Тест по "Физике"
Автор: aina6a • Апрель 8, 2019 • Тест • 5,770 Слов (24 Страниц) • 1,635 Просмотры
1. Суретте қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. ВС бөлігіндегі дененің үдеу модулін есептеңіздер.
[pic 1]
А. 1 м/с2
Б. 4 м/с2
В. 2 м/с2
Г. 0,5 м/с2
2. Автомобиль көпір бойымен 36 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Көпірдің ұзындығы 480 м болса, онда автомобиль қанша уақытта көпірді өтіп, қайта келеді?
А. 96 с
Б. 27 с
В. 192 с
Г. 4800 с
3. Автомобиль қозғалыс басталғаннан кейін 10 секунд ішінде 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Ол қанша жол жүреді?
А. 0,1 м
Б. 1 м
В. 10 м
Г. 20 м
4. Оң жаққа қозғалып жатқан, дененің үйкеліс күшінің бағытын және формуласын көрсетіңіз.
А. Fүйк = μN, ←
Б. Fүйк = mg, ↓
В. Fүйк = kx, ↑
Г. Fүйк = μN, →
5. Лифттің ішіндегі адамның массасы 80 кг. Лифт 0,5 м/с2 үдеумен жоғары козғалып келеді. Лифттің ішіндегі адамның салмағы нешеге тең?
А. 784 Н
Б. 824 Н
В. 40 Н
Г. 744 Н
6. Суретте тербеліп тұрған дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
[pic 2]
Тербелістің амплитуда мен периодын анықтаңыздар. Тербеліс теңдеуін ХБ жүйесінде жазыңыз.
А. x = 4 cos 2πt
Б. x = 0,04 cos 2πt
В. x = 0,04 cos πt
Г. x = 4 cos πt
7. Бірінші математикалық маятниктің ұзындығы 1 метр, ал екіншісінікі – 2 метрге тең. Қандай маятниктің тербеліс периоды үлкен және неше есе?
А. біріншінікі 2 есе
Б. екіншінікі 2 есе
В. екіншінікі 4 есе
Г. екіншінікі 1,4 есе
8. Жылдамдықты арттыра, көлбеу жазықтық бойынша жәшікті жоғары көтереді. Көлбеу жазықтығымен байланысты санақ жүйесі инерциалды. Осы жағдайда жәшікке әсер ететін барлық күштердің қосындысы:
А. нольге тең
Б. жәшіктің қозғалыс бағытымен бағыттас
В. Көлбеу жазықтығына перпендикуляр бағытталған
Г. Жәшіктің қозғалыс бағыты қарама-қарсы бағытталған
9. Желсіз күні ұшақ 300 км/сағ жылдамдықпен ұшып келеді. Ұшақ қандай жылдамдықпен ұшады, егер жел 100 км/сағ жылдамдықпен, ұшақтың қозғалысына қарама-қарсы соқса?
А) 200 км/сағ
В) 300 км/сағ
С) 100 км/сағ
Д) 150 км/сағ
10. Суретте қозғалыс жылдамдығының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген. ОА бөлігіндегі дененің үдеу модулін есептеңіздер.
[pic 3]
А. 1 м/с2
Б. 4 м/с2
В. 2 м/с2
Г. 0,5 м/с2
11. Автомобиль көпір бойымен бірқалыпты 18 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Көпірдің ұзындығы 480 м болса, онда автомобиль қанша уақытта көпірді өтіп, қайта келеді?
А. 96 с
Б. 27 с
В. 192 с
Г. 4800 с
12. Автомобиль қозғалыс басталғаннан кейін 10 секунд ішінде 0,2 м/с2 үдеумен қозғалады. Оның жылдамдығы нешеге тең?
А. 0,02 м/с
Б. 2 м/с
В. 50 м/с
Г. 20 м/с
13. Көкжиек тіреуіне әсер ететін, дене салмағының бағыты мен формуласын анықтаңыздар.
А. P = mg, ←
Б. P = mg, ↓
В. P = kx, ↑
Г. P = Gm1.m2/r2, →
14. Лифттің ішіндегі адамның массасы 80 кг. Лифт 0,5 м/с2 үдеумен төмен козғалып келеді. Лифттің ішіндегі адамның салмағы нешеге тең?
А. 784 Н
Б. 824 Н
В. 40 Н
Г. 744 Н
15. Суретте тербеліп тұрған дененің координатасының уақытқа тәуелділік графигі көрсетілген.
[pic 4]
...