Контрольная работа по "Теплотехнике"
Автор: kubeisinov00.00 • Апрель 12, 2020 • Контрольная работа • 443 Слов (2 Страниц) • 450 Просмотры
Бақылау сұрақтары:
1. Қарапайым бу күші қондырғысының сұлбасына қандай машиналармен аппараттар кіреді.
Бу күші қондырғысының принципиалдық сұлбасы:
1–бу қазаны; 2–турбина; 3–конденсатор; 4–компрессор.
2. Бу күші қондырғысының машиналарымен аппараттарында қандай процестер өтеді.
1.Бу қазанында тұрақты Р1мен t1 бу түзілу процесі өтеді.
2.Бу турбинасында бу адиабаталық түрінде кеңейеді (будың жылуымеханикалық жұмысына ауысады.)
3.Конденсаторда жұмыс істеп шыққан бу салқындайды және конденсацияболады, осындағы процесс изобаралық –изотермиялық түрінде өтеді, яғни тұрақты Р2 және t2 болады.
4.Компрессорда конденсатордан шыққан қаныққан ылғал бу адиабаталық түрінде сығылады және толығымен конденсация болады.(қанығу температурасында бу сұйық күйіне ауысады).Содан соң цикл қайталанады
3. ηt мөлшеріне будын бастапқы параметрлері қандай әсер етеді.
Циклдің Ρυ және Τs диаграммаларын қарастырайық.
а нүктесі тұрақты Р1 қысымдағы қайнаған судың бастапқы күйін сипаттайды. Бу қазанында қайнаған суға ыстық жылу көзінен бу түзілу жылуына тең q1 жылуы беріледі, яғни (q1= r) және осы процесс а –в сызық бойымен изобаралық – изотермиялық түрінде өтеді, сондықтан q1= r = hb –ha в нүктесінде бу қаныққан құрғақ күйінде болады.Қаныққан құрғақ бу в нүктесінен турбинаға түсіп, адиабаталық түрінде кеңейеді, бұл в –с сызығымен көрсетілген және будың қысымы Р1 ден Р2–дейін төмендейді, ал будың температурасы t1 денt2–дейін төмендейді, сонымен қоса будың құрғақтық дәрежесі де төмендейді.Қаныққан будағы Карно циклінің Ρυ және Τs диаграммалары Содан соң ылғал бу тұрақты Р2және t2 c –d сызығы бойымен конденсация болып будың құрғақтық дәрежесі одан әрі төмендейді, ал d нүктесінде бу компрессорға түсіп, онда толығымен қайнаған суға ауысады.с –d сызығы бойымен бу өткенде одан q2 жылуы алынады.q2= hc -hd
...