Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Баяндама Жолдау

Автор:   •  Октябрь 22, 2018  •  Доклад  •  689 Слов (3 Страниц)  •  544 Просмотры

Страница 1 из 3

        Кеше ғана, күллі Алаш жұртының қабырғасын қайыстырған үлкен қаза орын алды. Ол қазақтың бір туар жазушысы, қазақ журналистикасының асқар шыңы, Жамбыл облысының «Құрметті азаматы»  қазақтың Шерағасының мәңгілік бақилық сапарға аттануы еді! Осы орайда, баяндамамды бастамас бұрын, Шерағаның рухына тағзым етіп, үнсіздікпен еске алсақ!

        Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге 27 жылдың жүзі болды. Аз уақыттың ішінде еліміз бірқатар жобаларды іске асырып, халықаралық ұйымдарға мүше болып, күллі әлемді мойындата білді. Бұның барлығының басында Елбасымыздың саясаткерлігі, қырағылығы тұрғандығы хақ!

        Елбасымыз, әр жылда еліміздің экономикасының өркендеп дамуы, халқымыздың әл-аухатының жақсаруы үшін халыққа жолдауларын жариялап отырды.

        ҚР Президентінің ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, 1997 жылдан бастап кешегі күнге дейін 23 жолдау жарық көрген. Оның 5-уі орыс тілінде, 18-і қазақ тілінде жарияланған. Саяси тілді халықтың көпшілігі түсіне бермейтіндігі даусыз! Осы мақсатта, әр өңірде жолдаудың мақсат-міндеттерін халыққа жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

        Елбасымыз биылғы жолдауында халық табысының өсуі мен тұрмыс сапасын арттыруды басты назарға алып отыр. Бұған себеп, әлемдегі орын алып жатқан өзгерістер мен жаһандық қауіпсіздік және халықаралық сауда ережелерінің бұзылуы болып отырғанын да тілге тиек етті. Сонымен қатар, «Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отыр.  Үкімет, әрбір мемлекеттік органның, мемлекеттік компанияның жұмыс тәсілдерін өзгертуі қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі  басты басымдыққа айналуға тиіс.» екендігін де атап өтті.

        Жолдауда көрсетілгендей халық табысының, төменгі жалақының 18 мыңнан 45 мыңға яғни 1,5 пайызға өсуі, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 2025 жылғы дейін жалғаса отырып, алдағы 3 жылдың ішінде көлемі 30 миллиард теңгені құрайтын 22 мың жаңа жұмыс орнының ашылатындығы жоспарланып отырғаны халқымыз үшін тиімді болмақ.

        Сонымен қатар, инновациялық орталықтардың ашылуының жоспарда бар екендігі де, мемлекетіміздің алға қарай жылжуына септігін тигізеді. Елбасы құқық қоғау органдары мен сот жүйесін де назарға ала отырып, тиісті міндеттерді жүктеді. Ал, жемқорлықпен күрес мәселесі әр жолдауда сөз болатындығы қалыпты жағдайға айналғандай!

...

Скачать:   txt (8.3 Kb)   pdf (52 Kb)   docx (12.4 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club