Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпшілік құбырлар

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Контрольная работа  •  761 Слов (4 Страниц)  •  271 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Техникалық факультет

« Металлургия, тау-кен және мұнай-газ ісі » кафедрасы

«Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау» пәнінен

№ 10 Дәріс

Тақырыбы:_Кәсіпшілік құбырлар____________________________________________ _________________________________________________________________________                                                                   

Мамандығы:    5В070800___

Орындаған:   Нұрғали С.___

Тобы:    МГІқ-402_________

Тексерген: Мерекеқызы А.

Ақтөбе 2020

3.11.2020

№10 Дәріс. Кәсіпшілік құбырлар

Бекіту сұрақтары:

1. Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қандай?

2. Құбырларды бүлкілдеуді болдырмау әдістері.

3. Құбырлардың тоттану түрлері және одан қорғау.

1. Кен орнының ауданы бойынша төселетін құбырлар желісін салу кезінде келесідей тәртіпті ұстанады: құбырлар желісі отетін жер жерпайдаланушымен келісіп, уақытша қарауға алынады. Содан соң жерді тоң қабатынан төмен тереңдікке дейін қазып және құбырларды траншеяға жақындатады, одан кейін құбырларды құбыртөсегіштермен ұстап тұрып, құбырлардың жалғасқан жерлерін қолмен (диаметрі 800мм-ге дейінгі құбырларды) немесе автоматты түрде (диаметрі 800мм-ден жоғары құбырларды) пісіріп-дәнекерлеп жалғайды. Құбырлардың сыртқы бетін балшық пен қақтан тазартып, битумды жабынмен қаптайды, одан кейін құбырды электрокоррозиядан сақтайтын гидроизоляциялық лентамен орайды.

Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң пісірілген және оқшауланған (яғни, сыртқы беті қапталған) құбырларды құбыртөсегішпен траншея түбіне түсіреді де, осы траншеяны қазу барысында алынған топырақпен кері көмеді. Көміп болған соң жер бетін грейдермен тегістеп, рекультивация жүргізеді, яғни топырақтың құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары атқарылады. Егер жер ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге жарамаса, рекультивация жүргізілмейді.

Құбырларды су астымен төсеу барысында оларға келесі талаптар қойылады:

• құбырлар желісі кем дегенде екі қатарлы (тізбекті) болу керек;

• құбырларды кемелердің якорінен сақтайтын қорғаныс болу керек;

• құбырлар желісінің және пісірілген жерлердің беріктік шарттары сақталуы керек.

2. Құбыр арқылы сұйықпен газды бірге тасымалдағанда қысымның әсерінен құбырлардың бүлкілдеуі (пульсациясы) міндетті түрде болып отырады. Бүлкілдеу құбыр бойында газ тығындарының пайда болуына байланысты.

Қауіпті бүлкілдеудің негізгі алдын алу тәсілдері болып табылатындар:

• ағынның тығынды - диспергирленген құрылымының пайда болуын болдырмайтын, газ-сұйық ағынының қозғалыс режимін ұстап тұру, бұл құбырларда жоғары деңгейде қысымды реттеуде мүмкін болады;

• құбырларды парафин шөгінділерінен, тұздардан және механикалық қоспалардан мезгіл-мезгіл тазартып тұрумен, олардың жоғарғы өткізгіштік мүмкіндігін ұстап тұру;

• айырғыш қондырғы алдында үлкен диаметрлі құбырдан "тыныштандырғыш" бөлімшелерді пайдалану.

• ағынның айырғыш қондырғыға түскенге дейін газ-сұйық қоспасының қабаттасқан ағысын және құбырдан таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін депулсаторларды және фазаны соңғы бөлгіштер қолданылады.

3. Коррозия - кәсіпшілік құбырлардың жұмысының сенімділігі және қызмет ету мерзімі - көбінесе олардың сыртқы және ішкі ортамен әсерлесуінің нәтижесінде бірте-бірте өздігінен бұзылуынан қорғау дәрежесімен анықталады.

...

Скачать:   txt (10.9 Kb)   pdf (75.6 Kb)   docx (11.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club