Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Индукциялық пеш

Автор:   •  Март 9, 2023  •  Реферат  •  1,444 Слов (6 Страниц)  •  225 Просмотры

Страница 1 из 6

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Факультет: Техникалық факультет

Кафедра: «Металлургия және тау – кен ісі»

Реферат

Тақырып: Индукциялық пеш

Орындаған: Жақсылықова А.М.

Тексерген: Есенгалиев Д.А.

Ақтөбе 2023

Жоспары:

1 . Кіріспе

2 . Индукциялы пеш

3 . Вакуумды индукциялы пеш

4. Электр индукциялық пештің артықшылығы

5. пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Электр балқыту – болат алудың барынша жетілдірілген әдісі. Оның конвертерлер мен мартен пештеріндегі болат өндірісімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Жылу режимін реттеудің қарапайымдылығы және үрдістің жоғары температуралары зиянды қосылыстардың барынша бөлінуін жеңілдететін жоғары негізді қождарды қолдануға мүмкіндік береді. Пештің тотықсыздандырушы атмосферасы болаттың тереңірек қышқылсыздануына себепші болады. Электр пештерде жоғары сапалы конструкциялық, құралдық, коррозияға төзімді, ыстыққа төзімді және т.б. арнайы болаттар мен қорытпалар балқытылады.

Болат балқыту үшін доғалы және индукциялы электр пештер қолданылады. Бұл пештерде әлдеқайда сапалы, коррозияға төзімді, ыстыққа берік және басқа да болаттар мен қорытпалар балқытылады. Сыйымдылық ондаған килограммнан 30 тоннаға дейін болады.

Бұл пештерде болаттан басқа түсті металлдрдың барлығын балұытуға болады. Мысалы: мыс, алюминий, қорғасын және тағы басқа.

Және тағы бір артықшылығы  бұл пештен шыққан болат ешқашан пештен пыс өңделмейді. Себебі пештен шыққан болаттың сапасы өте жоғары болады.  

Индукциялы пеш

Индукциялы пештер сыйымдылығы бірнеше килограмнан 90 т-ға дейін ауытқиды. Индукциялық пештердегі қыздыру айнымалы электрмагнитті өрісте индукциялынатын құйынды ағындармен қатты немесе сұйық металда бөлінетін Джоуль жылуы есебінен іске асырылады.

Болат балқытуға арналған индукциялық пештің сұлбасы 1 – суретте келтірілген. Магнитсіз бүркеніште индуктор мен отқа төзімді балқыту тигелі орналасқан. Ішімен суытушы су жүретін мыс түтікшеден тұратын катушка түріндегі индуктор арқылы тоқ жіберіледі де, ол айналасында айнымалы магниттік өріс қоздырады. Электр тоғы индукторға иілмелі кабель немесе мыс шиналар арқылы беріледі. Тигельде орналасқан металда оның қызуы мен балқуын қамтамасыз ететін қуатты құйынды тоқтар индукциялынады. Тигельдер негізді немесе қышқылды отқа төзімді материалдардан жасалады.

Шикіқұрам зиянды қоспалардан таза материалдардан құралады және оның тигельге тиелуі үстіден жүргізіледі. Балқыту барысында тигельге пеш футеровкасына қарай әк немесе кремнезем негізіндегі қож қоспасы тиеледі. Толық балқыған соң пеш қуаттылығын максималды мәнінің 30-40%-на дейін азайтады және химилық сарапматаға сынаманы алады. Сараптама нәтижесі және металдың қажетті температурасы алынғаннан кейін, болатты қышқылсыздандырып легірлейді.

Индукциялық пештерде болатты қайта балқыту әдісімен алады. Шикіқұрамды балқыған кезде берілген металл құрамын алатындай етіп есептейді. Индукциялық пештің артықшылығы – жоғары легірленген әр түрлі болаттар мен арнайы мақсаттағы қорытпалар балқытуға мүмкіндік беретін айтарлықтай жоғары температураға қол жеткізу мүмкіндігі. Индуктордың электрмагнитті өрісі әсерінен тигельдегі металл қарқынды араласа бастайды, бұл біркелкі химиялық құрам алуға себепші болады.

Пеш суды салқындататын индуктордан 3, оның ішінде орналасатын металдық шикіқұрамы бар тигельден 4 тұрады, индуктор арқылы жоғары жиіліктегі генератордан бір фазалы жоғары жиіліктегі ауыспалы тоқ өтеді  (500-2000Гц).

[pic 1]

Сурет 1- Индукциялық тигельді пеш сұлбасы:

1 - сұйық металл; 2 - алынбалы енгізбе; 3 - суды салқындатқыш индуктор; 4 - оттөзімді салынбалы тигель

Тоқ жіберілген кезде тигельде орналасқан металдағы 1 индуктор арқылы қуатты құйынды токтар индукцияланады, бұл металдың қызуы мен оның балқуын қамтамасыз етеді. Жылу жоғалтуды азайту үшін пеште алынбалы енгізбе 2 болады. Тигель қышқыл немесе негіздік оттөзімділерден дайындалады. Балқыманы шығару үшін пешті құймалы желобқа қарай еңкейтіледі. Индуктордың электромагниттік аумағы әсерінен балқыту кезінде сұйық металдың қарқынды циркуляциясы пайда болады, бұл химиялық реакциялардың жеделдеуіне, химиялық құрамы жағынан біртекті металл алуға, бейметал қоспалардың тез қалқып шығуына, температураның анықталуына алып келеді.

...

Скачать:   txt (21 Kb)   pdf (212.9 Kb)   docx (100.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club