Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тербелу подшипнигі

Автор:   •  Январь 22, 2018  •  Курсовая работа  •  5,618 Слов (23 Страниц)  •  1,204 Просмотры

Страница 1 из 23

                                           Кіріспе

Курстық жобаның мақсаты  шынықтыру мен төменгі температуралы босатумен  беріктелетін ШХ15 болатынан шарикті  подшипнигінің  бөлшектерін жасаудың  технологиялық  процестерін дайындау болып табылады.

Металдар мен қоспаларды термиялық өңдеу қыздыру, ұстау және суытумен  байланысты  технологиялық  операциялар жиынтығымен көрсетіледі.

Термиялық  өңдеудің  технологиялық  процесі – жүйелі немесе бір мезгілде орындалатын технологиялық операциялар (көмекші, негізгі және қосымша) жиынтығы.

Термиялық өңдеудің мақсаты – бөлшектің немесе дайындаманың негізгі өлшемі мен пішінін өзгертусіз механикалық, физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін қажетті бағытта өзгерту.

Термиялық өңдеу деп нәтижесінде металл мен қоспадан жасалған бұйымның   термиялық өңдеу жүргізгенге дейінгі қасиетінен өте жақсы қасиетке ие болуын қамтамасыз ететін  технологиялық процесті айтады.

Термиялық өңдеу қазіргі техникада металл мен қоспаның қасиетін өзгертетін кең танымал тәсіл болып табылатындықтан, ол арқылы беріктігін, ыстыққа төзімділігін, пластикалығын, тұтқырлығын, технологиялық (созымдылық, пісіруге икемділік, қалыптаулық, шынығуға қабілеттілік) қасиеттерін, сонымен қатар, магниттік, электрлік, жылулық және оптикалық қасиеттерін де өзгертуге болады.

Термиялық өңдеу торап, бөлшек, конструкция материалдарын пайдалану процесінде олардың конструкциялық беріктігін  жоғарлатады.

Подшипниктердің міндеті – кеңістіктегі вал мен остің айналуын ұстап тұру және олардың айналуын немесе тербелуін қамтамасыз ете отырып, оларға түсетін күшті қабылдау. Машина мен механизмдердің тіректерінде қолданылатын подшипниктер екі түрге бөлінеді: сырғанау және тербелу. Сырғанау подшипникті тіректерде білік пен подшипниктің өзара жылжымалы беттері тек қана майлағыш заттармен бөлінген. Тербелу подшипникті тіректерде өзара жылжымалы сақиналар аралығында шарлар немесе дөңгелектер орналасады және білік пен корпустың айналуы көбіне тербелген жағдайда болады.

Шарикті подшипнигі - тербелу элементтерін қолданатын айналушы және тербелуші бөлшектердің тірегі. Тербелу подшипниктері сырғанау подшипниктері сияқты белгілі бір жағдайларда әртүрлі дәрежеде механизмнің тағайындалуымен байланысты талаптармен, оның монтажы мен пайдаланымы шартымен  қанағаттандыра алады.

Біркелкі жүк көтергіште тербелу подшипниктері сырғанау подшипниктерімен салыстырғанда артықшылығы: жүргізу кезінде және орташа жиілікті айналудағы аз үйкелу себебінен, аз осьтік габариттері болуы (шамамен 2-3 есе), күтудің қатысты жеңілдіктері мен майлаудың  төмен құндылығы, механизмдердің жұмыс істеу процестерінде айналуға тербелу амплитудасының қарсылығының аздығы.

Тербелу подшипнигі – халықаралық масштабта өте кең стандартталған, жаппай өндірісте өзара алмастырылушы және бір орталыққа бағына отырып дайындалатын бөлшектер тобы. Қазіргі уақытта тербелу подшипниктері машиналардағы тіректің ең негізгі түрі болып табылады.

         1 Бұйымды бейнелеу және оның жұмыс жағдайы

Машина жасауда  эвтектоидтан  кейінгі хромды болаттар, көбінесе, шарлы және дөңгелекті подшипниктер өндірісінде,    сондай-ақ аспапты болаттар ретінде қолданыс табады.

Подшипниктерге арналған болаттар тағайындалуы бойынша конструкциялық    болаттардың  ерекше тобын  құрайды, бірақ олар құрамының қасиеттері бойынша аспаптық болаттарға жақын.

Шарикті  подшипникті  болаттар ең әуелде  жоғары қаттылыққа ие болуы керек. Шарикті подшипникті болат шынықтыруды жеңіл қабылдау, яғни шынықтырудың төмен критикалық  жылдамдығына ие болу үшін оны көбіне хроммен легірлейді.

Мемлекеттік стандарт шарикті подшипникті болаттың ең негізгі төрт маркасын қарастырады (1-кесте).  

         

Кесте 1 -Шарикті подшипникті болаттардың  құрамы, %

Болаттар

C

Cr

Mn

Si

ШХ6

1,05-1,15

0,4-0,7

0,20-0,40

0,17-0,37

ШХ9

1,05-1,10

0,9-1,10

0,20-0,40

0,17-0,37

ШХ15

0,95-1,05

0,95-1,05

0,20-0,40

0,17-0,37

ШХ15СГ

0,95-1,05

0,95-1,05

0,90-1,20

0,40-0,65

Ескерту. Барлық болатта S<0.020%; P<0.027%; Ni<0.3%; Cu<0.25%

...

Скачать:   txt (79.6 Kb)   pdf (688.3 Kb)   docx (568.2 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club