Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Телевизия

Автор:   •  Апрель 12, 2020  •  Реферат  •  1,267 Слов (6 Страниц)  •  873 Просмотры

Страница 1 из 6
  1. “Телевизия” сөзінің пайда болу тарихына тоқталған дұрыс деп есептейміз. “Телевизия” сөзінің пайда болғанына тура бір ғасырдан сәл-ақ асыпты. Дәлірек айтқанда, бұл термин 1900 жылғы 18 тамызда Парижде өткен IV Халықаралық Бүкіләдемдік Париж көрмесі аясындағы электротехникалық конгресте жария болды. Оны ойлап ьапқан әрі ғылымға енгізген орыс инженері Константин Дмитриевич Перский “Қашықтықтан көрі жайында” атты өзінің француз тіліндегі баяндамасын “телевизион” деген сөзбен бастаған. Бірқатар шетелдік тарихшыларды бұл жағдай, яғни “телевизия” сөзінің авторы жалғыз Перский екенін еріксіз мойындатуға мәжбүр етті. Содан бастап жаңа термин күні бүгінге дейін жер бетінің біраз тілдерінде қолданылып келеді. Мұқай Е. Телевизия сөзінің пайда болуы туралы // Айқын апта. – 2007. – №28 (904). – 32 б. – 8 наурыз.
  2. Егер бір ғасырдан астам уақыт бұрын “телевизион” сөзі пайда болып, ал теледидар көру әркімге арман болса, бүгінгі күні теледидар бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше түрі ретінде сипатталып, ғылыми жұмыстардың зерттеу нысаны ретінде жан-жақты қарастырылуда. В.Егоровтың “Терминологиялық сөздігінде” “телевизия” ұғымына мынадай түсінік берілген: “Телевидение – создание и массовое распространение аудиовизуальной информации в определенной системе взаимодействия с аудиторией. Под аудиовизуальной информацией понимается любое предоставление в распоряжение населения или отдельных лиц средствами телевизионной техники знаков, сигналов, изображений, звуков или иных сообщений, не носящих характер частной корреспонденции. В понятие “телевидение” входят трансляции, передачи или прием знаков, сигналов, надписей, изображений, звуков или сведений любого рода посредством проводной связи, оптических систем, радиотехники или иных электромагнитных систем”. Егоров В. Терминологический словарь телевидения: основные понятия и комментарии / Институт повышения квалификации работников телевидения и радиовещания ФСТР. – М., 1997. – 92 с. Бұл теледидардың бұқаралық ақпарат құралының маңызды түрі екенін көрсетеді.
  3. Телевизияның әсер етуші функциясының жоғары екендігін ескерсек, оның дами түсуіне коммуникациялық технологиянық прогрестердің үлкен әсер ететінің айта кеткен жөн. Интернеттің дамуы, ақпараттың цифрлануы, конвергенция және электронды құрал-жабдықтарға деген қажеттілік дәстүрлі медиа саласының жаңа деігейге шығуын талап етеді. Яғни аудиториямен байланыс орнатудың басқа да техникалық, ұйымдастырушылық, өндірістік экономикалық формалары мен тәсілдері жандана түсуде деген сөз. 3 бет. Телевизия – оқиғаны, болмысты шынайы көрсететіндігімен, сан қырлы сараптамаларын ұсынумен құнды. Музыкалық туындыларды танытып, таратуда телевизияның алдына ешбір ақпарат құралы шыға алмайды. БАҚ-тардың негізгі аьқаратын міндеті – ақпарат тарату болса, телевизияның басты ерекшелігі оның көріністілігінде, дыбыстылығында, әуезділігінде жатыр. 8-бет. БАҚ-тың соның ішінде телевизияның белгілі бір қоғамдық мәселенің шешілуіне жағдай туғызған, әсер еткен, себеп болған оқиғалар, мысалдар тарихта көп болған. Осы орайда, халықтың уайым-қайғысын, проблемасын қарастырып, шешілуіне себеп болатын мықты әсер етуші құралға айналғанын ұмытпаған жөн. Сондықтан да, “төртінші биліктегі” рөлін толыққанды атқара алып отыр. Елімізде телевизиядағы арналардың көтеретін тақырыптары мен проблемалары арқылы жесір, жетімдер үйлі, отбасылы болады, ауыр науқас балалар мен адамдарға көмек көрсетіледі, адасқан тауыстар мен туғандар бір-бірін табады. Және ең бастысы халықтың ойы мен көзқарасы айқын көрініс береді. Оған мысал ретінде осы уақытқа дейін халық арасында үлкен қолдауға іліккен “Бармысың бауырым?”, “Айтуға оңай”, “Қарекет”, “Ниет” сияқты бағдарламаларды айтуға болады. Қабылғазина К. Қазақ телевизиясының тарихы: оқу құралы / Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 10 б.  Тележурналистика қоғамдағы өзекті, маңызды проблемаларды шешуге қатысса, аудиторияға салиқалы ой айта отырып, қоғамдағы кемшіліктердің бетін ашуға да тиісті. Сценарийдің өн бойындағы мазмұн мен түрдің тұтастығы да журналистің танымдық тәжірибесі мен шынайы шеберлігіне байланысты. Тележурналистің басты мақсаты – шығармасы арқылы қоғамдық санаға белгілі бір дәрежеде ықпал жасап, көрермен назарын аударып, көтеріп отырған тақырыбының төңірегінде көпшіліктің пікірін қалыптастыру. Эфирде көрермен аудиториясына пікірлер ұсыну, мәселені айқындылықпен түссіндіріп, шыншыл жайларға көпшіліктің көзін жеткізу. Халықтың рухани дамуына ерекше ықпал жасап келе жатқан телевизия көбінесе адамгершілікке тәрбиелей білді, әрі адам жанына ізгілік дәнін септі. Көкірегінде сол дән көктеген әсемдікке құштар, әдемілікті ардақтайтын адамның ешкақан ішкі рухани байлығы тозбайды. Телевизия бүкіл адамзатқа ортақ мәселелерді көтеріп, үлкен әлеуметтік жүкті арқалады. Әрбір көрген дүниесінен,көрермен өзіне керекті рухани азықты ала біледі. 204-бет. ХХІ ғасыр телевизиясы – басты ақпарат құралы; адамды психологиялық жағынан басқаруды меңгерді; қуатты технологиялық құралдар арқылы қоғамдық пікірге әсер ете алатын болды. 206-бет.

  1. Радио және телевизия – қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралдары, тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе. Егер радио ақпараттты шұғыл таратып, жедел құлақтандарыса, телевизия оқиғаны, болмысты көрсетеді, сараптайды. Жақсы ән мен әуенді танытуда радионың, телевизияның алдына ешбір ақпарат құралы шыға алмайды. 11-бет. Қабылғазы К. Телерадиожурналистика: теория, тәжірибе, түйін: оқулық / Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 210 б.

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу екені сөзсіз. Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Ал оның түп негізінде инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы тұр. Интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу ісі терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік, ұлттық мүддеге қызмет ету, ел алдындағы парыз ұғымына сүйену, рухани құндылықтарға негізделген жасампаз күш аясына жұмылдырылуы тиіс. Интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды жетік меңгерген, мәдениетті тәрбиенің бастауларын толық қамтыған тұлғадан қалыптасады. «Теңіз тамшыдан құралады» дегендей, интеллектуалды, жан-жақты жетілген тұлғаларды қалыптастыру арқылы ғана бүкіл ұлтты интеллектуалды ұлтқа айналдыруға болады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», – деген еді. Олай болса, бүгінгі әлемдік бәсекеге қабілетті білімді, білікті, дарынды, ұлтжанды, отаншыл және жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін  телевизия саласы да күш-жігер жұмсауға тиіс.

...

Скачать:   txt (18.9 Kb)   pdf (95.5 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club