Автоматтандыруды
Автор: Ботакөз Сағынтай • Сентябрь 21, 2021 • Контрольная работа • 21,513 Слов (87 Страниц) • 303 Просмотры
Бақылау сұрақтары
1 Автоматтандыруды қалай түсінесіз?
2 АРЖ анықтама беріңіз?
3 АРЖ қандай түрлерге бөлінеді?
4 Автоматты жүйенің элементі қалай жіктеледі?
5 АРЖ жіктелінуі?
6. Реттегіш деген не?
7Автоматты және Автоматтандыру айрмашылыгы неде?
8. Реттеу әсері бойынша жүйелер?
Дәрістердің конспектісі
1 Дәріс. Негізгі терминдер мен анықтамалар. АРЖ жіктелінуі. Автоматты жүйе элементтерінің жіктелінуі. Негізгі мағлұмат
Заманауи химико-технологиялық үрдістерді басқару жүйесі көптеген технологиялық параметрлер мөлшерімен сипатталынады. Жұмыс тәртібін тұрақтандыру үшін, яғни шығарылатын соңғы өнімнің сапасын, осыған қажет шамаларды ұстап тұру үшін шамаларды тұрақты әрі қажетті бір заңға байланысты өзгерту қажет.
Технологиялық үрдісті анықтайтын физикалық шамаларды технологиялық үрдістердің параметрлері деп атайды. Мысалы, технологиялық үрдістердің параметрлері болып: температура, қысым, шығын, кернеу т.б.
Нақты бір заң бойынша технологиялық параметрді өзгерту немесе тұрақтандыру үшін қажет параметрлерді - реттелетін шама немесе реттелетін параметр деп атайды.Уақыт аралық қарастырып, реттеліп отыратын шаманың мәнін лездік мәндеп атайды. Уақыт мезетінде қарастырылып, кейбір өлшеу құрылғыларының берілгендері бойынша,реттелетін шаманың алынған мәні, оның өлшенген мәндері деп аталады.
Мысал 1. Кептіргіш шкафты қолмен басқару сұлбасы
[pic 1]
- - сурет Кептіргіш шкафтағы температураны қолмен басқару Ттап деңгейінде ұстап тұру қажет.
Оператор-адам сынап термометрдің көрсеткішінен тәуелсіз Р. ажыратқыш көмегімен қыздырылатын элементті қосу әрі ажыратуды жүргізеді. Көрсетілген мысалдан келесі анықтаманы алуға болады:
Басқару нысаны ( реттеу нысаны,БН) – арнайы ұйымдастырылған басқарушы әсерді қолдайтын жұмыс тәртібін анықтайтын құрылғы.
Басқару – басқарылатын әрекеттердің қалыптасуы, БН жұмыс тәртібін қамтамасыз етеді.
Реттеу – басқарудың жеке түрі, БН қандай да бір шығыс шамасын тұрақтандыруын қамтамасыз ететін тапсырма болып табылады.
Автоматты басқару – адам көмегінсіз жүргізілетін басқару.
Кіріс әсері(Х) – құрылғыға немесе жүйенің кірісіне енетін іс-әрекет.
Шығыс әсері (Y) – құрылғының немесе жүйенің шығысына шығарылатын әсері.
Ішкі әсері – жүйенің ішкі ортасына әсері
[pic 2]
1.2-сурет Реттеу жүйесінің құрылымдық сұлбасы
Мысал 2. Кептіргіш шкафтың автоматты реттеу температурасының сұлбасы
Сұлбада контактылы сынап термометрін қолданған.Тапсырылған температураның көтерілуі кезінде контактылар сынап бағанасы бойымен қиылысады, релейлі элементтің орауышы қозып, қыздырғыш тізбегі Н релейлі элементтің байланыстырғышымен ажыратылады.Температураның төмендеуі кезінде термометр контактысы ажыратылады да, реле нысанға энергияның берілісін жаңарта отырып, оқшауланады.
Мысал 3. Өлшеу көпірімен температураның АРЖ сұлбасы
[pic 3]
- -сурет
Нысанның тапсырылған температурасы кезінде өлшеу көпірі М теңгерілген, электронды күшейткіштің кірісіне дабыл келіп түспейді, жүйе де тепе-теңдік күйде болады. (1.4-сурет)
Температураның ауытқуы кезінде терморезистордың кедергісі RТ және көпірдің тепе-теңдігі бұзылады. Электронды күшейткіш кірісінде кернеу пайда болады,оның фазасы ауытқу температура белгісінің тапсырылған температураға тәуелді болады.
ЭК-дің күшейтілген кернеуі Қ қозғалтқышына түседі, ол автотрансформатор қозғалтқышын сәйкес бағытқа қарай қозғалтады. Қажет температураға жеткеннен кейін көпір теңгеріліп қоғалтқыш өшіріледі.
...