Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Радиожурналистика

Автор:   •  Сентябрь 19, 2022  •  Эссе  •  1,887 Слов (8 Страниц)  •  270 Просмотры

Страница 1 из 8

Радиожурналистика

Радио адамзат тарихындағы өте зор ғылыми жеңіс қана емес, әлемнің шарықтау тетігін емес шапшаңдатқан құбылыс ретінде бәріміз білеміз.

Сымсыз хабар таратуды игергеліжүз жылдан аса мезгіл өтсе де ғылыми техникалық даму көкке ұшып қарқындап барады. Осы нәрселерге тіке бағыттаған ақпараттық қоғам қызметінің бірегейі-  радио жәнеде соған байланысты технологиялар.

Байланыс  құралдарының алдыңғы қатарында тұрған өзгеріс–радио ақпараттық құралы болса, ол осы күнге дейін дамыту кезеңінде.

          Радиожурналистиканың саласы ақпарат беру құралдарының бірегейі ретінде, өзіне тән айрықша табиғаты, қырлары мен әдістері бар ғылыми сала тұрғысынан да көзге түскен.

          Радио тілді дамыту мен сөйлеу мәдениетін, психологиялық және әлеуметтанулық, тарихи және философиялық сонымен қатар коммуникафистиканы бір бағытқа ұштастыратын өте күрделі организм, үнемі прогресс, ерекшелену жолындағы ерекше дүние.

         Радио ақпарат тарату құралының ең бірінші ерекшелігі- жеделділігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір өзге ақпарат құралы осындай жедел ақпарат тарату қасиетін өз ішіне қамта алмайды. Газет- журналдар хабарларды оқырмандарына жеткізу барысында бір-неше қиын кезеңді өткереді: материал іздеп жинау, көбейту, сонымен қатар тасымалдау. Осы процестерден өтіп бірнеше сағаттар және бірнеше тәуліктерге дейін созылуды қажет етуі ықтимал. Телевизия саласына келетін болсақ ғарышпен байланыс жасайтын құралдары арқылы жағдай барысынан тікелей ақпарат жеткізу үрдісі бар. Дегенмен де ол қомақты қаржыны, бағалы техникалық жабдықтарды талап еткендіктен бір шама телеарналардың қолынан келе бермейді, сол себепті де өте сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірибесінен жүзеге асқан. Яғни, хабарды қолданушысына жеткізе білу жеделділігі жағынан телевизия да, газет те, интернет те радиодан асып кете алмайтыны сөзсіз. Радио ең жедел, қолайлы әрі аз шығын мен қызмет ететін ақпарат  құралы болып қала бермек.

          Екінші қасиет. Радио тыңдармандары үшін өте ыңғайлы хабар алмасу құралы болып табылады сонымен қатар бұл қасиетінің мән мағынасы ерекше. Радионы тыңдау үшін белгілі бір көлемде уақытын жұмсау, немесе  күш шығару қажет емес. Үй жағдайындағы шаруалармен  шұғылданып та, жұмыс кезінде де, тамақтанып та, көлікте жүріп те, қыдырып та радионы еш қиындықсыз тыңдауға тыңдауға болады. Радио қарапайы ақпарат берумен де ыңғайлы. Ауа райымен бірге маңызды әлеуметтік- саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың желісі, экономикалық құбылыстардың көрсеткіштері туралы, немесе спорт өмірінен қызықты мағлұматтардың бәрі өз кезегімен әуе толқынына жіберіліп отырады. Тыңдарман қауымы өзіне қызықты ақпараттарға назарын арттырады, немесе кей мәліметтерге аса қатты зейін қоймайды. Осылайша, радио желісі сол уақыт аралығындағы қызығушылығына қарай тиісті хабарларды ыңғайлы жағдайларда іріктей бастайды.

          Радио ақпарат құралының үшінші бір қасиеті- тыңдарман көпшілікке психологиялық және эмоционалдық ықпалы. Адамның дыбыс есту қабілетіне орнатылған радио тыңдармандардың қиял- ұшқыры мен сезімдеріне де ерекше ықпалын тигізеді, өзге БАҚ түрлерінен мүлдем көшірмейді.

          Тыңдарман көңіл- күйін көтере білетін, эмоцияны бір деңгейге теңестіретін күштің бірі- радио. Радио пайда болуынан агрессивті емес, керісінше жұмсақ және жайлы да жағымды. Радиохабар көп жағдайда оптимисттік қалыпта болады, өмірлік өзгеше тонус қалыптастыра алады. Әлеуметтанушы психологтар кездейсоқ келген қайғылы ақпараттың телеарнамен салыстыра келгенде радиодан естігенде тыңдарман құлағына сәл болса да жай естілетініне мән берген. Өйткені, телехабар жүйке жүйесіне тіке әсер етсе, радиохабарлардан естіген жағымсыз хабар психологиялық эмоционалды шабуыл факторларына төтеп беретін көрінеді. Радионың осындай ерекше қасиеттері оның өзіне тән табиғатын сақтай отыра өз алдына дербес ақпарат құралы бола алатындығының бірден- бір дәлелі.

...

Скачать:   txt (24.6 Kb)   pdf (115.3 Kb)   docx (14.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club