Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тiгін бұйымдaрына

Автор:   •  Апрель 30, 2022  •  Реферат  •  851 Слов (4 Страниц)  •  191 Просмотры

Страница 1 из 4

Тiгін бұйымдaрына нeгiзгi мaтeриaлдaрды таңдау жәнe oлaрды ұтымды қолдану ең маңызды, сондықтан материaлдaрдың қасиеттерін, құрылысын, олардың ассортиментін және сапасын терең оқып білу қажет.

Тігін өнеркәсібінің мамандары ең алдымен тігін бұйымдарына арналған материалдарына қойылатан талаптарды, қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай және нақты тігін бұйымдарына арналған материалдардың бағалануын білуі керек.

Киімге сәйкес тоқыма материалдарын таңдау кезінде тек қана олардың жеке қасиеттерінің сипаттамасын нұсқау етіп қана қоймай, сондай-ақ, егер мүмкін болса, кешенді бағаны қолдануға тиіс, ол эксплуатацияда материалдың бағытын нақты анықтауға мүмкіндік береді, сондықтанда модельдеу, құрастыру, киімді тігу технлогиясын дайындау кезінде оның барлық ерекшеліктері ескеріледі.

Кез-келген киімдік материалға ұсынылған жалпы талап - бұл кию үдерісінде киім пішінінің жақсы сақталуы. Осы талапты қанағаттандыру үшін материал толық қасиеттер қатарын сипаттау қажет. Олардың негізгісі - бір реттік және бірнеше реттік созу кезінде қалдық деформациясының бар болуы, материалдың мыжылуы және мыжылмауы, жазықтықта қалай бүгілсе, солай қажалу мен тозуға қарсыласуы.

Осыдан басқа, жаңа киімді жасау кезінде міндетті түрде киімнің берілген силуэтін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, материал қасиетіне назар аударылады және тігін өндірісінің үдерісінде осы қасиеттер қалай көрінеді, соны нақтылайды. Бұл жағдайда серпімділік, қаттылық немесе тігу үдерісінде (ылғалды-жылумен өңдеу, қосымша негізімдік және тігілген іштіктерді қолдану) материалға мәлім қасиетті беру мүмкіндігі сияқты белгілі материал қасиетін қолдану есепке алынуы тиіс. Тігін өндірісінің үдерісінде материалдар қасиеттерін қалауынша, сонымен қатар қаламауынша да (ылғалды-жылумен өңдеудің бақыланбаған тәртібі кезінде беріктіктің азаюы, тігін инесімен материалдың зақымдануы, мата қиығынан жіптің құлауы, трикотаждың сөгілуі) өзгеретіндігі ескеріледі. Қасиеттің соңғы тобы бұйымның құрастырмасын құру кезінде және тігудің технологиялық үдерісінде есепке алынады.

Әрбір материал түріне, оның құрылысына және қасиетіне байланысты құрастырылудың және технологияның ерекшеліктері ескерілуі қажет. Тігін өнеркәсібінің технологиялық үдерісінің ерекшелігін, сәнді ескере отырып, тігін бұйымдарына арналған материалдарды дұрыс таңдау,оның сапасының жоғарылауының маңызды шарты болып табылады. Сол себепті,

...

Скачать:   txt (8.9 Kb)   pdf (38 Kb)   docx (9.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club