Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Галогендер

Автор:   •  Март 2, 2022  •  Реферат  •  784 Слов (4 Страниц)  •  626 Просмотры

Страница 1 из 4

         РЕФЕРАТ

                            Тақырыбы:Галогендер

 

                                             

                                                    Орындаған:Маликова Жансая

                                                     Ноб-11


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1Хлор      

2Фтор

3Бром және Йод

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Галогендер- 7 топшада орналасқан, оларға: фтор Фхлор Слбром ВрЙод, Астат жатады.   Бұлардың барлығы бейметалдар . Табиғатта галогендер жай зат ретінде , екі атомнан тұратын молекулалар түрінде кездеседі.  Топ бойынша жоғарыдан төмен қарай олардың атом радиустары артады, қайнау температурасы мен тығыздықтары да осы бағытта өседі. Галогендердің тотықтырғыштық қасиеттері топ бойынша жоғарыдан төмен қарай кемиді, себебі атом радиустары артқандықтан ядроның электрон тарту күші азаяды.

НЕГІЗГІ

Хлор.

Табиғатта таралуы .

Хлор табиғатта активті элемент болғандықтан тек қосылыстар күйінде кездеседі. Негізінен сілтілік және сілтілік-жер (ЫЫ) металдарының хлоридтері күйінде; олар карналлит    KCl·MgCl2·6H2O    , сильвинит  Na KCl*      , бишофит  MgCl2 · 6H2O  , галит тас тұзы NaCI т.б.

Алынуы    Өндірісте хлорды ас тұзының балқымасын электролиздеу арқылы алатындығын айтқанбыз. Осы әдіспен жұмыс істейтін зауыт Павлодарда орналасқан.

Зертханада концентірлі тұз қышкылына марганец диоксидін (МнО2) қосып, тотықтыру арқылы алады.

Физикалық қасиеттері

Хлор - сарғыш-жасыл түсті тұншықтырғыш улы газ. Онымен тек тартпа шкафтың ішінде жұмыс жасау керек. Хлор ауадан 2,5 еседей ауыр. (Дая = М(С12)/М(ауа) = 71/29 = 2,45), сондықтан оны ауаны ығыстыру арқылы жинайды, ыдыстың аузын жоғары қаратып ұстауға да болады. Суды ығыстыру арқылы жинауға болмайды, себебі хлор сумен химиялық әрекеттесіп, хлор «суын» түзеді.

Химиялық қасиеттері

Хлор бос күйінде едәуір белсенді зат, алайда оның белсенділігі фторға қарағанда төмен. Хлор оттегі, азот және бекзат газдардан басқа жай заттардың барлығымен дерлік әрекеттеседі, ол үшін жылу немесе жарықтандыру қажет.

ФТОР

Табиғатта таралуы

Табиғатта фтор тұздар күйінде кездеседі. СаФ2 - флюорит, балқытқыш шпат, 3НаФ • АлФ3 - криолит, ЗСа3(РО4)2-СаФ2 - фторапатит. Адамдар мен жануарлардың сүйектерінің және тіс кіреукесінің құрамында да фтор бар. Молекула құрылысы

Фтор молекуласы екі атомнан тұрады , атомдар арасында полюссіз ковалентті о-байланысы болады, оның түзілу табиғаты хлор молекуласындағыдай.

Фтордың алынуы

Фтордың грекше аты «фторос» - бүлдіру деген мағынаны білдіреді, ол өте агрессивті газ. Фторды бос күйінде алуға тырысқан көптеген ғалымдар оның осы қасиетінен зардап шекті. Фторды 1886 ж. Г. Муассон ашты, алғаш рет оны бос күйінде алды.

Физикалық қасиеттері

Ф2 - жасылтым-сары түсті, өткір иісті, өте улы газ, -181,1°С-да сұйық, ал - 219,5°С-да қатты күйге көшеді.

Химиялық қасиеттері Фтор бос күйінде өте белсенді бейметалл, инертті газдардың ішінде гелий, неон, аргоннан басқа заттардың барлығымен әрекеттеседі. Электртерістілігі жоғары элементтердің бірі оттек (3,5) фтормен қосылысында оң тотығу дәрежесін көрсетеді. 0+2Ф2 (оттектің фториді).

...

Скачать:   txt (8.4 Kb)   pdf (110.3 Kb)   docx (426.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club