қайта құрылуы, берілуін және қолданылуын, сонымен қатар жұмыс істеу принципін жылу және бу генераторларының ерекшелігін жылу трансформаторларын, жылу машиналарын, аппараттың құрылысын оқытады. Бұл энергетикалық білім инженер-химик-технологтарды дайындау жүйесінде және олардың практикалық қызметін дайындаудағы арнайы негізгі пән болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогрестің үдеуінің негізі жылу энергетикалық ресурсына елдің сұрасының толық қанағаттануы болып табылады. Жаңа жағдайда өндіріс күшін дамыту бұл мәселені шешу тек жылу өндіруді және энергия өндірісін арттырып қана қоймай сонымен қатар бүкіл халық шаруашылығының салаларын мақсатты түрде энергияны қорғайтын саясатты жоспарлы түрде жүргізу.
Химия өнеркәсібінде энергия өнім алу шаруашылығында қатысады. Энергиямен қамтамасыз етудің бұзылуы өндіріс бөлімдерінің қызметінің тоқтауына немесе толық өндірістің тоқтауына әкеледі. Химия өнеркәсібінің энергетикалық шаруашылығы энергетикалық қондырғыларды (ЖЭҚ кательныйды, компрессорларды оттекті жүйелерді, қайтадан өңдеуді, тоңазытқышты, жылу қондырғыларды) жылутехникалық қондырғылардың энергетикалық элементтері және бірлескен энергияхимтехнологиясы жүйесінің (ЭХТЖ) энергетикалық элементі технологиялық және энергетикалық өнімдерге әкеледі. Энергетикалық шаруашылықтың химиялық өндірістің ерекшелігі болып ондағы екіншілік энергоресурс (ЕЭР). қондырғыларының болуы саналады.
Жылутехникасының пән ретіндегі міндетті инженер-химик технологты дайындауда. Олар сауатты жобалауды басқара білуді, жаңа химия өндірісінде жұмыс істеуді, жылуэнергетикалық қондырғыларды технологиялы меңгерген болып табылады. Бұл дайындықтар жоғарғы оқу орнын бітіруші химия-технологиялық міндеттерінің бірі болып табылады. Осындай дайындықтың маңызы атом, термоядролы энергияның жаңа түрлерінің қалыптасуына байланысты өсіп отырады немесе мәнді сөздегідей ешқандай энергия түрі қымбатқа түспейді, оның кемшілігіне қарағанда.
Жылу адам өмірінде барлық саласында қолданылады. Қазіргі уақытта жылуды қолданудың әртүрлі энергетикалық және технологиялық бағыттары қолданылады. Энергетикалық жылуды қолданғанда жылу механикалық жұмысқа айналып, соның көмегімен алыс қашықтықтарға беруге ыңғайлы генераторларда электр энергиясы шығарылады. Жылуды қазандық қондырғыларды отында жағу немесе іштен жану двигательдерінен алады. Технологиялықта жылу әртүрлі денелердің құрамына байланысты өзгертуге қолданылады.
2. Жылуды алу.
Жылутехника өндірісте ауыл шаруашылығында транспортта және тұрмыста жылуды қолдану мен алудығы қамтитын техникалық саласы.
Жылуды алу. Адамзаттың (ХХ ғасырдың 70-жылдары) қолданылатын жылудың негізгі көзі жағу кезінде бөлінетін табиғи органикалық отын болып табылады. Отынның қатты, сұйық, газ тәрізді түрлері белгілі. Ең жиі тараған түрі қатты отын – көмір ( тасты және қазба, антрациттер) жаңғыш сланец, торф. Табиғи сұйық отын – мұнай, бірақ мұнайдан жылу алу сирек қолданылады. Мұнай өндіруші кәсіпорындар – автомобильдер мен авиационды двигательдердің поршендерінің жаңғыш заттары - бензин өндіреді; керосин – реактивті авиация мен кейбір поршенді двигательдерде және т.б. жерлерде қолданылады. Газ тәріздес отын – метан мен басқа да көмірсутектерден тұратын табиғи газ. ХХ ғасырдың ортасында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жоя отырып жылу әдісін ойлап тапты.
...