Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Манометрлердің

Автор:   •  Февраль 17, 2020  •  Реферат  •  1,137 Слов (5 Страниц)  •  711 Просмотры

Страница 1 из 5

құрылыспен бірігіп жұмыс істейді. Дифманометрлер қысымның 10-40 кгс/см ( 1-4 МПа0 ) төмендеуіне арналып жасалады. Манометрлердің қателесуі ± 1,6-4. Жүзгіш манометрдің жұмыс істеуі табақша типтес манометр жұмысына ұқсас. Ол өзара байланысқан 2 түтіктен тұрады 1,2 бұл түтіктер сынаппен толтырылған. Кең түтікте екі болаттан жасалған дене жүзіп жүреді. 3. Егер де осы ыдысты түтіктің 5 көмегімен жоғарғы қысымды ортамен жалғаса, күкірт деңгейі төмендейді. Жүзіп жүрген дене төмендей отырып стрелканы қозғалысқа келтіреді, ал ол артық қысым көлемін көрсетеді. Қысым айырмашылығын өлшеу үшін дифманометр ыдыстарына екі түтік 4 және 5 әкелінеді. Бұл түтіктер өлшенетін қысыммен жасалған.

            Қысымның төмендеуі сұйық бағанасының салмағымен теңеледі. Үлкен ыдыстың көлемін сақтай отырып және кіші ыдыстың биіктігі h пен диаметрін өзгерте отырып жүзгіш дененің бір жүрісімен қысымның әртүрлі төмендеуін өлшеуге болады.

                    1.8.2. Серіппелі манометрлер

            Серіппелі манометрлердің жұмыс істеу принципі серіппенің күшіне байланысты. Көп тараған түрі- бір серіппелі манометрлер. Бұл серіппенің бір басы камераға балқытып, жабыстырылған, ал екінші басы  манометрдің стрелкасы бар механизмімен жалғанған.

            Камера өлшенетін ортамен штуцер арқылы жалғанған . Өлшенетін қысым жоғарылаған кезде серіппетүзелуге тырысады. Сол кезде оның бос екінші басы стрелканы қозғайды. Ол шкала арқылы қысымды көрсетеді. Манометр сезгіштігін арттыру үшін көп орамды серіппе қолданылады. Оларды өзі жазатын манометрлерде қолданылады. Мұндай серіппенің бос басының бұрылу бұрышы механизм көмегімен диаграмманы жазып ала алатын болуы керек.

             Манометр бұл өлшеулерден басқа, белгі беру схемасында ішкі электр жүйесін ажыратып және қосып басқара алады, технологиялық процесстерді автоматтандырады және қоршайды.

                     1.8.3. Мембраналы  манометрлер

       Мембраналы манометрлер құрғақ ауаның қысымын немесе газдарды  (болат, түрлі-түсті металл мен олардың қорытпаларына қатысы жоқ газдар ) өлшеуге арналған. Мембраналы манометрлердің өлшегіш элементі ретінде (1.11а – сурет ) артық қысымның әсерінен майысатын, бүктемелі табақша – мембрана қолданылады. Манометрдің бұл түрі төменгі қысымды өлшеудеқолданылады . Мембраналы манометрдің бір ерекшелігі ол дірілді сезгіштігінде. Қысым айырмашылығын өлшеуде мембраналық дифманометрлер (1.11б- сурет) кеңінен қолданылады. Мұның сезгіш элементі болып екі мембраналық блок болып табылады. Әр қапшық профильдері сәйкес келетінекі мембранадан тұрады. Қапшықтың ішіне тазартылған су құйылып канал арқылы байланысқан. Жоғарғы мембрананың ортасы трансформатор 1 жүрекшесі-мен 2 жалғанған. Мембрана қапшығы камерасына 3 және 4 орналасқан, бұл камераға штуцер арқылы қысым беріледі (төменгі камераға – жоғарғы қысым Р1, ал жоғарғы камераға – төменгі қысым Р2). Қысымның айырмашылығы әсерінен сұйықтық 6- мембранадан 5 мембранаға ауысады (сығысады), сол кезде трансформатор жүрекшесі қозғалысқа келеді және манометрдің шығар ауызыңда тоқ кернеуі мен фаза өзгереді. Бұл дифманометрлер КСД. КВД және басқада ГСП құрамына кіретін құралдармен бірге қолданылады. Мембраналық дифманометрлердің кейбір түрлері ферродинамикалық системамен бірге қолданылады. Қысым айырмашылығын мына аралықтарда өлшей алады 0,4-2500кг/см2  (0,04-250 МПа). Дәлдік класы I-1,5. Соңғы кезде сильфонды манометрлер кеңінен қолданылып  жүр (1.11-сурет). Бұл манометрдің сезгіш элементі ретінде гармонды  мембрана-сильфон қолданылады. Ол өте берік металдан жасалынады (тот баспайтын болат және басқалар). Сильфонның 1 жоғарғы жағы  қабырғамен  2 және герметикалы камерамен 3 жалғанған. Сильфонның түбіне түзу түтік 4 орналасқан, ол  манометр стрелкасымен жалғасқан. Штуцер арқылы герметикалы камераға өлшенетін қысым беріледі. Түзу түтіктің бос ұшы стрелканы қозғалысқа келтіреді. Қысымды тоқтатқан кезде серіппенің серпу қасиеті сильфонды бастапқы қалпына келтіреді. Дифференциалды манометрлерде екі сильфон қолданылады. Манометрдің түріне байланысты, қысымның  әсерінен  сильфон тоққа немесе пневматикалық шығу белгісіне ауысады. Сильфонды дифманометрлердің қысым өлшеуі 0,4-2500кг/с (0,04-250 МПа) класс дәлдігі 0,6 ; 1; 0; 1,5.

...

Скачать:   txt (11.7 Kb)   pdf (59 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club